Шакиров К. Н., Тапалова Р. Б. Мергембаева Н. Б. «Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»


 Есірткі және психотроптық заттар мен прекурсорлардың



Pdf көрінісі
бет90/137
Дата15.11.2023
өлшемі1,85 Mb.
#123083
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   137
 
14.3. Есірткі және психотроптық заттар мен прекурсорлардың
сот сараптамасы 
Аталған сараптаманың 
объектілері 
есірткі құралдары және 
психотропты заттар мен прекурсорлар болып табылады.
Мұндай объектілер келесі күйде болуы мүмкін:
-
өсімдік немесе конопля, мак, эфедра өсімдігінің ұнтақталған бөлігі 
ретінде, конопля өсімдігінен (марихуана, гашиш, смола, 
каннабиса, опиум т.с.с.) алынып, қолмен жасалуы мүмкін; 
-
заңсыз синтетикалық және жартылай синтетикалық (героин, 
амфетамин және оның туындылары); 
-
қолдан жасалған (героиннің, эфедронның, опияның сұйықтығы); 
-
зауыттық әдіспен дайындалған дәрі-дәрмектер немесе құрамында 
есірткі, психотроп заттары бар дәріханалық жүйеде дайындалған 
дәрі-дәрмектер; 
-
есірткі құралдары не психотроп заттардың аналогтары; 
-
дайындау, сақтау, тасымалдау кезіндегі әр түрлі объект-
тасушылардағы есірткі құралдары не психотроп заттардың 
микроқабаттары; 
-
құрамында есірткі құралдары не психотроп заттардың болуы 
мүмкін деген табиғаты анықталмаған заттар. 
Сол сияқты, объекті ретінде есірткі құралдары не психотроп заттарды 
дайындаған құрал-саймандар, аталған объектілердің өсу жері бола алады.
Есірткі құралдары және психотроп заттар мен прекурсорлардың сот 
сараптамасының
пәні 
Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және 
олардың заңсыз айналымы
мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл 
шаралары туралы Қазақстан
Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi № 
279-1 Заңына сәйкес, тыйым салынған заттарды таратуға, дайындауға 
қатысты фактілі деректерді анықтау. Аталған заттарға сәйкес сот 
сараптамасы есірткі құралдарының, психотроп заттардың, прескурсолардың 
контрабандасы, оларды заңсыз тарату, дайындау, кісі өлтіру, денеге зақым 
келтіру, зорлау, жол-көлік оқиғасына және өзге де фактілер бойынша 
тағайындалады. Сол сияқты, аталған сараптама әкімшілік, азаматтық сот 
өндірістерінде де қаралады. Есірткі құралдары және психотроп заттар мен 
прекурсорлардың 
зерттеулері 
сот-биологиялық, 
фармацевтикалық, 
токсикологиялық, сот-медициналық сараптамалардың шеңберлерінде де 
жүргізіледі.
Сот-биологиялық сараптаманың 
пәні 
өсімдіктерді зерттеуге қатысты 
мән-жайлар болып табылады. Сонымен қатар, аталған өсімдіктер өз 
құрамында 
галлюциногендік, 
депрессивті 
заттардың 
бар 
болуын 
қарастырады. Оларды жіктеу үшін ботаника ғылымына сай, өсімдіктердің 


106 
уақытша сипаттамалары анықталады (жинау мерзімі, вегетация фазасы 
т.с.с.). 
Фармацевтикалық сот сараптамасының 
пәні 
фармпрепараттарға 
қатысты мән-жайларды анықтау болып табылады. Сонымен қатар, олардың 
құрамына жоғарыда аталған Заңның тізіміндегі препараттардың және 
олардың ҚР Мемлекеттік фармакопеясына және өзге де нормативті 
актілердің талаптарына сай болуы анықталады.
Токсикологиялық және сот-медициналық сараптамалардың 
пәні
адамның денсаулығына улы заттардың, сол сияқты, есірткі құралдары мен 
психотроптық заттардың және прекусорлардың әсер етуіне қатысты мән-
жайлардың анықталуы жатады.
Есірткі құралдары және психотропты заттар мен прекурсорлардың сот 
сараптамасының міндеттері келесі топтарға бөлінеді, олар: 

белгісіз заттың табиғатын анықтау және оның «Есiрткi, психотроптық заттар, 
прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы
мен терiс пайдаланылуына 
қарсы iс-қимыл шаралары туралы Қазақстан
Республикасының 1998 жылғы 
10 шiлдедегi № 279-1 Заңының 1,2,3, Кестесінде көрсетілген заттарға 
жатқызылуын анықтау; 

есірткі құралдары және психотроп заттар мен прекурсорлардың іздерін 
объект-тасушыда бар жоғын анықтау; 

есірткі құралдары және психотроп заттар мен прекурсорлардың дайындалу 
әдісін анықтау; 

салыстырылып отырған объектілердің (есірткі құралдары және психотроп 
заттар мен прекурсорлардың) бір массаға, бір көлемге, шығу тегіне, 
сақталуына, дайындалу технологисына қатысты қайнар көздерінің ортақ 
болуын анықтау; 
Есірткі құралдары және психотроп заттар мен прекурсорлардың сот 
сараптамасының идентификациялық емес міндеттерін шешу үшін келесі 
сұрақтар сарапшы алдына қойылады: 

аталған зат есірткі құралдарына және психотроп заттар мен прекурсорларға 
жатады ма ? 

аталған зат есірткі құралдарының және психотроп заттар мен 
прекурсорлардың қай түріне, тобына жатады ? 

зерттеуге ұсынылған есірткі құралдарының және психотроп заттар мен 
прекурсорлардың мөлшері; 

объект-тасушаларда есірткі құралдарының және психотроп заттар мен 
прекурсорлардың іздері бар ма ?, болса қандай ? 

зерттеуге ұсынылған өсімдіктер есірткілік болып табыла ма ? 

нақты есірткі құралдарының және психотроп заттар мен прекурсорлардың 
дайындалу әдісі; 

зерттеуге ұсынылған темекі бұйымдарының құрамында есірткі заттары бар 
ма ?, болса нақты қандай ? 

есірткі құралдарының немесе психотроп заттардың көлемі қандай ? 


107 

құрамында есірткі құралдар немесе психотроп заттар бар дәрі-дәрмек 
маркировкалық мән-жайларға сай келе ма ? 

зерттеуге ұсынылған дәрі-дәрмектің арнайы қолданылуы және дозировкасы 
қандай ? 

есірткі құралдардың немесе психотроп заттардың дайындалу технологиясы 
қандай ? 

нақты құрал есірткі құралдарын немесе психотроп заттарды дайындау үшін 
қолданылды ма ? 

вегетацияның қай мерзімінде аталған құрамында есірткі құралдары бар 
өсімдіктің жиналуы орын алды ? 

жабайы сора (конопля) өсімдігі қандай табиғи-климат зонасында өскен ? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет