Шакиров К. Н., Тапалова Р. Б. Мергембаева Н. Б. «Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»



Pdf көрінісі
бет43/137
Дата15.11.2023
өлшемі1,85 Mb.
#123083
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   137
Байланысты:
Шакиров К.Н.ҚР Сот сараптамасы

құқықтық негізі
деп атауға болады. 
Сарапшының қорытындысын бағалау кезінде – оның процессуалдық
ұйымдастырушылық, әдістемелік, логикалық т.с.с. жағдайларының маңызы 
зор. Олар тергеуші мен сотқа сарапшының алдына қойылған сұрақтар
оларды шешу үшін қолданылатын арнайы білімнің, сол сияқты сарапшы 
қорытындысының қатыстылығын, жол берушілігі мен негізділігі туралы 
сұрақтарды шешу үшін оның мәнін түсінуге жол береді.
Мәселен, сот сараптамасының процессуалды-ұйымдастырушылық 
қорытындыда орын алатын және бағаланатын элементтеріне жатады:
Сараптаманы өткізудің уақыты. 
 
Аталған элементтің маңызы тек сараптма жүргізудің мерзімін анықтау 
үшін ғана емес, сол сияқты сараптама қылмыстық іс қозғалғанға дейін ба 
немесе кейін жүргізілді ма деген сұрақтарды шешу үшін де қажет. Бірінші 
жағдайда сараптаманы қылмыстық іс қозғағанға дейін тағайындаудың 
негіздерін анықтау және соған сәйкес қатысушылардың құқықтарын сақтау 
мәселелеріне бағалау. 
Сараптаманы жүргізудің орны.


57 
Заң бойынша сот сараптамасы сараптамалық мекемелерде, сол сияқты 
сараптама органынан тыс жерлерде жүргізіледі. Аталған жағдай сарапшының 
қорытындысын бағалағанда ескерілуі керек, өйткені заң бойынша, 
сараптаманы тағайындау туралы қаулыны ұсынған кезде сарапшының 
құқықтары мен міндеттері және жауапкершілігі түсіндіріледі (Сот сараптама 
органынан тыс жерде жүргізілсе). 
Сарапшы туралы мағлұмат – 
(аты-жөні, білімі, мамандығы бойынша 
жұмыс стажы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, лауазымы).
Көрсетілген элементтермен танысу сарапшының құзыреттілігі туралы 
деректерді бағалауға мүмкіндік береді, яғни оның арнайы білімінің бар 
жоғын анықтауға бағытталған. Аталған сұрақтар сараптаманы тағайындау 
кезінен басталады, бірақ оны талқылаудан тергеуші мен сотты сарапшының 
қорытындысын алған соң босатады. Сарапшының кәсіби құзыреттілігін 
бағалау тек олардың анкеталық деректерін танысумен шектелмейді, сол 
сияқты сараптамамен анықталған мән-жайларды тереңірек зерттеумен,
сарапшының зерттеу кезінде қолданылған әдістерін, алынған нәтижелердің 
негізділігін де анықтаумен айналысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет