Хабаршы.
Философия, мəдениеттану, саясаттану сериясы. №3 (65). 2018
64
Шыңғысхан: тəңірлік сенім мен толеранттылық
идеясы мен əділеттілікті ең жоғарғы құндылық
ретінде бағалауы жатыр.
Сонымен қатар Шыңғысхан діни толерант-
ты қатынастың маңыздылығын өзінің «Жаса»
заңында бекітіп, кейінгі ұрпаққа заңды түрде
сақтайтын дəстүрге айналдырды. Бұл заңның
қандай деңгейде жалғасын тауып, орындалғанын
ханның кенже ұлы Толуйдың жары, атақты қоғам
қайраткері Сорқақтани бегімнің мұсылмандарға
арнап діни медресе ашып беруінен жəне Сая-
хаткер Рубрук естелігіндегі дерек бойынша
ханның немересі Мөңке ханның үнемі барша дін
өкілдерін өз ордасына жинап, тұрақты əңгіме-
дүкен құрып, ас беріп сыйлайтын əдетінен
көруге болады.
Шыңғыс хан тұжырымдамасы бойынша
моңғол ханы «Күн шығыстан күн батысқа дейінгі
аспан астындағы барша елді басқаруға тиіс». Иə,
Шыңғыс хан өзінің Аспан (Тəңір) көзқарасын
қалыптастырып, нəтижесін көре алды. Ол
«Күн шыққан тұстан күн батқан» тұсқа дейінгі
Мəңгі Аспан астындағы барша халықты ашса
алақанына, жұмса жұдырығына ұстай алды.
1995 жылы ЮНЕСКО тарапынан 16 қараша
Халықаралық толеранттылық күні деп жари-
яланды. Ал 1996 жылы БҰҰ Бас ассамблеясы
БҰҰ-ға мүше елдерге əр жыл сайын 16 қарашаны
Халықаралық толерантылық күні ретінде атап
өтуді ұсынды. Сөйтіп халықаралық қауымдастық
толеранттылықты қазіргі заманғы адамзат
болмысының іргелі тұғырнамасы ретінде мой-
ындады. Шыңғыс заманында маңызды болған
толеранттылық пен діни зайырлылықтың қазіргі
жаһандану заманындағы маңызы одан сайын
арта түсті. Өйткені түрлі мəдениеттер мен діни
конфессиялар өкілдерінің қалыпты өмір сүруі
мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өркениетті
даму – мемлекеттің негізгі міндеті болып табыла-
ды. Осы тұрғыдан алып қарасақ, Шыңғысханды
адамзат тарихындағы діни толеранттылық пен
зайырлылықты парасатты жолмен ұстана білген
алғашқы көшбасшы деп бағалауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: