Тақырып бойынша мысалдарды, жаттығуларды, есептерді, ситуацияларды және т.б. тапсырмаларды орындау:
1-есеп. Игілік нарығында монополист және фактор нарығында бәсекелес болып табылатын фирма технология бойынша өнім шығарады:
Q = 2 × L.
Фактор бағасы 8 ақша бірлігі. Монополисттің өнімге сұраныс функциясы:
Qd = 12 – Р.
Сатып алынатын фактордың санын, өнім шығару көлемін және өнім бағасын, монополия пайдасының өсуін анықтау.
Есептің шығарылуы:
Өндіріс факторын сатып алу кезінде пайданы өсірудің жалпы шарты.
Еңбек нарығындағы фирма өнімді өндіре отырып, дайын өнімді сата алса, барынша пайданы өсіру үшін фирма қызметкерлердің санын көбірек жалдауы тиіс, оның орындалуы төмендегідей :
MRPL = MICL
мұнда:
MRPL – еңбектің шекті табысы,
МICL – өндіріс факторындағы (еңбек) шекті шығындары
MRPL = MR × MPL
мұнда:
MR – шекті түсім
MPL – еңбектің шекті өнімі.
Еңбек нарығында монополист фирмасы бәсекеге қабілетті болып келеді.
Еңбек нарығында фирманың шығындары еңбек жалақысы ставкасына тең:
MIC = ω,
мұнда:
ω – жалақының ставкасы
Осылайша, өндіріс факторын сатып алу кезінде пайданың өсу шарттарының түрі былай болады:
MR × MPL = ω
Жалпы түсімнен түскен шекті түсімді табамыз:
MR = TR’ = (P×Q)’ = (12 × Q – Q2)’=12 – 2 × Q
мұнда:
Р = 12 – Q – сұраныстың кері функциясы;
Q = 2 × L шарты бойынша, демек, MR = 12 - 4 × L
Шекті еңбек өнімділігін табамыз:
Пайданы барынша көбейту шартын қолданамыз және сатып алынатын фактордың санын табамыз :
(12 – 4 × L) × 2 = 8
L = 2
Сонда өнім шығару көлемі: Q = 4.
Өнімнің бағасын сұраныстың кері функциясынан табамыз:
Р = 12 – Q =12 – 4 = 8
-есеп. Егер тауардың нарықтық бағасы 8 доллар болса, онда фирма өнім өндірудің қандай көлемін таңдайды және қандай пайда алады?
Қысқа мерзімдегі бәсекелі фирманың жалпы шығындарының функциясы төмендегідей көрсетілген:
Достарыңызбен бөлісу: |