Шакиров К. Н., Тапалова Р. Б. Мергембаева Н. Б. «Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»



Pdf көрінісі
бет121/137
Дата15.11.2023
өлшемі1,85 Mb.
#123083
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   137
18.4. Контрафактілі өнімдерді зерттеу 
Сыртқы экономикалық қызметтің кеңеюіне және атақты фирмалардың 
тауарларын жалған жасауға қатысты сәйкес тауарлық сараптамаларды 
жүргізудің қажеттілігі туындайды. 
Аталған сараптамалардың объектілері: 

азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарлар және виртуалды 
ақпарат тасушылары (аудио, бейнекассеталар, дисктер) олардың 
бөлшектері; 

тауарлардың қорабы мен олар туралы ақпарат тасушылары, олар келесі 
түрлерге бөлінеді: тауар мен қораптың реквизиттері, тауар мен 
қораптың материалдары, техникалық құралдар, тауар мен қорапқа 
жазылатын реквизиттер. 
Тауар мен қораптың реквизиттері: 
дизайні, қораптың футляры мен 
қосымша беті (авторлық және сабақтас құқықты қорғаудың белгілері), 
тауарлық белгі, географиялық жабыстырғыштар фирманың логотипі мен 
жеке штрих коды т.с.с. 
Тауар мен қораптың материалы: 
бұйымның материалы, қорап пен 
қосымша беттің футляры (қағаз, картон, желім; бояғыш өзге де 
географиялық жабыстырғыштардың материалдары, дизайн мен басу 
мәтіндерін жазудың бояулары). 
Техникалық құралдар: 
акциз маркілерін, қосымша беттерді, штрих-
кодтарды, этикеткаларды, құлақшаны (ярлык) дайындау үшін қажетті 
құралдар. Сол сияқты, лицензиялық өнімдерді, контрафактілі өнімдерді 
дубликаттарды тираждау үшін қолданылатын техникалық құралдар. 
Сараптаманың міндеттері
: идентификациялық емес (диагностикалық 
және классификациялық) болып жіктелінеді: 

өнімнің жасалу жағдайын анықтау, жазу тасушысын рәсімдеу 
(реквизиттердің 
мазмұны, 
қолданылған 
материалдардың 
құрылымдық, түрлік ерекшеліктерін анықтау, құқық иеленушінің 
құқықтарын қорғайтын белгісі мен құралы), қорғау құралын 
енгізудің көрінісі мен дайындалуы; 

шығармашылық жазу тасушысында маркиравка белгісінің бар 
жоғын анықтау; 


140 

тасушыда шығармашылық жазбаны дайындау жағдайы мен оның 
сипаттамасы (аналогтық немесе сандық жазба ма, түннұсқа немесе 
көшірмесі ме, жазбаның сапасы, форматы т.с.с.). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет