102
жәбірленушінің киімінде боялған қабаттар, полимер материалдарының,
шыны қалдықтарының қалуы мүмкін.
Аталған істер бойынша сараптаманың тиімділігі көп жағдайда зерттеу
үшін дайындалған материалдарға қатысты. Зерттеу дұрыс жүргізілуі үшін,
заттай дәлелдемелер сараптамаға табылған күйінде жіберілуі керек. Заттай
дәлелдемерді алу кезінде келесі талаптар сақталуы қажет:
-
оқиға болған жерде табылған боялған қабаттардың бөлшектері
арнайы картоннан, шыныдан жасалған ыдысқа салынуы керек,
(тасымалдау кезінде қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуі);
-
әр бір зат, үлгі жеке буып-түйіледі және жеке-жеке қолмен,
мөрмен бекітіледі;
-
ылғалды объект-тасушылары алдын-ала бөлме температурасында
кептіріледі;
-
буылу үшін заттай дәлелдемелерді кірлетпейтін материалдар
қолданылуы қажет (полиэтилендік пленка, таза оралым қағазы).
Бояу заттардың бар болуы мүмкін деген заттай дәлелдемелер
микробөлшектерді алу мақсатында ең алдымен зерттеледі, содан кейін басқа
сараптамаларға жіберіледі.
Достарыңызбен бөлісу: