Шамахай С. 1, Есім Ғ



Pdf көрінісі
бет4/9
Дата07.01.2022
өлшемі0,75 Mb.
#19189
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
697-1-1345-1-10-20181107

Ключевые слова: Чингиз хан, тенгрианство, шаманизм, «Вечное Небо», религия, толерантность. 

Кіріспе

«ХІІІ-ХІХ  ғасыр  аралығында  Шыңғыс 

ханның  өмірбаяны  мен  билігі  туралы  көне 

көптеген  шежірелер  жазылды.  Көне  моңғол 

тілінде жазылғандарын атап айтсақ, «Моңғолдың 

құпия  шежіресі»,  Алтан  товч»  (Лувсанданзан, 

2015),  «Алтын  дəптер»  (Рашид  ад-Дин,  1952) 

«Көк дəптер», «Шар туджи», «Хадын Үндэсний 

хураангуй  Алтан  товч»  («Хандардың  қысқаша 

алтын шежіресі»), «Арван Буянт номын Цагаан 

түүх»  (Ақ  сөйлеген  тарих»),  «Чингис  эзний 

Алтан  ургийн  түүх  Гангийн  урсгал»  («Әмір 

Шыңғыстың алтын ұрпағының тарихы «Құрыш 

ағысы»),  «Дай  Юан  улсын  Болор  эрх»  (Ұлы 

Юань мемлекетінің маржандары), «Алтан эрих» 

(Алтын  сүзу),  «Болор  толь»  («Жарқын  жазу»), 

«Боржығын  тайпасының  тарихы»  т.б.  болып 

табылады (Қинаятұлы, 2008). 

Орта  Азия  мемлекеттерінің  тарихы  туралы 

жазылған əлемге əйгілі құнды еңбектерге Рашид 

ад  диннің  «Жамиғат  ат  тауарихы»  (Рашид  ад 

дин,  1952),  Өтеміс-қажының  «Шыңғыснамесі» 

(Өтеміс-қажы, 2006), Бабырдың «Бабырнамасы» 

(Бабыр,  2006.),  Құрбанғали  Халидтің  «Тауарих 

хамсасы»  (Құрбанғали  Халид,  2006),  Әбілғазы 

ханның «Түрік шежіресі» (Әбілғазы, 2006), т.б. 

жатады. 

Әбілғазы  Бахадүр  осы  «Түрік  шежіресін» 

жазуды  бастаған  шақта,  Шыңғысхан  тура-

лы  «Жамиғат  ат  тауарихтан»  басқа  он  жеті 

шығарманың  болғанын  айтады.  (30  бет).  Бұл 

ескертпеден сол кездің өзінде Шыңғыс хан тура-

лы біршама еңбектер жазылғанын байқауымызға 

болады.  Оған  қоса,  қазақстандық  тарихшы 

В.П.  Юдин Өтеміс қажының «Шыңғыснамасын» 

атауға  болады  (Юдин  1992:15).  Ал  əдеби  сала 

бойынша да Шыңғыс хан бейнесін əр қырынан 

сомдаған көптеген романдар мен повестер, поэ-

малар, трилогиялар жазылған. 

Ал Шыңғыс ханның көзі тірісінде кездесіп, 

жүздескен  жəне  ол  туралы  естеліктер  жазып 

қалдырған  саяхатшылар,  елшілердің  еңбектері 

бір  төбе  деуге  болады.  Мысалы,  1219  жылы 

Қытай  билігінің  Сун  империясынан  жіберілген 

елші  Мэн  Хунның  «Моңғол-татарлар  тура-

лы  жазбасы»,  Шыңғыс  ханның  шақыртуымен 

Оңтүстік  1220-1224  жылдар  аралығында  Бе-

жиннен  жеткен  даостық  монах  Чан  Чунның 

«Батыс  əлеміне  саяхат  жазбасы»,  1218  жылы 

Шыңғыс  ханның  кеңесшісі  болған  Елуй  Чуцай 

мырзаның «Батысқа саяхат туралы жазба» атты 

шығармасы,  1233  жəне  1235-1236  жылдары 

екі  мəрте  Қытайдың  Оңтүстік  Сун  сарайынан 

дипломатиялық  қатынас  үшін  жіберілген  Пэн 

Дай  мен  Сюй  Тин  қызметкерлерінің  «Қара  та-



Хабаршы. Философия, мəдениеттану, саясаттану сериясы. №3 (65). 2018

56

Шыңғысхан: тəңірлік сенім мен толеранттылық



тарлар туралы қысқаша мəлімет» атты жазбасын 

атауға болады (Оловинцов, 2013). 

Ал 1246-1247 жылдары Батыс елінен моңғол 

ханына  алғаш  болып  келген  монах  Джовани 

дель  Плано  Карпинидің  «Біз  татар  деп  атаған 

моңғолдар  тарихы»  жазбасы,  1253-1255  жыл-

дар аралығында патша ІХ Людовиктің жіберген 

елшісі Гильом де Рубруктың «Шығыс елдеріне 

саяхат» жазбасы, 1271-1295 жылдар аралығында 

венециялық  көпес  Марко  Полоның  «Әлем 

ғажайыптары кітабы» деген шығармасы бар. 

ХІІІ  ғасырда  жазылған  шығыстық  жəне 

батыстық  жазбаларының  қай  қайсында  да 

моңғолдардың  негізгі  сенімі  Мəңгі  Аспан 

(Тəңірі) болғаны дəлелденеді. 

  Моңғолдар  ежелден  «Тəңірдің  қаһарына 

ұшырау»,  «жын-перінің  зияны  тию»,  «жаман 

ырым»  деген  сөздерді  жамандық,  кесапаттан 

қорыққандықтан айтқан. Алайда, моңғолдардың 

жамандық  жасамай,  сауап  жинауға  талпынысы 

тек  құдайлық  іліммен  байланысты  туындаған 

екен.  Шыңғыс  ханның  шақыртуымен  келген 

Әулие Чан Чун моңғолдарға тек «жақсы іс жа-

сап,  сауап  жинауды»  тапсырған.  (Ганбаатар, 

2010). 

«Әулие Чан Чун бомбының «Батыс əлеміне 

саяхаты  туралы  жазбасы»  деген  шығармасы 

XIII  ғасыр  Моңғол  тарихына  қатысты  құнды 

деректердің  ірі  қайнар  көзі  болып  табылады. 

Моңғолдар  ежелден  Бомбы  салты,  ережесі  деп 

атап  келген  даосизм  көсемі  Әулие  Чан  Чун 

(бомбы) Шыңғыс ханның арнайы шақыртуымен 

1220-1223 жылдар аралығында қазіргі Қытайдың 

Шаньдун  ауданынан  Моңғолия,  Қазақстан, 

Қырғызстан  мекендерін  басып  өтіп,  Ауғанстан 

жері  Гиндугуш  алқабына  дейін  мыңдаған 

шақырым  жол  жүріп,  Ұлы  Қағанға  жолыққан 

тарихи  оқиға  осыдан  сегіз  жүздей  жыл  бұрын 

болған екен.

Шыңғысханның  жарлық,  ниет,  тілегімен 

орын алған бұл оқиға тек ғана бұл екі адамның 

жеке  мəселесі  емес  еді,  сол  кездегі  дүниежүзі 

тарихына  белгілі  дəрежеде  ықпалын  тигізген 

еді.  Бұл  кездесуден  Шыңғыс  хан  Әулие  Чан-

чунь  бомбыдан  ұлы  империяны  басқару  ілімі, 

тəртібі  туралы  тыңдап,  сонымен  қатар  денені 

сауықтыру  мəдениеті,  емдеу  жайлы  шығыс 

іліміне қаныққан екен. 

Бұл шығарма моңғол жерінде болған атақты 

саяхатшылар  Марко  Поло,  Плано  Карпини, 

Вильгельм Рубруктардың жол жазбаларына тең 

келерлік тарихи құнды еңбек. Бұл еңбекті қытай 

тілінен моңғол ғалымдары Я. Ганбаатар, Ц.  Ган-

баатар  аударып,  көшшілікке  ұсынған  (Ганба-

атар,  2010).  Сонымен  қатар,  олар  бұл  кітапқа 

Шыңғыс ханның тоғыз уəзірінің бірі Жүршіттің 

Чу Мергені аталған Елуй Чуцайдың жол жазба-

сын да қоса енгізген екен. 

Атақты  саяхатшы  Марко  Поло:  «Шыңғыс 

ханның  кезінде  моңғолдар  «Адам  бұл  өмірде 

сауапты  іс  жасап,  өзгелер  үшін  шынайы  ниет-

пен  өмір  сүрген  болса,  өлген  соң  оның  жаны 

нұрланып,  құдайдың  шапағатына  бөленеді,  ал 

егер, өмірде жамандық көп жасаса, онда жаны на-

шарлай түседі де, ақыры жын-періге айналады» 

деген  құдайдың  өсиеті  бойынша  өмір  сүреді» 

–  деп  (Бүрэнжаргал,  2012)  жазған.  Жоғарыда 

аталған  тарихи  жазбалардан  Шыңғыс  ханның 

діні туралы сан түрлі мəліметтерді кездестіруге 

болады. 


Осыған дейін Шыңғыс ханның өмірі, билігі 

туралы  тарих,  тіл,  əдебиеттану,  əскери  істер, 

этнография  тұрғысынан  зерттеулер  жасал-

са  да,  əсіресе,  отандық  ғалымдар  арасында 

Шыңғысханның  діні  мен  оның  діни  толерант-

тылығы  туралы  іргелі  зерттеулер  жоқтың 

қасы болып отыр. Сондықтан да осы мəселені 

мəдени-философиялық  тұрғыдан  зерттеудің 

маңызы зор. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет