Шайық пен анасы Қарашаш туралы айтыңыз


Әулие Құмшық ата туралы не білесіз?



бет8/10
Дата14.03.2023
өлшемі53,71 Kb.
#74158
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Документ Microsoft Word

36


Әулие Құмшық ата туралы не білесіз?


Күйген қыштан қаланған сәулеттік құрылыс Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстік аймақтарына тән. Координаттары: 43˚17.421΄, 068˚16.523΄. Теңіз деңгейінен биіктігі 228 м.


Діни-рухани ескерткіштер – еліміздің тарихындағы ғасырлар қойнауындағы жұмбағы мол жәдігерлер. Қазақстанның оңтүстік аймақтарында қылуеттердің салына бастауы Х-ХІІ ғасырларда басталған. Соның бірі, ХІІ-ХІХғғ аралығына жататын, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты Әулие Құмшық ата қылуеті. Халық арасында аңыздар мен әңгімелерге қарағанда Әулие Құмшық Ясауи бабамыз өзінің ұстазы ретінде жоғары бағалаған. Ясауи бабамыз да Құмшық ата секілді қатаң аскеттік дәрежені ұстанып, жер асты қылуетінде қалған өмірін Аллаға құлшылық жасаумен өткізген. ұмшық ата жер асты қылуеті Қожа Ахмет Ясауидің кесенесінен оңтүстік-шығысқа қарай 1 шақырым қашықтықта орналасқан. Биіктігі 3,4 метр, ұзындығы 15,7 метр, күмбезді бөлмесінің ені 3,5 метр. Бұл ғұрыптық құрылыстың басында тіктөртбұрышты ойық орналасқан. Ойық кылуетке кіретін есік қызметін атқарып, иректелген тар дәлізбен жалғасады. Дәліз шеңбер пішінді бөлмеге алып барады және ол қылуеттің негізгі бөлмесі болып табылады. Осы негізгі шеңбер пішінді бөлме төрт бұрышты соңғы бөлмемен аяқталады. Шеңбер пішінді бөлменің төбесі күмбезделіп, ал төрт бұрышты бөлме шатыр тәрізді жабылған. Бөлмелердің қабырғаларында майшамдар үшін кішкентай қуыстар жасалған. Дәлізі иілген түрде негізгі бөлмелер сияқты, күйдірілген кірпіштен қаланған. Дәліздің орта тұсында жарық түсірілуге арналған құдық пішінді ойық орналасқан.











37

Әлқожа ата кесенесі туралы айтыңыз

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен шығысқа қарай 2,5 шақырым жерде Ә.Тұтқабаев көшесінің бойында орналасқан. Қабірхана, жамағатхана және бастырмадан тұратын ескерткіш күйген кірпіштен қаланған. Бұл бөлмелер күмбезделіп жабылып, төрт жағынан терезе ойықтары орнатылған. Бастырмасы айнала төрт қырланып кірпіштен өрілген.


1997-1999 жылдар аралығында өзінің сәулеттік ерекшеліктері толық сақталып, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген. Ел аузындағы аңыз-әпсаналарда Әлқожа атаның Қожа Ахмет Ясауидің күйеу баласы, яғни Гауһар ананың күйеуі болғандығы айтылады. Сондай аңыздардың бірінде кезінде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ең жақын досы, сенімді серігі, ізбасары, ислам дінінің ең ардақты тұлғаларының бірі — Әбу Бәкір Сыддық деген кісі болған. Халық Әбу Бәкірді «Сыддық» деп атаған. Әбу Бәкірдің ұрпағы Әбуләйіс қожаның екі ұлы болған екен. Олардың бірі – Жақып қожа, екіншісі — Әбдімәлік қожа. Самарқандта білім алған ағайынды Жақып пен Әбдімәлік Түркістан қаласына келгеннен кейін ағасы Сыр бойының төменгі жағына қарай бет алып, Өзген қаласына қоныстанған. Ал, Әбдімәлік ата Түркістанда қалады. Әбдімәлік ата Қожа Ахмет Ясауи медресесінде қызмет еткен, Қожа Ахмет Ясауимен бірге қажылыққа барған екен. Өз кезеңінде Әбдімәлік ата Түркістан өңірінде ірі тұлға саналған. Оның ислам діні үшін сіңірген еңбегін Ахмет Ясауи де өте жоғары бағалаған. Онымен құда болып, Әбдімәліктің баласы Әлиқожаға (Әлқожа) қызы Гауһарды қосқан. Әлқожа Ата Қожа Ахмет Ясауидің сүйікті шәкіртінің бірі болған екен. Оның бойында емшілік қасиет болған деседі. Айтылған аңыздарға сенсек, сол заманда кесененің жоғарғы жағында орналасқан көктастан су тамшылайды екен. Сол су төменде орналасқан екінші көктастың үстіне тамшылап тұратын болыпты. Соған жиналған суды адамдар келіп еңкейіп ішкен екен. Себебі оның өзіндік емдік қасиеттері болған көрінеді. Көктастың жоғарғы жағында кесе тәріздес ойық бар. Ел арасында соның ішіне жиналған суын ішкен адам бүкіл дертінен айығып кетеді деген пікір қалыптасқан. Бүгінде Әлқожа ата кесенесі қайта жөндеуден өткен. Ал, көктас қазіргі таңда кесене алдына шығарылған. Ал кесене төбесінен су ташылап тұратын көктастың қайда екендігі белгісіз. Жаугершілік замандарда кесене қирап, көктас жоғалып кетіпті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет