119
ЖКО сай көлік құралдарының бір-біріне қатысты қауіпсіз ара
қашықтығы қандай ? т.с.с.
Көлік қатты жылдамдықпен келе жатып жүргіншіні басып кетудің
себебін анықтау үшін келесі сұрақтар қойылады:
іс
материалдарында
көрсетілген
жылдамдық
бойынша,
жүргіншіні қағып кетпеуге көлік жүргізушісінің техникалық
мүмкіндігі болды ма ?
жүргізушінің көлікті жүргіншіні басып кеткен жерге дейін
жеткізбей (өзге де жағдайларға сәйкес) көлікті тоқтатуға
техникалық мүмкіндігі болды ма ?
жүргізуші нақты жағдайда жол жүру ережелерінің талаптарына
сәйкес, көлікті тоқтатуға техникалық мүмкіндік туғызу үшін
және жүргіншіні қағып кетпеу үшін қандай әрекеттер жасау
керек болды ?
Аталған сұрақтарды шешу, сарапшыға көлік құралының жылдамдығы
мен одан пайда болған салдардың себебін анықтауға мүмкіндік береді.
Сот және тергеу тәжірибесінде сарапшылардың жүргізушінің
әрекеттері мен ЖКО салдарына қатысты қорытындылары алуан-түрлі
талқыланады. Аталған қорытындылар қылмыстың құрамын анықтауға
мүмкіндік береді. Сарапшылардың көлік жүргізушісінің әрекеттерін, көлік
құралының техникалық жағдайларын анықтау, КҚ аударылуы, соғылуы т.с.с.
жағдайлардың себепті салдарының анықталуы туралы қорытындылары
қылмыстың құрамын белгілеуге әсер етеді.
Тергеуші (сот) және сарапшылар үшін, көлік жүргізушісінің қауіпті
жағдайдың алдын-ала білуі туралы фактілерді анықтау күрделі. Мұндай
жағдайларды анықтау ол тұлғаның субъективті психофизиологиялық
ерекшеліктеріне қатысты болады. Аталған факторларды анықтау үшін
психофизиологиялық сараптамалар тағайындалуы қажет.
Көлік жүргізушісінің нақты ЖКО болдырмауға мүмкіндігін анықтау
үшін Жол жүру ережесінің талаптарына сай белгілі уақыт мерзімінің ішінде
жүргізуші белгілі әрекеттерді жасай алды ма деген жағдайды анықтау қажет.
Аталған сұрақты анықтау барысында жүргізуші ЖКО болдырмауға
қатысты әрекеттерді қанша уақыт мерзімінде жасауымен қатар, оның сол
қауіптілікке қатысты реакциясының және өзге де субъективті мазмұндағы
жағдайлардың туындауын ұмытпауы керек.
Мамандардың пікірінше, автотехник-сарапшысы тек қауіптіліктің
туындаған уақыты мен көлік жүргізушісінің қауіп туындаған сәттен
болдырмауға мүмкіндігі болды ма, жоқ па, соны анықтайды. Себеп-
салдарына қатысты сұрақтар техникалық мазмұны жағынан, сот пен тергеу
органдарының құзыреттілігіне және себеп-салдардың қылмыстық-құқықтық
ұғымына араласпай шешіледі
Достарыңызбен бөлісу: