Шараларға қатысты ұлттық мәдениеттің қайта ӛркендеуіне кеңінен жол ашылды. Оған елбасы Н.Ә


НАҚТЫЛЫ БЕЙНЕ АРҚЫЛЫ СУРЕТ САЛУДЫҢ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ



Pdf көрінісі
бет2/29
Дата03.03.2017
өлшемі2,73 Mb.
#6786
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29

НАҚТЫЛЫ БЕЙНЕ АРҚЫЛЫ СУРЕТ САЛУДЫҢ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ 
  
Адамқұлов Н.М. – доцент, п.ғ.к. (Алматы қ-сы, Абай атындағы Қазақ ҰПУ), 
 
Кӛркем  бейнелеу  ӛнерінде  шындықты  айқындау,  айнадай  кӛшіру  емес.  Ӛйткені 
табиғаттың    тылсым  сырын  фотографиялық  аппараттай  жеткізу  суретшінің 
құзырылығына  енбейді.  Ӛмірді  суреттеу  кезінде,  суретші  қоршаған  ортаны  жай  ғана 
кӛшірмейді.  Ӛнердегі  шындық  –  адам  айқындайтын  нақты  жағдай,  шындықтың  ӛзі 
емес,  ол  жалпылама  нақтылы  болжамы.  Шындықты  шынайы  суреттеуде  суретші 
кӛзқарасының  ерекшелігі,  оның  ӛнерге  деген  қаситеті,  талғамдағы  маңызы  зор. 
Сонымен  қатар  ӛмірге  терең  ену,  табиғаттың  тылсым  ӛмірін  түсіну,  қоғамдық 
процестерді толық түсіну және оларды ӛзара жалпылау суретшінің негізгі міндеттерінің 
бірі. Суретші әрқашанда белгілі бейнені игеру кезінде, бақылаған нәрсенің мағынасын, 
табиғатын түсінуге тырысып, оған шексіз таңдау жүргізіп, бейнелердің бойында ӛзінің 
пікірін  суреттеп,  қарым-қатынасын  білдіре  алуы  қажет.  Шығармашылық  процестің 
негізі  –  әрбір  суретшінің  кӛзқарасына  негізделген.  Натюрморт,  портрет,  пейзаж, 
жанрлы суреттерді суретші әрқашан мағынасын, сюжетін, композициясын ойластырып, 
шығармасының ең жақсы шешімін іздестіреді. Тіпті бұрынғы заманнан біздің уақытқа 
жеткен  ежелгі  кӛріністер  ӛмір  құбылыстарын  жалпылайды.  Олардың  бойында 
нысанның кӛшірмесін салуға ұмтылысы болмайды, суретшілер мәні аз фактілерден гӛрі 
қажетті, мінездемелі, маңызды түрлерді таңдайды. Леонардо да Винчи шындықты кӛзді 
жұмып кӛшіру жайлы былай деп жазған: ―Кӛзбен кӛріп ойлау қабілеті мен тәжірибеге 
жүгініп,  ойланбай  кӛшіруші  кескіндемеші,  айнаға  ұқсайды,  ол  заттарды  түсінбей 
айқындайды‖-деп  сипаттама  береді.  Яғни  тірі  табиғаттың  ӛзін  ойланбай  кӛшіруге 
болмайды  деген  ұғымды  білдіреді.  «Мүсінші  Роден  ӛзінің  шығармашылығы  жайлы 
былай  деген:  ―Жапсырма  тек  сыртқы  дүниені  кӛрсетеді,  ал  мен  рухани  дүниені 
сездіремін,  ол  да  табиғаттың  бір  бӛлігі.  Мен  кӛз  кӛрген  табиғатты  ғана  емес,  барлық 
шындыққа қол жеткізем. Кӛңіл-күйді кӛп білдіретін бӛліктердің шетін сызып кӛрсетем. 
Мен табиғатымды ӛзгерткен жоқпын‖ деген ӛз ойы туралы мағлұматтар береді» /1/. 
Мағынаның  ӛмірлігі  мен  шыншылдығы  –  ол  суреттердегі  бейнелердің 
бейнеленуші  құбылыстардың  табиғатына  сәйкес  болуы  керек.  Шыншыл  кӛрініс 
бейнеленуші  нысандар  мен  жағдайлардың  мінездемесін  кӛрсетуден  тұрады.  Әр  затқа, 
нысанға  немесе  шындық  құбылысына  белгілі  бір  белгілер,  мінездемелі  ерекшеліктер 
тән.  Нақ солар бейнелеу нысандары болып табылады. Пейзажда суретші кӛзге кӛрінген 
заттардың  сыртқы  түрін  айнытпай  кӛрсетуге  ұмтылмай,  оны  негізгі  қызықтырған, 
әсерлі сезімді  тудырушыны суреттеуге тырысады. Суретші  табиғатты толық  шыншыл 
бейнелеп,  қуаныш  тудырған  мәніне  кӛп  кӛңіл  бӛледі.  Қандай  да  бір  портретті  салған 
кезде  суретші  сыртқы  ұқсастықтарымен  қатар,  ішкі  психологиялық  ерекшеліктерді 
суреттеуге  тырысады.  Шын  суретшінің  шығармашылығы  шындыққа  бата  білу  және 
одан  терең  шындықты  шығара  білу  қабілетінен  тұрады.  Кӛркем  бейне  ең  алдымен 
шындықпен  сендіріледі.  Оның  кӛркемдігі  құбылыстың  мәнісіне,  адамдардың  мінезіне 
терең  енумен  анықталады.  Кескіндемедегі  кӛркем  бейненің  абыройлығы  тек  маңызды 
және  мінезді  қасиетінің  болуымен  ғана  анықталмайды,  сонымен  қатар  кӛріністік 
бойында  суретшінің  қандай  да  бір  кӛркем  идеяны  айқындауына  байланысты.  Суретте 
терең  ойлардың,  ӛмір  жайлы  толғаныстардың,  адамдардың  мінез-құлқының  болуы 
эстетикалы терең сезімдерді тудырады. Әр кезде де суретші сурет арқылы ӛзінің ӛмірі 
туралы  түсінігін  кӛрсетуге  тырысады.  Егерде  суреттің  идеялары  саяз  және  сұр  болса,  
сондай-ақ      қоршаған  ортаға  жаңа  кӛзқараспен  қарауға  итермелейтін  қабілетінің 
болмаған  жағдайында  –  кӛрерменнің  эмоциналдық  үндесуі  әлсіз  болады.  Кескіндеме 
адамдардың  сезімімен  ойларын  кӛрсетуі  тиіс,  сонымен  қатар  адамдардың  арасындағы 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.  
15 
күрделі және жіңішке қарым-қатынастарды айқындап, нақты кезеңдегі құбылыстардың 
кӛрсеткіші болуы керек. 
Терең  және  шынайы  ойлар,  адам  мен  табиғатқа  деген  сүйіспеншілікпен 
қарастырылған  ӛмірлік  мәселелер  адамның  жүрегімен  санасын  қоректендіреді.  И.Е. 
Репин – ―Идеясыз ұлы кӛркемдік шығарманың болуы мүмкін емес‖ – деген /2/. Алуан 
түрлі заттармен ӛмірлік құбылыстардың эстетикалық байлығын айқындау үшін, кӛркем 
бейнелеу ӛнерінің шығармасы ӛзінің мазмұны бойынша және айқындау түрі бойынша 
нақты  дүниенің  кӛріну  қортындысы  болуы  тиіс.  Кескіндемелік  шеберлікті  құраушы 
элементтердің  (заттардың  пластикалық  кӛлемдерінен  колоритына  дейін)  объективті 
шығу  тегі  бар.  Кескіндемеге  тән  ғана  адамның  кӛру  қабілеті  арқылы  қабылданатын 
құбылыстар  мен  заттар  бейнелерімен  қолданады.  Ӛмір  құбылыстарын  айқындауға 
әрқашанда  шынайы,  нақтылы  кӛрнекіліктер  керек.  Нақты  заттармен  ұқсастығы,  түрлі 
түстік  нақтылығы  –  міне  осындай  жағдайларда  бояулар  эстетикалық  эмоцияны 
тудырады. Нысандар мен заттардың шынайы кӛрінісі табылмағанынша кӛркем бейнені 
туындауға  немесе  басқа  мазмұнның  туындауы  мүмкін  емес.  Кескіндемелік  суреттеме 
жорамал  белгі  немесе  символ  бола  алмайды.  Станкілі  кескіндемедегі  кӛркем  бейне 
дегеніміз  –  алаңдаушы  түсінік  емес,  ал  заттардың  нақты  ұқсастығы.  Суреттің 
эмоционалдық  әсері  табиғатты  кӛріп  қабылдаумен,  нақты  дүниені  сезіне  білумен 
байланысты.  Заттар  дүниесімен  байланысты  ассоциативті  елестерінің  байлығына 
сүйене  отырып,  кескіндеме  кӛрерменді  белгілі  бір  адам  толғаныстарының  жүйесіне 
ендіреді. Адам дүниені кӛзге кӛрінетін бейнелер арқылы танып сезінеді. 
Ой қызметін таныс заттардың, нақты қасиеттердің және қатынастардың кӛмегімен 
ӛрістетуге  болады.  Кӛру  сезімдері  табиғатты  эстетикалы  қабылдаудың  және  танудың 
негізгі бұлағы. Заттың түрі  нысан жайлы иіртас және толық  мінездемені  береді, кӛзге 
кӛрінетін  бейне  арқылы  заттардың  мәнісі  мен  мазмұнын,  ӛмірдегі  қызметін 
анықтаймыз.  
Сурет  дегеніміз  –  кӛз  мӛлшері  бойынша  контурлы  сызық,  түртпекше  және  дақ 
сияқты графикалық тәсілдердің кӛмегімен қолмен салынған суреттемелі кӛрініс. Оның 
орындалу  мінездемесі  және  техникасы,  қызметі,  тақырыбы,  жанры,  сурет  салу  әдісі 
бойынша  бірнеше  түрлерге  бӛлінеді.  Әдетте  сурет  бір  түсте  орындалады.  Суретте 
жарықтық  және  реңдік  әсерлер,  пластикалық  модельденуі,  түртпекшелердің 
комбинациясымен  дақтар  мен  сызықтардың  әр  түрлі  үйлесуінің  нәтижесінде  пайда 
болады.  Жоғары  кәсіби  деңгейде  орындалған  суреттің  дара  кӛркемдік  құндылығы 
болады. 
Суретті қолдану аймағы кең, ол ғылыми-кӛмекші, қол-ӛнерінің мінездемелі және 
техникалы  түрінен  кӛркемсуретке  дейін  созылады.  Адамның  сӛзінің  жазбаша  түрде 
кӛрінуі  сияқты  суретте  ойлау  барысын  айқындап  басқа  адамдармен  араласуға 
мүмкіндік береді. Сурет мәдениеттің бір бӛлігі бола отырып, ой-ӛрісінің дамуына және 
қалыптасуына ықпалын тигізеді. 
Қайта  жаңғыру  кезеңінің  итальяндық  ұлы  суретшісі  Микеланджело  Буонортти 
(1475-1564)  былай  деп  жазған:  ―Басқа  сӛзбен  айтқанда  «нобай  ӛнері»  деп  аталатын 
сурет,  кескіндеме,  мүсін  және  архитектураның  жоғарғы  нүктесі,  сурет  кез-келген 
шығармашылықтың түп қазығы‖ /3/. 
Кез-келген  зат  суреттеу  нысаны  бола  алады,  бірақ,  адамдар  бізді  қоршаған 
дүниені  әр  түрлі  қабылдайды.  Ол  адамның  тәрбиесіне,  жалпы  дамуына,  мәдени 
деңгейіне,  қызметіне  байланысты.  Кӛру  мүшелері  кез-  келген  адамға  заттың  сапасын 
сезінуге,  түсін,  пішінін,  кеңістігін,  қозғалысын,  кӛзбен  кӛріп  қабылдауына  мүмкіндік 
береді, ал суретшінің бойында мұндай қабілеттер ерекше асқынған. Суретші үшін сурет 
сыртқы дүниені тану тәсілі және заттық – бейнелі тіл болып табылады, оның кӛмегімен 
кӛрерменмен пікірін бӛліседі. 
Кӛркемсурет ӛнерінің барысында сурет жетекші пән болып келеді. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (6), 2011.
 
16 
Сапалы  сурет  сала  алу  қабілеті  кез-келген  кәсіби  маман  үшін  ӛте  маңызды, 
ӛйткені  сурет  кӛркем  сурет  ӛнерінің  (кескіндеме,  графика,  мүсін)  және  пластикалық 
ӛнердің, қолӛнерінің және дизайнерлік қызметтік негізін қалаушы болып табылады. 
Оқып – үйрену суретінің мақсаты, кӛзбен кӛру қабілетін және кӛлемді – кеңістік 
ой-ӛрісті дамыту, композициялық ойды ―Заттандыру‖ барысында құралдық-тәжірибелі 
талаптарды  суреттің  кӛмегімен  шешуден  бастау  алады.  Кәсіби  жұмыскердің 
шеберлігінің ӛсуі, шынайы суреттің техникасы мен тәртібін қаншалықты меңгергеніне 
байланысты. 
Сурет  салуды  үйренуді,  пішіні  мен  бейнесі  қарапайым  заттардан  бастау  керек. 
Қарапайымнан күрделі бейнеге ӛту – шынайы ӛнер мектебінің кӛркем суреттеу сауатын 
меңгеру принципі міне осындай болып табылады. 
Қазақтың белгілі суретшісі Абылхан Қастеевтің пікірі бойынша жас суретшілерге 
білім  берудің  негізінде  шынайы,  реалистік  ӛнер  жатуы  керек  деген.  Ежелгі  шығыс 
цивилизациясының  ӛнерінен  бастап,  Ежелгі  Египет  және  Ежелгі  Греция,  орта  ғасыр 
кезеңінен  қазіргі  күнгі  уақытқа  дейін  кӛркемсурет  ӛнеріне  үйрену,  суретті  зерттеп 
меңгеруден басталады. 
Жазықтық  бетінде  суреттеменің  құрылуының  негізгі  тәртібі  Ч.Ченина.,  Л.Б. 
Альберти.,  Леонардо  да  Винчи.,  А.  Дюрер  сияқты  белгілі  суретшілердің  кӛңілдерінің 
ортасында болған. 
Сурет мектебінің дамуына К.П. Брюллов (1799 – 1852), А.И. Иванов (1776-1848), 
И.П. Крамской (1837-1887) және т.б. деген суретшілер үлкен үлестерін қосқан. 
Бүкіл  дүние  жүзілік  кӛркем  суреттеу  ӛнерінің  бай  тәжірибесі  шынайы  суретке 
сүйене  отырып,  ӛмірдегі  және  ӛнердегі  ғажайып  құбылыстарды  сүйіп  бағалай  білуді 
үйретеді, эстетикалық мәдениетті меңгеруге кеңес береді. Кӛркем суреттеу сауатының 
негізін оқып үйрену оймен сезімнің жігерлі қызметін талап етеді. 
Сурет  бойынша  тәжірибелі  тапсырмаларды  орындаудың  алдында,  теоретикалық 
білімнің негізінде жатқан жалпы әдістемелік талаптармен танысу керек. Сонымен қатар 
құралдармен,  жұмыстың  тәсілдерімен,  әдістерімен,  кӛркем  суреттеу  әдістерімен 
танысқан жӛн, ол кӛркем суреттеу сауатын толық меңгеруге кӛмектеседі. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1. Адамқұлов Н.М. Ұлттық қолӛнер – Алматы, 2007. 
2. Ӛстеміров К.Ӛ. Кәсіптік педагогика – Алматы, 2009 
3. Ӛстеміров К.Ӛ. және т.б. Технология пәнін оқыту әдістемесі – Алматы, 2008 
 
ТҮЙІНДЕМЕ  
Мақалада  натюрморттарды,  пейзаждарды  салу  әдістемесі  және  негіздері 
қарастырылған.  Аталған  мақалада  отандық  және  шетелдік  суретшілердің  сурет  салу 
әдіс-тәсілдері студенттер үшін ұсынылған. 
 
РЕЗЮМЕ 
Данная  статья  раскрывает  основы  и  методы  рисования  с  натуры  -  натюрморта, 
пейзажа. В статье приведены примеры из опыта великих, отечественных и зарубежных 
мастеров, при обучении студентов. 
 
 
 
 
 
 
 
 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.  
17 
ӘОК 73.021 
КӚРКЕМӚНЕР АРҚЫЛЫ БАЛАНЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТАЛҒАМЫН ДАМЫТУ 
 
Алиев С.С. - оқытушы (Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ)  
 
Ұзақ  жылдар  бойы  халқымыздың  тарихын  бұрмалап,  тағдырын  жаралап  келген 
рухани тоқыраудың оқу-тәрбиеге тигізген зардаптары аз емес. 
Тәуелсіздік  кӛп  нәрсеге  деген  кӛзқарасымызды  қайта  сараптауға  бағыттады. 
Осындай  шешімін  күтіп  тұрған  мәселелердің  бірі  –  оқушылардың  эстетикалық 
талғамын  дамыту.  Бәрімізге  белгілі  эстетикалық  тәрбие  әр  баланы  ӛнермен  сусындау 
арқылы  іске  асады.  Қоршаған  ортадағы  сұлулықты,  үйлесімді  кӛре  білуді  үйрететін, 
әдемілікке жетелейтін бірден-бір құрал – «Ӛнер». 
Адамзат  тарихының  алғашқы  қауымдық  құрылысынан  бастап  кӛз  жүгіртсек, 
адамзат  баласы  ең  бірінші  ӛнерді  үйренді,  ӛзі  аулап  үйренген  жануарларды  үңгірдегі 
тас  жарларға  салды.  Сүйектерден  тесіп  дыбыс  шығаруды  үйренді.  Отқа  темірді 
балқытуды  үйреніп,  бері  келе  алтыннан  бұйымдар  жасады.  Кӛптеген  ғасырлар  бұрын 
қазіргі  қазақ  жерінде  гүлденген  қалалар,  әсем  сарайлар  болған,  ӛнері  мен  мәдениеті 
жағынан  сол  кездегі  Еуропадан  бірде  бір  кем  емес  еді.  Оның  айғағы-  әлемді 
тамсандырған Есік қаласынан табылған «алтын адам» Орта Азия мен Қытайға барар ең 
қысқа  жол  бойында  орналасқан  Сарайшық  қалашығы.  Сонымен  қатар  қала  орнында 
табылған осы ӛлкеге ғана тән зергерлік бұйымдар, ӛрнектеліп жасалған құмыралар, су 
құбырлары және де басқа тұрмыс заттары /1/. 
Бес ғасырлық тарихы бар қазақ топырағында екінші рет айтылып отырған Атырау 
ӛңірінде  табылған  алтын  адам  «Арал  тӛбенің  алтын  адамы».  Маңғыстау  Шығыс 
Қазақстан, Қапшағай, Таңбалы тастағы т.б таулардағы тасқа бейнеленген суреттер. Бұл 
бейнелер  стильденген  түрде  бейнелеуімен  ерекше.  Бұл  ертедегі  адамдардың 
айналадағы құбылыстарды дәл кӛре білуінің және жан –жануарлардың қимыл-әрекетін, 
сыртқы  пішінін  зейін  қоя  зертеуінің  нәтижесі.  Бейнелеушінің  шеберлігі  соншалық, 
кейбір жануарларының мінез-құлқын кӛрсететін дене мүшелерін салмай –ақ (кӛз, ауыз, 
құлақ, мұрын т.б) оның сыртқы пішінімен хайуанның кӛңіл-күйін жеткізе білген. 
Сондықтан,  біз  ерте  дүние  ӛнерін  кездейсоқтықдықтан  туған  деп  қарамай,  оған 
кӛп кӛңіл бӛліп, тіпті солардан үйренуіміз қажет, ӛнердің бастау бұлағынан нәр алып, 
ӛз бағытымызды дамытуға болады. 
Бейнелеу  ӛнері  –бірнеше  ӛнер  саласының  ӛмірге  келуіне  себепкер  болған  ӛнер 
атасы. 
Ӛнерді, оның қоғамдық-тәрбиелік мәнін жан-жақты түсіну үшін әсемдік, әдемілік 
заңдарын жақсы білу шарт. 
Халық ӛнерінен әсемдік пен сұлулықты жете түсініп, сүюіміз қажет. 
Халқымыздың  ою-ӛрнектері  бейнелеушінің  ой-қиялын  ұштайтын,  қолын 
жаттықтыратын құрал-әдіс, тамаша мектеп. Мектепте әлі күнге дейін бейнелеу ӛнеріне 
жете  мән  бермей  келеді.  Ӛйткені,  бағдарламаларда,  оқулықтарда  бірінші  орында 
бейнелеудің техникалық қолдану әдістерін басымырақ айтып кӛрсетеді. 
Зерделеп қарасақ, бейнелеу нәрімен зауқы бар адамдар, кӛркемӛнер факультетінің 
студенттері,  оқушылар  айналысады.  Ал,  ою-ӛрнек,  әсіресе,  Орта  Азияда,  Қазақстанда 
ӛркеңдеп,  екінің  бірі  оюшы  шебер  болды.  Сондықтан  да,  ою-ӛрнектің  қарапайым 
элементтерін  шығыстағы  бейнелеу  ӛнерінің  ӛзіндік  әліппесі  деп  қарауға  болады. 
Бейнелеу  ӛнеріне  баулу  үшін  ұлттық  ерекшеліктерімізді  ескеріп,  түстерді,  реңдерді 
таңдай  отырып,  оқушылардың  ішкі  сезімдерін,  дүниені  жекелей  қабылдаулары 
меңзеген  жолмен  жүргізген  дұрыс.  Кӛре  білуді,  яғни  ӛнер  шығармаларын  түсініп, 
тебіреніспен  қабылдауды,  шығармаларға  баға  беруді  үйрену  қажет.  Соның  ішінде 
бояудың  түс-реңдерімен  жұмыс  істеу,  жанрлар  туралы  түсінік  беріп    отыру  керек. 
Ӛнердің бір саласы кескіндеме ӛнерінде басты шешім реңдер мен түстердің қатынасы 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (6), 2011.
 
18 
болғандықтан,  түр  –түсті  зерттейтін  ғылым  бар  екенін  оқушы  санасына  жеткізіп 
отырған дұрыс /2/. 
Қазақтың ӛлең-жырларында, ұлттық ӛнерінде де тамаша суреттемелер, түстер мен 
алуан  реңктер  мол.  Сырмақ,  текемет,  алаша,  шым-ши,  аяққап,  кілемше,  құрақ  кӛрпе 
және ұлттық киімдерге шеберлер бояу түстермен, реңдермен түр бітіре білген. Кӛк түс 
аспанның,  кеңістіктің,  қызыл  оттың,  күннің,  сары  дәулеттің,  байлықтың,  ақ 
адалдықтың,  қара,  қоңыр-жердің,  топырақты,  жасыл-жастардың,  кӛктемнің  белгісі 
ретінде қаралған. 
Қазіргі  уақытта  бастауыш  сыныптан  бастап  оқушыларды  түрлі  бояу  реңдерін 
ажыратуға,  әдемі  де  жарасымды  түс  үйірмесін  білуге  үйрету  қажет.  Қандай  нәрседен 
жасалғанын  білмей  тұрып,  оны  түсіну  мүмкін  бе?  Кейде  затқа  танымдық  мақсатпен 
қарай білмеушілік салдары бейнелеу ӛнері сабақтарында айқын аңғарылады. Оқушыны 
байқай  және  қабылдай  білуге  үйрету  жолдарын  білу  болашақ  бейнелеу  ӛнері 
мұғаліміне ӛте қажет. 
Қабылдау  мен  байқай  білу  жолдары  әр  түрлі.  Соған  қарамастан,  барлық 
зерттеулерде қабылдау жӛнінде мынадай негізгі жайларды бір ауыздан мақұлдайды. 
Баланы  қабылдауға  арнайы  үйретпесе,  олар  кӛбінесе,  кішкене  кезіне  тән 
қабылдаудың  біріктірушілік,  дәлсіздік  сияқты  ерекшеліктерін  ұзақ  уақыт  сақтап 
қалады.  Яғни,  балалардың  жасы  ӛсіп,  есейген  сайын  қабылдау  шеңбері  кеңеймей 
қалады. Бұл үйрету негізгі екі үрдісті (байқау мен жалпылау)  жетілдіруге бағытталуы 
қажет.  Талдаудың  бағыты  мен  жіктелуі  баланың  даму  дәрежесіне,  мұғалімнің 
мақсатына, оқытуға таңдап алған мазмұнына байланысты ӛзгеріп отырады. Бүтін затты 
дене  (фигура)  ретінде  бӛліп  кӛрсетуі  мүмкін.  Талдау  затты  дәл  тануға  бағытталады. 
Яғни, «қандай ағаш қандай күйде тұр» деген сияқты ерекшелей білуі тиіс. 
Айталық,  балаға  ою-ӛрнек  неден  тұрады  деген  сұрақ  беріп,  одан  белгілі  –бір 
үшбұрыштан,  кішкене шаршылардан,  жарты  шеңберлерден  тұрады  деген  жауап  алуға 
болады.  Бірақ  бұл  жеткіліксіз.  Бала  ою-ӛрнектің  құрамында  үшбұрыштардың, 
шаршылар  мен  жарты  шеңберлердің  бар  екенін  айтумен  қатар,  олардың  қалай 
орналасқанын,  әрқайсының  қандай  жағдайда  тұрғанын  және  түрлері  мен  түстерін, 
кеңістіктегі бір-біріне байланысын жете байқауы керек. Кез келген талдау, яғни, бүтінді 
бӛліп қарау, оны бӛлшектеу, қайтадан бүтінді жалпылап, тұтастырып қабылдай білуге 
әкелуге тиіс. 
Бұл айтылғандарға ӛз іс-тәжірибемде кӛзім жетті.  Бейнелеудегі  түстер үйлесімін 
дұрыс  қабылдауға  дағдыландыру  үшін  күнделікті  тұрмыста  қолданылатын  жай 
заттардан  құралған  натюрморт  салғызудан  бастау  орынды,  әр  оқушының  бояу  таңдау 
түсті  ӛз  бетінше  қабылдауына  байланысты.  Бірнеше  жұмыс  жиынтығын  жинап  алып, 
оқушылардың  бояу  таңдауы,  түсті  ӛз  бетінше  беруін  зерделеп  қарасақ,  мынаны 
байқауға  болады.  Бір  бейнелеуде  жылы  түс,  екінші  біреуінің  бейнелеуінде  суық  түс 
басым. 
Бұл  оқушылардың  кӛңіл-күйін,  түстің  жылы  және  салқын  түстерімен 
айқындалатынын  жете  түсінбеуін  кӛрсетеді.  Олардың  әрқайсысының  түсті,  бейнені 
қалай қабылдайтынына талдау жасағанда екі түрлі жағдайдың ықпалын байқаймыз. 
Балалардың байқағыштық мәдениетін қалыптастыру үшін мұғалім оқып-үйренуге 
тиісті нәрселерді алдын-ала жоспарлайды. Кӛрмелерге, сәулет ӛнерінің мұражайларына 
апарып  таныстыру.  Сондағы  кӛргендерін  айтып,  ӛз  ойларымен  бӛлісу.  Оқушыларды 
жатық сӛйлеуге, жанр түрлерін ажыратуға үйрету эстетикалық және рухани байлығын 
жетілдіреді. 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1. М.Мұқанов «Қабілеттілік және оны тәрбиелеу»  -Алматы 1960 жыл 
2. Ниетбаев Б. Баланы кӛркемӛнерге халық мәдениетіне тарту // «Тәрбие құралы» 
Республикалық ғылыми педагогикалық журанал -Алматы №2, 12 б. 2010жыл 
 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.  
19 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада баланың эстетикалық талғамын кӛркемӛнер арқылы тәрбиелеп дамыту. 
 
РЕЗЮМЕ 
В  статье  рассматривается  эстетическое  воспитание  и  развитие  детей  используя 
изобразительное искусство.  
 
 
 
 ӘОК 687.16. 
КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУ НЕГІЗІНДЕ БОЛАШАҚ МҦҒАЛІМДЕРДІҢ 
БІЛІКТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
Асқарова Ж.А. – п.ғ.к., профессор,  Айдарова Г.Ш. – 1курс магистранты  
 (Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ) 
 
Бүгінгі  таңдағы  еліміз  бен  бүкіл  әлемде  жүріп  жатқан  экономикалық-әлеуметтік 
дамулар білім беру саласына ӛзіндік ықпалын тигізуде. Келешек ұрпаққа білім берудің 
мақсаттары мен мәні, мазмұны мен түрлері түбегейлі жан-жақты қайта ойластырылып, 
жаңа сапаға жету міндеті кӛзделуде. 
Бұл туралы Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Білім беруді дамыту 
Тұжырымдамасында да былай деп атап кӛрсетілген: «Қоғамдағы  қазіргі кездегі қайта 
құрулар,  экономиканы  дамытудағы  жаңа  стратегиялық  бағдарлар,  қоғамның 
ашықтығы,  оның  жедел  ақпараттануы  мен  қарқынды  дамуы  білім  беруге  қойылатын 
талаптарды  түбегейлі  ӛзгертті.  Әлемнің  жетекші  елдерінің  кӛпшілігінің  білім  беру 
жүйесі білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап 
бағалайтын  болды.  Білім  берудің  қазіргі  негізгі  мақсаты  білім  алып,  білік  пен  дағды-
машыққа  қол  жеткізу  ғана  емес,  солардың  негізінде  дербес,  әлеуметтік  және  кәсіби 
біліктілікке ақпаратты ӛзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам ӛзгеріп 
жатқан бүгінгі дүниеде лайықты ӛмір сүру және жұмыс істеу болып табылады /1/. 
Қазіргі  уақытта Қазақстанда білім берудің ӛзіндік ұлттық үлгісі қалыптастасуда. 
Бұл  процесс  білім  парадигмасының  ӛзгеруімен  қатар  жүреді.  Білім  берудегі  ескі 
мазмұнның орнына жаңасы келуде. Я.А.Каменскийдің, И.Гербарттың дәстүрлі объект–
субъектілері педагогикасының орнын басқасы басты, ол бала оқу қызметінің субъектісі 
ретінде  ӛзін-ӛзі  ӛзектілендіруге,  ӛзін  тануға  және  ӛзін-ӛзі  жүзеге  асыруға  ұмтылатын 
жазушы  тұлға  ретінде  бағытталған.  Мұндай  жағдайда  педагогикалық  процестің 
маңызды  құрамы  оқу  ісіндегі  субъектілер-оқытушы  мен  оқушының  тұлғалық  – 
бағытталған ӛзара әрекеті болып табылады. 
Қазіргі  білім  берудегі  басты  мақсат–  жас  ұрпақтың  білім  деңгейін  кӛтеру  және 
жан-жақты дамыған, білімді, ӛмір сүруге бейім, қабілетті жеке тұлға қалыптастыру.  
«Қазақстанның болашағы – бүгінгі жастар. Сіздер оларға қалай білім берсеңіздер, 
Қазақстан  сол  деңгейде  болады.  Сондықтан  ұстазға  жүктелетін  міндет  ауыр»  деп 
Елбасымыз айтып ӛткендей, жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, 
білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. 
Қазіргі  уақытта  педагогика  ғылымының  бір  ерекшілігі  –  баланың  тұлғалық 
дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. 
«Педагогикалық  технологиялар  –  бұл  білімнің  басымды  мақсаттарымен 
біріктірілген  пәндер  мен  әдістемелердің:  оқу–тәрбие  процесін  ұйымдастырудың  ӛзара 
ортақ  тұжырымдамамен  байланысқан  міндеттерінің,  мазмұнын,  формалары  мен 
әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр 
аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды» /2/. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (6), 2011.
 
20 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңыңда оқыту формасын, әдістерін, 
технологиялар  таңдауда  кӛп  нұсқаулық  қағидасы  бекітілген,  бұл  білім  мекемелерінің 
мұғалімдеріне,  педагогтарының  ӛзіне  оңтайлы  нұсқаны  қолдануға,  педагогикалық 
процесті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді. 
Бүгінгі  таңда  П.М.Эрдниевтің  дидактикалық  бірліктерді  шоғырландыру 
технологиясы,  Д.Б.Эльконин  мен  В.В.Давыдовтың  дамыта  оқыту  технологиясы, 
В.Ф.Шаталовтың  оқу  материалдарының  белгі  және  сызба  үлгілері  негізінде  қарқында 
оқыту  технологиясы,  М.Чошановтың  проблемалық  модульді  оқыту  технологиясы, 
П.И.Третьяковтың,  К.Вазинаның  модульды  оқыту  технологиясы,  В.М.Монаховтың, 
В.П.Беспальконың және басқа кӛптеген ғалымдарың технологиялары кеңінен танымал. 
Кейінгі  уақытта  біздің  елімізде  де  қазақстандық  мектептер  үшін  оқыту 
технологияларын  ойластырып,  ғылым  мен  практиканы  ұштастыра  зерттеп  жүрген 
ғалымдарымыз  баршылық.  Атап  айтар  болсақ,  «Оқытудың  үшӛлшемді  әдістемелік 
жүйесі» педагогикалық технологиясы (Ж.А.Қараев, Ж.У.Кобдикова), жүйелілік негізде 
оқыту 
(Т.Т.Ғалиев), 
шоғырландырып-қарқынды 
оқыту 
(Қ.А.Әбдіғалиев, 
Н.Н.Нұрахметов,т.б.), 
модульдік 
оқыту 
(М.М.Жанпейісова, 
К.Жақсылықова, 
З.Бейсенбаева),  жобалай  оқыту  технологиясы  (А.Сатбекова),  сатылай  кешенді  талдау 
(Н.А.Оразахынова.) және т.б. технологияларды жатқызуға болады /3/. 
Осындай  оқыту  технологиялардың  бірі  –  ішінде  модульдік  технология.  Жалпы 
алғанда,  модуль  дегеніміз–қандай  да  бір  жүйенің,  ұйымның  нықталатын,  біршама 
дербес  бӛлігі.  Ғалым-әдіскер  К.Жақсылықова  жоғары  оқу  орындарының  орыс 
бӛлімдерінде  қазақ  тілін  модульмен  оқыту  жайлы  жазылған  зерттеу  жұмысында: 
«Модульмен  оқыту  жайындағы  түсінігімізді  тағы  былай  толықтыруымызға  болады. 
Біздің  ойымызша,  модульмен  оқыту  ішіне  оқытушы,  оқушы  және  оларды  біріктіретін 
оқу  ұжымының  дербес  даму  сипаттамасы  да  енуі  тиіс.  Яғни,  оқу  үрдісінде  әрекет 
жасаушы  екі  жақтың  (оқытушы  мен  оқушы)  танымдық  және  тұлғалық  деңгейінің 
жетілуіне, жандануына мүмкіндік жасайтын оқытуды модульмен оқыту жүйесі деп атау 
керек» /3/.  
Сондай-ақ  К.Жақсылықова  модульдік  оқытудың  ұстанымдары,  модуль 
бағдарламасы,  модульмен  оқыту  мазмұнын  сұрыптау  және  оны  ұйымдастыру  т.б. 
мәселелерді ғылыми тұрғыда сӛз етеді де, тілді оқытуда модульді қолдану әдістемесіне 
де ерекше мән береді. Оны мына сӛзінен кӛруге болады: «Сонымен қатар оқу тобының 
ұжымға  айналу  үрдісі  жеделдейтін,  ӛзіне  тән  әрекеттестік  пен  қарым-қатынаста  негізі 
қаланған  мүмкіндіктерді  іс  жүзінде  пайдалану  белсенділігі  артатын  оқыту  да 
модульмен оқыту болмақ», – дейді. 
Педагогика  ғылымдарының  докторы  З.Бейсенбаева  тіл  білімінің  бір  саласы 
сӛзжасамды  модульдік  технология  негізінде  оқытуды  дәлелдей  отырып:  «Модульдік 
оқыту  технологиясының  мақсаты  –  білім  бағдарламасының  мазмұнын  іске  асыруға 
жағдай  жасау;  іріленген  блок-модуль  түріндегі  оқу  бірліктерін  игеру  арқылы  кешенді 
дидактикалық  міндетті  орындау.  Модуль  –  нақты  мақсатқа  құрылған  оқу 
элементтерінен  тұратын  модуль  бағдарламасының  дербес  дидактикалық  бірлігі.  Оқу 
элементтері – жеке мақсатты іске асырудағы оқу материалының дидактикалық бірлігі», 
– деп қорытынды жасайды /3/. 
Оқыту  технологиясы  туралы  пікірлер  басқа  да  ғалымдар  зерттеулерінде  кеңінен 
сӛз  болады.  Бұл  туралы  ғалым  М.М.Жанпейісова:  «Оқыту  технологиясының  біз 
әзірлеген  нұсқасының  бір  ерекшелігі  –  оның  білімді  меңгеруге  емес,  тұлғаның 
танымдық  қабілеттерін  және  танымдық  процестерді:  яғни,  жадының  алуан  түрлерін 
(есту,  кӛру,  қимыл  және  т.б.),  ойлауды,  ынтаны,  қабылдау  қабілетін  арнайы  жасалған 
оқу  және  танымдық  жағдайлар  арқылы  дамытуға,  сондай-ақ  тұлғаның  қауіпсіздігін, 
ӛзін-ӛзі  ӛзектендіру,  ӛзін-ӛзі  бекіту,  қарым-қатынас,  ойын,  танымдық  және 
шығармашылық  қажеттіліктерін  қанағаттандыруға,  белсенді  сӛздік  қорын  (ауызша 
және жазбаша) дамытуға бағытталуы», – деп тұжырымдайды /2/.  

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.  
21 
Оқу  модулі  қайта  жаңғыртушы  оқу  циклі  ретінде  үш  құрылымды  бӛліктен 
тұрады:    кіріспеден,  сӛйлесу  бӛлімінен  және  қорытынды  бӛлімнен  тұрады.  Әр  оқу 
модулінде сағат саны әр түрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, 
тақырыптар тобына немесе тарауға бӛлінген сағат санына байланысты. 
Оқу  модулінің  ерекшілігі  сол,  жалпы  сағат  санына  қарамастан,  кіріспе  және 
қорытынды    бӛлімдерге  1-2  сағат  беріледі.  Барлық  қалған  уақыт  сӛйлесу  бӛлімінің 
меншігінде болады. 
Кіріспе  бӛлімінде  оқытушы  оқу  модулінің  жалпы  құрылымымен,  оның  мақсат-
міндеттерімен  таныстырады.  Сонан  соң  мұғалім  осы  модулінің  барлық  уақытында 
есептелген  оқу  материалын  қысқаша  (10-20  минут  ішінде  ),  сызба,  кесте  және  т:б: 
белгілік  үлгілерде  сүйене  отырып  түсіндіреді.  Тақырып  мазмұнына  (тұтас  тақырып 
немесе  тарау  бойынша)  «ӛсу»  бағытымен  –қарапайымнан  күрделіге,  репродуктивтік 
тапсырмалардан  шығармашылық  сипаттағы  тапсырмаларға,  зерттеушілік  қызмет 
элементтеріне қарай бірнеше мәрте қайта оралып отыру әр оқушыға оқу материалымен 
жұмыс істей отырып, ӛз қабілеттерін, жадын, ынтасын, ойлауын, ауызша және жазбаша 
тілін дамытады. 
Психологтардың  пайымдауынша,  әрбір  дербес  тарауды  оқып-үйрену  үш  негізгі 
кезеңнен  тұрады:  кіріспе  –қызықтырушылық,  опериационалдық-танымдық  және 
рефлексиялық-бағалау кезеңдерінен тұрады. 
Психологтар  дәлелгендей,  білімді  неғұрлым  тиянақты  меңгеру  үшін 
оқушылардың  мақсаты  түсінуі    аса  маңызды.  Ол  үшін  психологтардың  пікірінше, 
мақсат  оның  мағынасы  нақты  айқын  белгіленіп,  мақсатқа  жету  тәсілдері  кӛрсетілуі 
керек. 
Модульдік оқыту технологиясының  міндетті шарттарының бірі – оқытуды ойын 
түрінде  және  түрлі  белсенді  оқыту  формалары  арқылы  ұйымдастыру.  Бүгінгі  таңда 
ойын оқыту үрдісінің тиімді тәсілдерінің бірі деп есептеледі. Ол сабақта оқушыларды 
оқу  үрдісіне  белсенді  қатысуға  еріксіз  тартады,  ынталандырады,  пәнге  деген 
қызығушылығын тудырады. 
Модульдік оқыту жүйесінде іскерлік ойын арқылы оқытудың да маңызы аса зор. 
Оқушылар  әртүрлі  проблемаларды  талдайды,  оның  шешу  жолдарын  іздестіреді. 
Мұндай сабақтар оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, пәнге қызығуын 
арттырады, ӛмірде кездесетін түрлі қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді. 
 
Сӛйлесу  бӛлімінде  алғашында  оқу  материалын  қайта  жаңғырту  және  қарапайым 
білік пен дағды қалыптастыру мақсатында кейінен  –алынған білімді талдау, жинақтау 
және  бағалау  мақсатында  оқытудың  белсенді  формалары  қолданады.  Оқу  модулінің 
сӛйлесу  бӛлімі  тарауды  тұтас  оқып  үйренудің  екінші-операционалдық-  танымдық 
кезеңнен іске асыру болып табылады. 
Бұл бӛлім тарауды немесе тақырыпты оқытудың тұтас циклін анықтайтын, соңғы 
бӛлімі.  Ол  оқушылардың  сӛйлесу  бӛліміндегі  танымдық  қызметі  барысында 
қалыптасқан  білім,  білік,  дағдыларын  бақылауға,  тексеруге  және  бағалауға  арналған. 
Осы  бӛлімде  оқушылар  ӛз  қызметін  талдайды  яғни,  баға  алады,  бұл  сонында  әр 
оқушының  танымдық  қызметінің  жалпы  оқу  нәтижесін  анықтайды.  Оқу  модулінің 
қорытынды бӛлімі – бақылау. 
Белгілі  педагог  В.Беспальконың  пайымдауынша,  педагогикалық  технология 
мынадай тӛрт негізгі шартты қанағаттандыруы тиіс: 
- педагогикалық технология оқытудағы педагогикалық экспорттарды жоюы қажет; 
-  оқушының  танымдық  қызметінің  құрылымы  мен  мазмұнын  анықтайтын  оқу-
тәрбие үрдісінің жобасына негізделуі қажет; 
-  оқу  мақсатын  диогностикалық  түрде  анықтап,  оның  меңгерілу  сапасын  дәл 
тексеріп бағалау қажет; 
- іс жүзінде оқу үрдісінің толықтығын қамтамасыз ету қажет. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (6), 2011.
 
22 
Кәсіби білім беру жүйесін ұйымдастыруда педагогикалық оқыту технологияларын 
қолдану арқылы білікті маман даярлау мәселелері еліміздің ӛркендеуіне, дүние жүзіндегі 
озық  елдердің  қатарына  жету  мүмкіндігімен  тығыз  байланысты  десек,  жаңа 
технологияны  қолданған  мұғалім  қашан  да  ӛзінің  біліктілігімен,  кәсіби  шеберлігімен 
ерекшеленуімен қатар алатын асуы мол болары сӛзсіз. 
Қорыта  келе  айтарымыз,  оқу  процесінде  оқыту  технологияларын,  соның  ішінде 
модульдік оқыту технологиясын қолданудың тиімділігі сол, болашақ маман бойында ӛз 
кӛзқарасының  болуы,  сын  тұрғысынан  ойлай  алуы,  шығармашыл  болуы,  жеке  және 
бірлесіп  әрекет етуде нәтижеге жете алуы, шығармашылықпен қызмет ете алуы секілді 
қасиеттердің тоғысатындығы анық.  Американ психологы Дж.Браунер  еңбегінде былай 
делінген:  «Білуге  деген  қызығушылық  пен  жаңаны  білуге  деген  талпыныс  тек  адамға 
ғана тән». Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға 
апаратын  даңғыл  жол  –  тек  білімде  ғана  болмақ.  Себебі,  кәсіби  білімнің  дамуы  – 
қоғамды  тұрақтандыратын,  ұрпақты-ұрпаққа  сабақтастыратын  құрал  болуымен  қатар, 
үміті жарқын болашағымыздың кепілі. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1. Қазақстан 
Республикасының  2015  жылға  дейінгі  білім  беруді  дамыту 
тұжырымдамасы. // Қазақстан мектебі, №2, 2004 жыл 
2. Жанпейісова М.М. Модулдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы  ретінде. 
Алматы,  2002. 
3. Жақсылықова  К.  Қазақ  тілін  орыс  тілді  бӛлімдерде  модульмен  оқытудың  ғылыми-
теориялық негіздері:– Алматы: 2001. // Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет