Шараларға қатысты ұлттық мәдениеттің қайта ӛркендеуіне кеңінен жол ашылды. Оған елбасы Н.Ә


PVP LINGVO SYSTEM БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет8/29
Дата03.03.2017
өлшемі2,73 Mb.
#6786
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29

PVP LINGVO SYSTEM БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚ 
ЖАСАУ ЖОЛДАРЫ 
 
Тастанбек Д.М. – магистр, оқытушы (Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ) 
 
Білім  беру  жүйесінде  ерекше  маңызды  болып  табылатын  мәселелердің  бірі  - 
оқытуды  ақпараттандыру,  яғни  оқу  үрдісінде  ақпараттық  технологияларды  пайдалану 
болып табылады. Ақпараттандыру жағдайында студенттер меңгеруге тиісті білім, білік, 
дағдының  кӛлемі  күннен  күнге  артып,  мазмұны  ӛзгеріп  отыр.  ЖОО-да  білім  беру 
саласында ақпараттық  технологияларды пайдалану  арқылы білімнің сапасын арттыру, 
білім  беру  үрдісін  интенсификациялау  мен  модернизациялаудың  тиімді  тәсілдерін 
іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр /1/.  
Қазақстан  Республикасының  Президент  Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына 
Жолдауында  атап  ӛтілгендей,  қоғамымыздың  басым  міндеттерінің  бірінің  жүзеге 
асырылуы  –  халықтың  компьютерлік  сауаттылығын  қалыптастырумен  байланысты. 
Қоғамның  ақпараттануы  бүкіл  дүние  жүзіне  шексіз  ақпараттық  кеңістік 
қалыптастыра  отырып,  ӛндірісті,  білім  беруді  және  адамдардың  тұрмыс-тіршілігін 
түбегейлі ӛзгертуде.  
Білімді ақпараттандыруда электронды оқулықты қолдана білу қажеттілігі артуда. 
Электронды  оқулық  білім  беруде  ақпаратты  толық  қамтиды.  Электронды  оқулықтың 
автоматтандырылған  оқу  үрдісі  ашық  дамитын  әдістемелік  жүйе  екендігі  белгілі. 
Сонымен бірге электронды оқулық оқу ақпаратын тасымалдаудың жаңа құралы болып 
табылады. Онда оқу ақпараты толық мазмұндалып, әр түрлі қосымшалар, анықтамалық 
материалдар, бақылау тапсырмалары, ұсынылатын әдебиеттер тізімі және тақырыптық 
ресурстарға сілтемелер беріледі. 
Электронды оқулықтың жетістіктері мыналар болып табылады: 
шұғыл кері байланысты қамтамасыз етеді; 
-  дәстүрлі  оқулықта  кӛп  іздеуді  қажет  ететін  тиісті  ақпаратты  тез  табуға 
кӛмектеседі; 
-  мәтін  түсіндірмелерді  бірнеше  рет  қарап  шығу  барысында  уақытты  анағұрлым 
үнемдеуге мүмкіндік береді; 

қысқа  мәтіндермен  қатар  кӛрсетеді,  әңгімелейді,  жобалайды,  т.с.с. 
(мультимедиа-технологияның мүмкіндігі мен артықшылығы тура осы жерде кӛрінеді); 
-  әрбір  студентке  дербестік  тұрғыдан  қатынас  жасауға  мүмкіндік  беріп,  олардың 
ӛз бетінше білім алуын қамтамасыз етеді; 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.  
63 
-  белгілі бір бӛлім бойынша білімді тексеруге мүмкіндік туады. 
Электронды 
оқулық 
жасауда 
PVP 
Lingvo 
System 
бағдарламасының 
мүмкіндіктерін  қолдану  ӛте  тиімді  /2/.  Бағдарлама  бірнеше  бағдарламалармен  жұмыс 
жасауға мүмкіндік береді. Мәліметтер қол жетімді, толық жан-жақты қарастырылады.   
PVP Lingvo System бағдарламасымен электрондық оқулық жазудың реттілігі:  
-
 
 бағдарламаны іске қосу;  
-
 
 бағдарлама терезесімен танысу;  
-
 
 портфолио тізіміне оқулық атауын енгізу;  
-
 
 оқулықтың тараулары мен тарау бӛлімдерінің атауларын енгізу;  
-
 
 бӛлім  бойынша  құжат  тізіміне  теориялық  мағлұмат,  бақылау  сұрақтары, 
практикалық жұмыстар, глоссарий, тағы да басқа қосымша материалдар қосуға болады.  
 
 
 
Құжат тізімінен батырманы басу арқылы таңдалған құжатты ӛз бағдарламасында 
ашып  оқуға  болады;  Құжат  Microsoft  Word,  Corel  DRAW,  Adobe  Photoshop,  Microsoft 
Excel бағдарламаларын қолдануға болады. Corel DRAW бағдарламасымен электронды 
оқулықтың  сыртқы  мұқабасы  жасап  шығарылады  /3/,  Adobe  Photoshop 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (6), 2011.
 
64 
бағдарламасында фотолар мен суреттер редактілеу арқылы қолданылады.  Графикалық 
бағдарламалармен кӛрнекіліктер сапалы орындалады.      
 Көрнекілік  әдістер  оқу  материалын  оқушылардың  кӛзімен  кӛріп,    нақтылы 
түсінулеріне  мүмкіндік  береді.  Бұған  демонстрация,  иллюстрация  және  бақылау 
тәсілдері жатады. 
Демонстрация  (кӛрсету)  оқушыларды  құбылыстар,  процестер  және  заттардың 
нысанасымен  табиғи  жағдайда  таныстыру  барысында  қолданылады.    Әдістің  бұл  түрі 
оқылып  отырған  құбылыстың  қозғалысын  анықтау,  заттың  ішкі  құрылысы  және 
сыртқы  кӛрінісімен  немесе  бірыңғай  заттардың  орналасу  жағдаймен    таныстыруды 
кӛздейді.  
Иллюстрация  –  демонстрация  әдісімен  тығыз  байланыста  болады.  Бұл  әдісті 
иллюстративті  құралдарды  (плакаттар,  картиналар,  суреттер,  чертеждер,  портреттер, 
картограммалар, модельдер) кӛрсетуде қолданылады. 
Илююстрация  әдісінің  нәтижелі  болуы,  негізінен  оның  қолдану  тәсілдерінің 
мұғалімнің  қаншалықты  меңгергеніне  байланысты  болып  келеді.  Соның  негізінде 
оқушылар мен мұғалімге оқу материалын табысты меңгеруге айтарлықтай кӛмек бере 
отыра, ғылыми ұғымдарды жеңіл меңгеруге септігін тигізеді.  
 
 
PVP  Lingvo  System  бағдарламасымен  электронды  оқулық  жасауда  Macromedia 
Flash  бағдарламасымен  анимациялық  қозғалыс  беруге  болады.  Яғни  нысананы 
жылжытып,  қимыл-қозғалыста  кӛрсету  оқушылардың  танымдық  қабілеттерін 
белсендендіреді. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1.
 
Батыря А.Ю., Герра Р.Г.Компьютер обретает разум. М:Мир, 1990,240 с. 
2.
 
Тренинг  «Разработка  электронных  пособий  на  практическом  материале 
преподавателей с использованием платформы программы по управлению знаниями 
PVP LS, V.1.347‖ 
3.
 
Ковтанюк Ю.С.  Corel DRAW 12. - Киев.: «МК-Пресс», 2006 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада  оқытуды  ақпараттандыру  мәселелері  және  PVP  Lingvo  System 
бағдарламасымен электрондық оқулық жасау жолдары қарастырылған. 
 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.  
65 
РЕЗЮМЕ 
В  статье  рассматриваются  методы  информирования  обучений  и  пути  создания 
электронных учебников с помощью программы PVP Lingvo System. 
 
 
 
ӘОК 687.1 
БЕЙНЕЛЕУ ӚНЕРІНІҢ ЕЖЕЛГІ ДӘУІРДЕГІ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЖӘНЕ 
ПЕТРОГЛИФТЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІГІН АЙҚЫНДАУ 
 
Тоққұлиева У.К. – аға оқытушы (Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ) 
 
Қазақстан кӛркем мәдениетінің жүйелі немесе дискретті кезеңдерін зерттеу оның 
аумағындағы тарихи - мәдени бірліктердің, мемлекеттік құрылымдардың қалыптасуына 
тікелей  байланысты.  Мұндай  жүйелі,  кешенді  зерттеу  ұлттық  ӛнеріміздің  аймақтық 
және әлемдік мәдени кеңістіктегі  ролі  мен маңыздылығын, қазіргі  кездегі  кӛркемӛнер 
процесі  мен  ӛнердің  жалпы  әлемдік  қазынасына  қосқан  орасан  зор  үлесін  ашып 
кӛрсетуге  мүмкіндік  береді.  Бейнелеу  ӛнерінің  палеолит,  энеолит  және  қола 
дәуірлерінен  бастау  алған  тарихы,  Еуразия  ерте  кӛшпенділерінің  кӛркем  мәдениеті 
(скиф-сақ аң стилі), ежелгі түркілер мен ертедегі қазақ хандарының кӛркем дәстүрлері 
жайлы дәстүрлі ұлттық қолӛнер кәсібінен бастап, тәуелсіздік жылдарына дейін келетін, 
жаңа  дәуір  Қазақстан  бейнелеу  ӛнеріне  дейінгі  кезең  туралы  тұтас  еңбек  жасалған. 
Бейнелеу ӛнерінің негізгі идеясы рухани құндылықтар бірлігі, кӛркем ойлаудың этно-
ұлттық  ерекшелігі  негізінде  қалыптасқан  Қазақстан  аумағындағы  ӛнердің  даму 
процестері  арасындағы  үзілмейтін  сабақтас  байланыстарды  күшейту  болып  табылды. 
Зерттеу үшін пайдаланылған Қазақстан бейнелеу ӛнерінің бай матиралы бұл обьективті 
идеяны    толығымен  ашып  кӛрсетуге  мүмкіндік  беретін  хронологиялық  тәртіпте 
орналасқан.  Бейнелеу  ӛнері  туралы  бұрын  жарық  кӛрген  ―Изобразительное  искусство 
Казакстана‖  (1963),  ―Очерги  истории  изобразительного  искусства  Казакстана‖  (1978), 
―Мастера изобразительного искусства Казакстана‖ (1972,1984) сияқты басылымдардың 
жаңа әдістемелік деңгейіндегі жалғасы әрі жетілдірілген нұсқасы болып табылады. Бұл 
зерттеудің алдыңғы ӛнертанымдық жұмыстардан негізгі ерекшелігі-авторлық ұжымның 
мұқият  зертелмеген  Қазақсан  бейнелеу  ӛнері  тарихының  маңызды  қабаттары  болып 
табылатын ежелгі және ортағасырлық кезеңдердегі бейнелеу, сәндік-қолданбалы және 
сәулет ӛнерінің даму кезеңдеріне баса назар аударуында. Мұндай әдіс ұлттық бейнелеу 
ӛнерінің тарихи - мәдени ерекшеліктерін толығымен ашып кӛрсетуге мүмкіндік береді. 
Қазақстан  аумағы  бейнелеу  ӛнерінің  әбден  жетілген  түрлері  мен  айқын 
кӛріністерінің  алуан  түрлілігін  білдіретін  оның  ең  ежелгі  ошақтарының    бірі  болып 
табылады.  Осылай  ша  ежелгі  кезден  бері  Қазақстанның  бейнелеу  ӛнеріндегі  кӛркем 
формалар мәселесі оң шешімін тауып келе жатыр; 
Қазақстанның  бейнелеу  ӛнері  дүниетаным  мен  кӛзқарастың  ұжымдық,  туыстық 
мақсаттарын  білдіріп,  белгілі  бір  туыстық  қауымның  немесе  туыстық  топтардың 
қажеттіліктерін  қамтамасыз  етіп  қанағаттандырады.  Осылайша  Қазақстан  ӛнері 
ықылым заманнан бері социумның ӛмірінде маңызды роль ойнаған қоғамдық бейнелеу 
ӛнері болды; 
Қазақстан ӛнеріндегі сиқыршылық-салттық функция мен ежелгі адам түсінігіндегі 
адам  мен  әлемнің  пайда  болуы  жайлы  мифтік-космогониялық  мәселе  біршама  айқын 
берілген.  Ал  бұл  Қазақстанда  ӛмір  сүрген  ежелгі  отырықшылардың  кӛркем 
мәдениетінде  прагматикалық  және  философиялық  бастамалардың  айтарлықтай  тепе-
тең болғандығы жайлы айтады; 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (6), 2011.
 
66 
ӛнер туындыларындағы ақпараттық түйінің ерекше мәні бар, себебі туынды этно–
ұлтық  дүниетанымның  кӛне  стереотиптеріндегі  мағыналық,  рухани  алғышарттар 
жайлы айтуға мүмкіндік беретін ӛзінше бір кӛркем мәтін сияқты қалыптасады; 
қоршаған орта, табиғат әлемі, табиғат бастамасы мен негізгі байланысу принципі 
ежелгі  Қазақстан  ӛнерінде  айқын  кӛрінеді.  Бейнелеу  ӛнерінің  туындылары  табиғи 
материалдар мен нысандардан әрі солардың кӛмегімен жасалған.  Дәстүрлі және кӛне 
пантеизм  Қазақстан  ӛнеріндегі  табиғатқа  теңесу,  табиғатпен  теңестіру,ойлаудың 
бастапқы және принциптік кӛрінісі сияқты тұрақты идеяларына негіз болды; 
Қазақстан  ӛнері  шығармаларын  ӛнертанымдық  тұрғыдан  зерттеу  шығармаларды 
жасаудың  жете  зерттелген  және  ӛңделген  формальды  принциптерін  айқындауға 
мүмкіндік  берді.  Алуан  түрлі,  бірақ  анық  кӛрсетілген  композициялық  шешімнің 
принциптері петроглифтерде, керамика декорында қалай болса, зергерлік ӛнерде де дәл 
солай  нақты  анықталады.  Композиция  құру  әдістері  жете  зерттеліп,  тұтастай  дерлік 
қағидаға айналдырылған: кӛлбеу бойы-қайталанулар қатары; тік бойы; диагональ бойы, 
шеңберге  ұмтылған  композициялар,  симметриялық  кесте.  Бұл  кезеңде  бірнеше 
сюжеттердің, тақырыптар мен мотивтердің (адам мен жануарлар әлемімен байланысты 
сызықтың  бойымен  үнемі  айналып  тұратын),  сондай-ақ  оны  кӛркем  шығармаларда 
үйлестіру  принциптері  бірнеше  рет  қайталана  тиянақталып,    пластикалы  түрде 
кӛрсетіліп анықталды; тепе – теңдікті сақтауды Қазақстанның ежелгі ӛнерінің принципі 
ретінде  қарастыруға  болады.  Мысалы,  композицияның  ішінде  айқын  кӛрінген 
динамикада жалпы шешім статикаға ұмтылады, нәтижесінде ішкі статикадағы  сыртқы 
динамика шеңберінде  бейнеленген сюжетті, мотивті, кӛріністі тұрақтандырады. Пайда 
болуы жағынан имманентті, құдіретті әлем үндестігі идеясы осы тепе-теңдікті ұстауа ӛз 
кӛрінісін  табады.  Әлемнің  бастапқы  үндестігі  идеясын  ежелгі  ӛнерде  жүзеге  асыруда 
композициялық симетрия принципі пайдаланылады. 
Қазақстанның  кӛркем  мәдениетіне  ғасырлар  арқылы  ӛткен  ежелгі  суретшінің 
композициялық  ойлауы  қалыптасуының  нақты  белгілері  бар.  Композицияның 
ортақтығымен  біріккен  жартастағы  туындылар  айқындалды.  Бұл  жерде  оларды 
құрастырып  тұрған  суреттер  стилі  жағынан  да,  орындалу  технологиясы  бойынша  да 
сәйкес  келе  бермейді.  Бұл  тұрғыда  ежелгі  суретшілердің  жеке  туындысын  жалпы 
құбылыстың 
бӛлігі 
ретінде 
түсіну 
мейлінше 
қызықты. 
Петроглифтердің 
композициялық  құрылымын  талдай  отырып,  олардың    формальді  шешімін 
зерттеушілердің  алғашқыларының  бірі  А.Г.  Медоев  мынадай  тұжырымға  келді: 
―Фигураларды  кеңістікке  бӛлу  ӛзара  тепе-теңдік  принциптеріне  негізделген‖  /6/. 
Ауырлық-жеңілдік  балансы  кӛбіне  теңестірілген,  кӛзге  кӛрінетін  үлкен  қатты 
заттардың  салмағы    композицияның    тӛменгі    бӛліктеріне    шоғырланған.  Сонымен 
қатар,  композицияның кӛп  бӛлігі  тікбұрыштың  ішіне  салынып,  горизантальді  бағытта 
ӛсе  түседі,  ал  вертикаль  білік  микрокомпозициядан  тұратын  композицияларда  басым. 
Қазақстанның ежелгі ӛнерінің типологиялық ортақ кезеңі-жеңіл  реализмнен  бейнелеу 
және  сәндік  бастаманың  синтезіне  дейінгі,  ал  содан  кейін  орнаменталдық  пен 
декоративизмнің  күшейуіне  дейінгі  кезеңдегі  ұқсас  динамика.  Бұл  белгілер  ӛзінің 
жүйелі  және  анық  тарихи-мәдени  түсіндірмесін  қажет  етеді.  Бұл  белгілердің  барлығы 
ӛзінің  реті,  жүйелі  кең  тарихи-мәдени  түсіндірлімін  талап  ете  отыра,  дәл  осы  зерттеу 
нысанына айналып отырған кезеңге қатысты кӛптеген, тіпті барлық негізгі және іргелі 
дүниетанымдық,  кӛркемдік  қабылдау  стреотиптерін  танып,талдап,  уақыт  келе  қазақ 
бейнелеу  ӛнерінің  бай  кӛркемдік  мұрасына,  этно-мәдени  дәстүрінің  арсеналына  
айналған қабаттарды ашуды талап етеді. Қазақстан бейнелеу ӛнерін кӛне замандардан 
қазіргі күнге дейін түсіну үшін оның тарихи-мәдени сабақтастығының дамуының әрбір 
кезеңінде  қандай  ерекшеліктер  болғандығын  анықтау  қажет.  Сондай-ақ  олардың 
қайсысы  ғасырлардан  ғасырларға,  дәуірлерден  дәуірлерге  ӛткен  констатты  екендігін 
түсініп  тарихи-мәдени  жағдайлардың  ӛзгеруіне  қарамастан  қазақстан  кӛркем 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.  
67 
мәдениетің  ерекше  феномені  мен  белгілі  түрін  қалыптастырып  жатқанын  анықтау 
қажет. 
Бейнелеу  ӛнерінің  негізгі  даму  кезеңдерін  зерттеу  мынадай  негізгі  процестерді 
немесе  ең  басты  ерекшеліктерді  айқындады:  әлем-  адам  мен  олардың  ортақ 
космоқатыстылығы  (антропоморфизация  құбылыстарының  бірі  ретінде)  белгілі 
идеясын  жүйелі  жүргізу;  әлем  мен  адамды  түсіну  иерархиялығына  кӛзделген  мақсат 
(мүмкін, құрылым мен кӛркем  объектілердің нақылығы осы жерден шығар); үш жақты 
компонеттердің    бірлігі-дүниетанымдық,  прагматикалық  және  эстетикалық;  кӛркем 
объектінің  рухани,  мағыналық,  магилық  мәнінің  маңыздылығы  (мүмкін,  константтық 
метафизикалығы  осы  жерден  шығар);  кӛркем  пішінінің  байланысы    идеялық 
сигналдардың  шифрланғандылығын  және  осыған  сәйкес  белгілі  бір  эзотериялықты 
айқындады. 
Қазақстан ӛнерінің тарихи-мәдени ӛзіндік ерекшелік концепциясы елдің  тарихи – 
мәдени  дамуы  ерекшеліктерін  жете  ұғынуға,  мәдениеттің  тамаша  түрін 
қалыптастыруда  тарихи  дамудың  белгілі,  нақты  кезеңдерінен  ӛту  арқылы,  дәстүрлі 
рухани  координаттарды  сақтау  негізінде  жаңа  тәжірибе  жинақтау  арқылы  біртіндеп 
жүйелі  түрде  қалыптасқанын  түсінуге  негізделген.  Қазақстан  кӛркем  мәдениеті 
ерекшелігінің  қалыптасуы  дәуірлермен  мәдени  феномендер  дискіреттігінің  алмасуы 
негізінде  жүріп  жатты  және  ерте  кезден  бүгінгі  күнге  дейін  қазақтың  бейнелеу  ӛнері 
феноменіне  кӛркемдік  сезімнің  бірлігін,дүниетанымның  ерекше  әдісі  мен  кӛркем 
ойлаудың ӛзіндік жүйесін берген рухани менталдық формаларға енгізілді.   
Композиция панорамалық пейзаж- ―әлем картинасы‖ әсерін беріп,ежелгі адамның 
әлем  жайлы  түсінігін  бейнелейді.Композицияның  дәл  ортасанда,  ―арба‖  мен 
адамдардың  фигурасы  және  олардың  тұрғынжайлары  арасында  тау  ешкінің  бейнесі 
орналасқан;  ―пейзаждың‖  ―аспан‖бӛлігі  тек  крест  тәрізді  белгілермен  ғана  берілеген. 
Неолит  және  энеолит  дәуірлеріне  толық  сеніммен  жатқызуға  болатын    жартастағы 
басқа суреттер әлі табылған жоқ. 
Қола дәуірінде (б.э.д.ІІ-мыңжылдық )анималистік образдардан басқа адамдар мен 
арбалардың  бейнелері,  аң  аулау,  соғыс,  әртүрлі  әдет-ғұрыптар  мен  салт-жораларды, 
эротикалық  кӛріністерді  суреттейтін  күрделі  кӛпфигуралы  композициялар  пайда 
болды;  тасқа  сурет  салудың  негізгі  әдістері  қалыптасты.  Қола  дәуірінде  жартастағы 
суреттерге  қатысты  әртүрлі  стилистік  әдістер  пайда  болды.  Шығыс  Қазақстан 
петроглифтерінің  сол  дәуірге  жататын  Жетісу  аумағындағы    ―Тамғалы  дәстүрі  ‖ 
бойынша орындалған жартастағы суреттерден айырмашылығы кӛлемі жағынан шағын, 
стилистикалық  жағынан  солғынды.  Оған  Бұғытас  жартасындағы  бейнелер  жатпайды. 
Олар  стилистік  және  композициялы  жағынан    Тамғалы  шатқалындағы  бейнелерге 
жақын. 
Салыстырмалы  композициялық  құрылымымен  ерекшеленетін  аң  аулау  кӛрінісі 
мен эротикалық  кӛрініс біріктірілген. Шығынқылығына қарамастан, тастың тік болуы 
да  жануарлар  (тауешкі)  мен  адамдардың  (иерогамдық  кӛрініс  композициясының 
тӛменгі  бӛлігінде  )  басқа  фигуралары  да  ойып  салынған,  жартастағы  картинаның 
жоғарғы  бӛлігі  ӛзінің  жеке  сюжеті  бар  толық  аяқталған  композиция  әсерін  береді. 
Негізгі  сюжетті  кӛршілес  бейнелерден  ажыратып  тұрған  тастағы  табиғи  жарықтар 
әсерді  одан  сайын  күшейтеді.  Сонымен  қатар  жарықтар  үшкір  ұшты,  үшбұрышты 
формат және үшбұрышты композиция қалыптастырады.Композицияның дәл ортасында 
садақты  тартып,  екі  тауешкіні  атып  жатқан  адам  бейнеленген.  Жануарларды  суреттеу 
ӛте қызық-қарсы жақтарға қарап, иілген ұзын мүйіздерімен қабатталған ―арка ‖жасаған 
тау  ешкілердің  айналы,симметриялы  бейнелері  фас  ракурсында  бейнелеудің  нұсқасы 
сияқты. Жоғарғы жақта, аңшылар мен жануарлар фигураларының үстінде –адамның екі 
бейнесі,  тӛменгі  жағында  –адамның  қимыл  кӛрініс  орналасқан.  Тӛменгі  дуэттің 
аяғының  астында  –иттің  бейнесі  салынған.  Одан  тӛменде  бір  нәрсеге  ұқсату  мүмкін 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (6), 2011.
 
68 
емес  жануардың бейнесі берілген. Тұтас алғанда, композицияның анықтығы соншалық 
–ол мифологиялық аңыздар иллюстрациясының әсерін береді.   
Қорыта  келгенде,  сонау    тас  дәуірінен  келе  жатқан  жартастағы  суреттер  адам 
ӛміріндегі  әртүрлі    ӛзгерістерден  хабар  береді.  Аңшылық,  жабайы  аңдар  және  үй 
жануарлары  бейнелерін,  жылқыға,  түйеге  жеккен  арбаларды,  қашап  бейнелеген. 
Сонымен  қатар  бұл  аталған  бейне  кӛріністер  ір  кезеңдерде  ӛзіндік    ерекшеліктерімен 
айрықшаланғанын байқаймыз. 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1.
 
Айдаров ҒОрхон ескерткішінің тексі. - Алматы: Ғылым, 1990 ж. 
2.
 
Әбіағазы. Түрікшежіресі. (Халыққазынасы).- Алматы: Ана тілі, 1991 ж. 
3.
 
Бабыр Захир ад-дин Мухаммед. Бабырнама. - Алматы: Ататек, 1993  ж. 
4.
 
Базаров 
Б.В., 
Ням-Осор 
Н
Из 
истории 
символики 
и 
атрибутики 
монгольской государственности // Этнографическое обозрение. 2003 г. с. 62-68. 
5.
 
Вамбери АПутешествия по Средней Азии.- с-пб., 1865 г. 
6.
 
Гордлевский  В.А.  Избранные  сочинения.  т-1  Исторические  работы  –  М.: 
Издательство восточной литературы, 1960.г. 
7.
 
Кисилев 
С.В. 
Древняя 
история 
Южной 
Сибири. 
Материалы 
и 
исследования по Археологии СССР №9.- М.-Л.: Издательство Академии наук СССР, 
1949.г. 
8.
 
Кызыласов Л.РО назначении древнетюркских каменных изваяний, изображающих 
людей. -  Советская археология, 1964 г. 
9.
 
Материалы 
по 
истории 
Казахских 
ханств 
ХV-ХVIII 
веков 
(Извлечения из персидских и тюркских сочинений). - Алма-Ата: Наука Каз ССР, 1969 
г. 
10.
 
 Самашев 3. К Изучению графического искусства средневековых номадов  
// Наскальное искусство Азии. Вып. 1.-Кемерово, 1995г. 
11.
 
Степи Евразии в эпоху средневековья.— М.: Наука, 1981. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада  бейнелеу  ӛнерінің  негізгі  идеясы  рухани  құндылықтар  бірлігі,  кӛркем 
ойлаудың  этно-ұлттық  ерекшелігі  негізінде  қалыптасқан  Қазақстан  аумағындағы 
ӛнердің  даму  процестері  арасындағы  үзілмейтін  сабақтас  байланыстарды  күшейту 
болып  табылды.  Зерттеу  үшін  пайдаланылған  Қазақстан  бейнелеу  ӛнерінің  бай 
матеиралы  бұл  обьективті  идеяны  толығымен  ашып  кӛрсетуге  мүмкіндік  беретін 
хронологиялық тәртіпте орналасқан. 
 
РЕЗЮМЕ 
В  статье  рассматривается  единство  духовных  ценностей  как  основная  идея 
изобразительного 
искусства, 
процессы 
развития 
культуры 
Казахстана, 
сформированные  на  основе  этнонациональных  особенностей  художественной  мысли. 
Материалы использованные для исследования изобразительного искусства Казахстана  
даны в хронологическом порядке, дающим возможность объективно раскрыть данную 
идею. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.  
69 
ӘОК 758.1  
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СУРЕТШІЛЕРДІҢ НАТЮРМОРТ ЖАНРЫНДАҒЫ ҦЛТТЫҚ 
ҚОЛТАҢБА ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ  
 
Тулегенова А.С. – магистр, оқытушы (Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ) 
 
―Ұрпағы  білімді  халықтың  болашағы  бұлдыр  болмайды‖  дегендей,  жас  ұрпаққа 
білім  беру  –  бүгінгі  күннің  басты  талабы.  Ел  президенті  Н.Ә.Назарбаевтің  биылғы 
жолдауында да әдеттегідей басты орында барлық  Қазақстандықтардың ӛсіп ӛркендеуі, 
қауіпсіздігі, әл-ауқатының артуы және елдің денсаулығын жақсарту міндеттерімен бірге 
жас  ұрпаққа  білім  мен  тәрбие  беру  мәселесі  атап  кӛрсетілген.  Осыған  орай,  тәуелсіз 
мемлекетімізде еңбекқор, білімді, парасатты жастарды тәрбиелеу қажеттілігі туады.  
Бүгінгі  Қазақстан  жоғары  оқу  орындарының  қарқынды  ӛзгерістерге  бет  бұрып 
отырғандығы  белгілі.  Бүгінгі  қоғам  сұранысының  талабына  сай  оқу-тәрбие  үрдісінде 
бейнелеу  ӛнерінде  студенттерге  кӛркем  теориялық  білім  бере  отырып,  олардың 
практикалық іс-әрекеттерін жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, мәдениетті, 
білімді тұлға қалыптастыру басты талап болып отыр.  
Бейнелеу ӛнері  жалпы ӛнердің бір бӛлігі. Бейнелеу дегеніміз заттардың, табиғат 
құбылыстарының,  адамның  және  жан-жануарлардың,  ӛсімдіктердің  кӛрінісін  қағаз 
бетіне  салу.  Олардың  нақтылы  бейнесін  берумен  ғана  шектелетін  суретшіні  ―кӛшірме 
суретші‖  дейді.  Ал  нағыз  суретші  болу  үшін  бейнелейтін  заттың,  құбылыстың 
кӛркемдік жағын ойлау керек. Бейнелеу ӛнері бүгінгі мен ертеңгіні ғана емес, сонымен 
бірге ӛткен ӛмір шындығын да бейнелейді. Егер бейнелеу ӛнері болмаса, бұрын ӛткен 
ата-бабаларымыздың,  ұлы-даналарымыздың  түр-түсін,  бейнесін  кӛз  алдымызға 
елестете  алмас  едік.  Кейін  келе  сурет  ӛнерінің  дамуына  байланысты  сәулет,  мүсін, 
кескіндеме ӛнері ӛмірге келді /1/. 
Бейнелеу ӛнері  пейзаж, натюрморт, тұрмыстық,  соғыс жанры т.б. болып бірнеше 
түрге  бӛлінеді.  Солардың  ішінде  натюрморт  (негізінен  қондырғылы  кескіндеменің) 
бейнелеу ӛнерінің бір саласы ретінде ӛзіндік орны бар. 
Натюрморт  француз  тілінен  аударғанда  (nature  morte)  ―ӛлі  табиғат‖  деген 
мағынаны білдіреді. Натюрмортта бір құрылымға топтастырылған жансыз заттар (гүл, 
жеміс, ет, балық, күнделікті тұтынатын заттар, т.б.) кейде тірі организмдер де (аң, құс, 
құрт-құмырсқа,  адам  еңбегі  және  шығармашылық  қызыметінің  атрибуттары) 
бейнеленеді.  
Қойылымдағы заттар натюрморт жанрының кӛмекші тәсілі ғана емес, ол сонымен 
қатар  қойылым  тілімен  ӛмірді  жан-жақты  сипаттайды.  Сондай-ақ  ӛмірдің  қуанышын 
нығайтып,  жемістің,  кӛкӛністің,  гүлдің  әсемділігіне,  әйнектің,  металдың  жарқырауы 
сияқты қарапайым нәрсеге сүйсіне қарауға шақырады /2/.  
Натюрморт  –  сюжеті  жағынан  таусылмайтын  жан-жақты  және  таңғажайып 
тақырып.  Тұрмыстың  кез  келген  заты:  гүл  шоғы,  теңіз  жағалауында    табылған 
бақалшақ, кітап, піскен алма тағы да басқа кӛптеген заттар суретші ғана емес, сонымен 
қатар  кӛрермендердің  бірнеше  ұрпағын  да  толғандыратын  ӛнер  шығармасының 
объектісі бола алады.  
Негізінде  бұл  жанр  шынайы  реализм  немесе  біртума  кубизм,  кенеп  немесе 
папирус  беті,  темпера  немесе  пастель  болсын  қай  стильде  салынса  да  тамаша.  Жаңа 
техникалардың  дамуына  байланысты  натюрморттың  ӛмірді  бейнелеу  тәсілдерінің 
дамуы да мүмкін. 
Натюрморт – жанрдың кӛмекші тәсілі ғана емес. Қойылым тілімен ол ӛмірді жан-
жақты  сипаттайды.  Натюрморт  ӛмірдің  қуанышын  нығайтып,  жемістің,  кӛкӛністің, 
гүлдің  әсемдігіне,  әйнектің,  металдың  жарқырауына,  қарапайым  нәрсеге  сүйсіне 
қарауға  шақырады.  Осындай  ерекшелікке  ие  болатын  натюрморт  жанрына  қалам 
тартқан суретшілер кӛптеп саналады /3/.  

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (6), 2011.
 
70 
Қандай  ағымда  болмасын  немесе  қандай  бояумен  салынбасын    натюрморт 
жанрының  ерешелігі  туындының  тамаша  шығатындығында.  Жаңа  техникалардың 
дамуына байланысты натюрморттың ӛмірді бейнелеу тәсілдерінің дамуы да мүмкін.  
Мысыр  және  Грек  суретшілері  жер  ӛнімдерін,  құрбандыққа  арналған  нәрсені, 
тұрмыстық  әбзелін  т.б.  заттарды  тамаша  бейнелеуге  тырысқан.  Фрескамен  мен 
мозайкаларда гүл және жеміс-жидек, балық және теңіз сыйлықтары, кӛкӛніс және құс, 
жұмыртқа  және  тауық  салынған  себет  сияқты  күнделікті  тұрмыста  қолданылатын 
заттарды ұсақ бӛлшектеріне дейін мәнерлеп салуды үнатқан.   
Алғашында  натюрморт  жеке  жанр  ретінде  емес,  керісінше  қосалқы  композиция 
ретінде  Кӛне  шығыста  пайда  бола  бастады.  Тек  ортағасырда  біршама  ілгерілеп,  дами 
бастады.  Бірақ,  натюрморт  жеке  жанр  ретінде  қайта  ӛрлеу  дәуірінде  Италияндық 
шеберлерінің  шығармаларында  ерекше    орын  алды.  Нидерланд  суретшілерінің 
материалдық  әлемге  қызығушылығы  оның  нақты  сезімталдығы  дамыған  шақта  жаңа 
заманда дүниеге келді.  
XVI  ғасырдың  екінші  жартысы  мен  XVII  ғасырдың  басында  натюрморт 
жанрының  тарауы,  оған  себеп  болған  осы  ғасырға  тән  табиғи-ғылыми  бағыт,  ӛнердің 
тұрмысқа,    адамның  жеке  басының  ӛміріне  қызығушылығы  және  дүниені  кӛркемдік 
игеру әдістерінің нақты дамуына байланысты болды.  
ХХ  ғасырдың  алғашқы  жылдарында  кеңес  билігі  мен  социалистік  қатынастың 
пайда болуы қарсаңында қазақтың ұлттық мәдениетінің қалыптасуы жүзеге асады.  
Графика Қазақстанда кеңінен тараған бейнелеу ӛнерінің алғашқы түрі болды. Ал 
бейнелеу  ӛнерінің  жеке  түрі  ретінде  ол  елімізде  ХХ  ғасырдың  басында  пайда  болып 
дами  бастады.  1930  жылдардың  басында  пайда  болған  кескіндеме  мектебінің 
ізденістерінің  бағыты  мен  сипатын  кӛпке  дейін  анықтап  берген  кескіндемешілер 
ұжымы қалыптасты. Ол кездегі график-кескіндемешілердің жұмысы кездейсоқ сипатта 
болып,  олар  газет  бетіндегі  мақалаларға  иллюстрациялар  мен  этюдтермен  бірге 
кескіндемелік  жұмыстарға  қосымша  материал  қызыметін  атқарған  нобайлармен 
шектеліп  отырды.  Сол  жылдардағы  суретшілердің  кӛптеген  графикалық  жұмыстары 
бір-бірінен  тек  ерекше  кӛркемдік  сипатымен  ғана  ерекшеленбей,  олар  жиірек  сол 
кездегі бейнеленетін құжат ретінде тарихи қызығушылықты ұсынады /4/.  
Кескіндеме  ӛнерінің  кӛптеген  жанрларында  белсенді  еңбек  еткен,  қазақ 
қыздарының  арасынан шыққан  тұңғыш  суретші  Айша  Ғалымбаева  болды. Суретші  ӛз 
шығармашылығында  тұрмыс  заттарын,  ыдыс-аяқ,  гүлдерді  бейнелеуге  селсоқ 
қарамайды,  суретшінің  ӛзін  қоршаған  ортаға  деген  сүйіспеншілігі  әдемі  де  сұлу 
натюртортарынан  кӛрінеді.  Суретші  бұл  жанрдан  да  шабыт  кӛзін  тапқан.  Оның 
натюрмортары табиғаттың сұлу кӛркін аша отырып, суреткердің де ой, сезімдерін паш 
етеді.  Шартты  түрде  натюрморт  жанрына  жатқызуға  болатын  ―Шеберхана  бұрышы‖ 
шығармасында  бүгінгі  адамның  күрделі  рухани  ішкі  жан  дүниесі  кӛрсетіледі.  Бұл 
композицияға  ӛзге  де  ӛнер  туындылары  (әйелдің  мүсіндік  портреті),  шеберхана 
қабырғасына  ілінген  рамадағы  пейзаж  кӛрінісіндегі  табиғат  суреттері  енгізілген. 
Кенепке салынған суреттегі әрбір нәрсенің адам, суретші ӛмірінен алатын рӛліне қарай 
ӛзіндік символдық мәні бар.  
―Дастархан‖(1959),  ―Ақ  құмыра‖  (1968),  ―Қарагӛз‖  (1974)  натюрмортары  да 
маңызды  сипатқа  ие.  Заттардың    ―жанын‖,  ―сұлулығын‖  түсінетін  дарынды  қылқалам 
шеберінің  натюрмортарынан  біз  айшықты  формада  берілген  қарапайым,  әсерлі  сезім 
саздарын  аңғарамыз.  Алма,  анар,  жүзім  салынған  ―Қызыл  апорт‖  (1966),  ―Айва‖  деп 
аталатын  бірнеше  туындыларынан  да  суретшінің  ӛмірге,  табиғат  пен  адам  еңбегінің 
жемістеріне  деген  махаббат  сезіледі.    Мәңгі  жаңғырып,  жасарып  отыратын  табиғат 
тақырыбы  қатты  толғандыратын.  А.Ғалымбаеваның  натрморт  жанрында  жазған 
жұмыстары  шын  мәнінде  сәнді,  әдемі,  айшықты  дүниелер.  Мысалға  ―Кӛне  керемика‖ 
туындысын  алайық.  Бұл  жерде  қызыл  қоңыр  түсті  оюлы  текемет  пен  кӛгілдір  сәнді 
матаның  фонында  шығыс  үлгісінде  жасалған  бірнеше  қыш  ыдыс  тұр.  Олардың  түрі, 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.  
71 
түсі,  ою-ӛрнектері  ерекше  мұқият  салынған.  Бұл  жерде  суретшінің  халық  ӛнеріне 
ұлттық  мәдениет  пен  тарихқа  қанық  адам  екені  анық  кӛрінеді.  Шебердің  қолтаңбасы 
тым  нәзік,  бояу  түстерінің  үйлесімі  күмістей  сыңғырлайды.  Ал  оған  жақын  қойылған 
шар  кесенің  ішіндегі  қып-қызыл  анарлар  кӛзге  шоқтай  басылады.  Мұндай 
жақындықтан тұрмыста қолданылған ежелгі кӛне заттар қайта жасап, жаңғырып шыға 
келгендей,  халық  ӛнерінің  сұлулығы  мен  қасиетіне  қайран  қалып,  тамашалаған  сәтте 
археологиялық  заттардан  тұратын  бұл  композицияның  этонграфиялық  сипаты  мүлде 
жоғалып  кетеді.  Онда  шын  мәнінде  кӛркем  туындының  кемімек  емес  деген  терең  ой 
жатыр.  Мәселен  ―Қазақтың  ұлттық  бас  киімдері‖  атты  туынды  суретшінің 
қылқаламының  арқасында  толыққанды  образдарға,  біздің  бүгінгі  тіршілігіміздің 
қажетті,  құрамдас  бӛлігіне  айналады.  Бұл  туындысы  арқылы  суретші    ата-
бабаларымыздан мирас болып  қалған ұлттық бұйымдарымыз  арқылы келер ұрпақты 
ӛзінің салт-дәстүрін сүйетін, саналы ұрпақ  болып ӛсулеріне азда болса  ӛзінің үлесін 
қосты  деп айтала аламыз. 
Мына  бір  «Кӛктем  және  күз»  деп  аталатын  натюрморты  да  ерекше.  Терезеден 
кӛктем, құлпырған ӛмір кӛрінеді. Кенепті түгелдей гүл ашқан алма ағашы алып жатыр. 
Кӛктемгі  бақ  кӛгілдір  ауа  күн  шуағына  малынып  тұр.  Ал  терезе  алдындағы  табақта  
үлкен қызыл алмалар жатыр. Оның қызыл түсі бақтың кӛгілдір реңімен әдемі үйлесім 
тапқан.  Бұл  натюрморты  кӛргенде  кӛктемгі  табиғатты  тамашалап,  жер  рызығының 
дәмін татқандай боласың. 
Қазақстан бейнелеу ӛнерінің дамуына ат салысқан орыс суретшілерінің бірі  Илья 
Иванович Машков еді. ХХ ғасырдың басындағы кескіндемедегі батыл новатор, тамаша 
шебер,  оның  туындылары  кеңес  ӛнерін  байытқан,  кейіннен  аты  шыққан  суретшілерді 
оқытқан  тәжірибелі  педагог  болды.  «Алмұрт  пен  алмалар»,  «Натюрморт  ананаспен», 
«Натюрморт  жүзіммен»,  «Натюрморт.  Қызыл  түстегі  жейдектер»  атты  натюрморт 
жанрында  жазған  туындылары  бар.  Суретші  қоршаған  дүниені  халық  шеберлерінің 
кӛзімен  кӛргісі  келгендей.  Ол  заттарға  терең  үңіліп,  олардың  тұрақтылығын  анықтау 
үшін  батыл  жазады.  Кенептің  ортасында  түрлі-түсті  ірі  жемістер  қоршаған  жан 
жағында  алмасы  бар  ананас  салынған    тәрелке.  Суретке  үстінен  қарағанда  «кеңістігі 
тар» сияқты болып кӛрінеді.  
«Натюрморт ананаспен» деген жұмысында түстің маңызы ӛте зор, ал жарықтың, 
заттың  формасын  жеткізуші  рӛлі  екінші  орында  тұрады.  Қылқалам  шебері  ӛзінің 
жұмыстарында үстел үстіндегі жеміс-жейдектерді әдемі мерекелік кӛрініске айналдыра 
біледі.  Сонымен  бірге  ол  кескіндеме  тілімен  басқалар  жеткізе  алмайтын  заттардың 
сапасын  кӛрсете  алады.  Оның  натюрмортында  хош  иісті  оттай  лаулаған  қызғылт 
апельсин,  қып-қызыл  раушан  гүлдері,  құлпынай,  шырыны    тамып  тұрған  кесілген 
лимон,  қарбыз,  ананас,  асқабақ  сиқты  жеміс-жейдектердің  бірнеше  түрін  кездестіре 
аласың. 
Қазақстанның  сұлу  табиғатын  шабыттана  суреттеген  қылқалам  шеберінің  бірі  – 
Үкі Әжиев еді. Талантты суретшіні қазақтың бірінші акварелист-суретшісі деп атайды. 
Шебердің  ӛзі  ұстазы  әрі  замандас  досы  Әбілхан  Қастеевтің  ізін  басушымын  деп  қана 
дабырайтпай  айтады  ӛзін.  Әлемді  эпикалық,  баяндау  етіп  қабылдайтын  Ә.Қастеевтен 
Ү.Әжиевтің ерекшелігі - әрбір заттың талабына сай, ештеме қоспай және қайта жазбай, 
дәлме-дәл қайталаудан қашқақтап, бірден жазу. 
«Шаммен натюрморт» туындысында акварель техникасын шеберлікпен пайдалана 
білген. Жан-жағына сәулесін тӛгіп тұрған шам, ваза салынған әдемі сары гүлдер, оның 
жанында  ыдыстағы  қызыл  алмалар  мен  лимон  бірін-бірін  толықтырып  тұрады.  Қай 
затты  алып  қарасаң  ад  ӛмірдегідей  анық.  Суретші  қолданған  түстер  ӛзінің 
жылылығымен адамды ӛзіне бірден баурап алады.  
Гүлфайруз  Исмайлова  Қазақстан  бейнелеу  ӛнеріне  ӛзіндік  қолтаңбасымен  із 
қалдырып  кеткен  дарынды  суретшілердің  бірі.  Қылқалам  шебері  пейзаж  бен  портрет 
жанрына  қоса  натюрморт  жанрына  да  қалам  тартты.  Оның  натюрморт  жанрында 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (6), 2011.
 
72 
жазған туындыларының бірі 1967 жылғы ―Бас киімдер‖ (Халық шеберлері триптихінің 
бір бӛлігі) атты туындысы. Бұл жұмыста суретші қазақ халқының ұлттық бұйымдарын 
насихаттайды.  Ата-бабаларымыздан  қалған  құнды  дүниелеріміздің  сұлулығын, 
кӛркемдігін әлемге паш ете білді.  
―Бас  киімдер‖  атты  натюрмортында  суретші  бірінші  кӛріністе  үш  бірдей  қазақ 
қыздарының  ұлттық  бас  киімдерін  бейнелеген.  Туындыны  тамашалап  қарағанда 
кӛзімізге  бірден  ортада  тұрған  қыз  баланы  ұзатқанда  киетін  сәукеле  түседі.  Қанық 
қызыл  түсте  бейнеленген  сәукеле  ӛзінің  әсем  әшекейлерімін,  ұлттық  оюларымен 
ерекшеленіп тұрады.  
Бас  киімдерді  олардың  жанында  тұрған  зергерлік  бұйымдардың  толықтырып 
тұруы туындының халқымыздың ұлттық құндылықтарға толы екендігін тағы бір мәрте 
паш ете түседі.  
Бойжеткен  қыз  балалардың  ата-бабаларымыз  үлде  мен  бүлдеге  орап,  оларға 
ерекше  ілтипатен  қарағандары  белгілі.  Олардың  қолға  тағатын  білезіктері,  мойынға 
тағатын тұмаршалары, қыпша белдеріне тағатын әсем белдіктері ұлттық ою-ӛрнектерге 
толы.  Талантты  да  танымал  қылқалам  шебері  Г.Исмайлованың  осындай  баға  жетпес 
кӛркем  туындыларын  қараған  кезде  қазақ  халқының  тұтастай  бір  ғұмырын  кӛз 
алдымызға елестетіп ӛткендей боламыз.  
Сабақ  барысында  суретшінің  натюрморт  жанрында  жазылған  кез-келген 
шығармаларына талдау жасай отырып студенттердің ұлттық құндылықтарымызды  жас 
ұрпақтың бойына сіңіре аламыз /3/. 
Қазақстан  Республикасы  суретшілер  одағының  мүшесі,  бірнеше  хылықаралық 
және  Республикалық  кӛрмелерге  қатысқан  дарынды  қылқалам  шеберінің  бірі 
Е.А.Бейсенбина  ӛзінің  натюрморт  жанрын  шеберлікпен  сала  білген.  Суретшінің 
натюрморт жанрында жазылған қай туындысын алып қарасаң да жансыз заттардың ӛзін 
тамаша  кӛрсетеді.  Мысалы  2002  жылы  жазылған  ―Кӛк  күз‖  атты  кӛркем  туындысы 
кӛкӛністерден (пияз, сарымсақ, қызылша, кӛкшаңбыр т.б.) құралған. Туынды аты айтып 
тұрғанай толығымен суық кӛк түске бағындырылған. 
―Жүзім  мен  алмалар‖  (2005)  атты  туындысы  толығымен  жеміс-жидектерден 
құралады.    Күз  мезгілінің  берекелі  де  мерекелі  шағын  тап  басып  кӛрсете  білген. 
Дастархан  толы  жомарт  даланың  берген  тағамдарымен  толып  тұр.  Кӛздің  жауын 
алатын  мӛлдіреп  пісіп  тұрған  жүзімдер,  әр  жерде  шалылып  жатқан  алқызыл  алмалар, 
жасыл  жапырақтар  мен  үшып  жүрген  кӛбелек  те  соншалықты  шынайы  суреттелген. 
Сан  алуан  түстерге  бай  натюрморт  ӛзінің  шынайылығымен,  әдемі  орналасуымен 
ерекшеленіп  тұр.  Сары,  қызыл,  ақшыл  сары,  жасыл  сияқты  бірнеше  түстер  ӛзара 
үйлесім  тауып,  ортақ  бір  жылы  түске  бағынып  тұр.  Е.А.Бейсенбинаның  ―Жүзім  мен 
алмалар‖ туындысынан суретшінің ӛзіне тән нәзіктігін байқауға болады.  
Натюрморт  жанрында  жазылған  қандай  туындыны  алып  қарасаң  да  ӛмірдің 
шындығын,  суретшілердің  шынайылығын  аңғаруға  болады.  Жоғарыда  аталған 
талантты суретші Е.А.Бейсенбинаның туындылары арқылы қазақ халқының кең пейілді 
жомарттығын  кӛрсете  отырып,  жас  жеткіншектердің  бейнелеу  ӛнеріне  деген 
сүйіспеншіліктері мен талғамдарын қалыптастыруға болады.  
Сыртқы дүниені жаңа ақпараттық ӛркениет жайлап, зор ақпараттық үрдісті бастан 
кешіріп жатқан қазіргі заманда таным және ӛзін-ӛзі илану құралы ретінде, әлем жайлы 
тұтас ұғымға ие болу, ондағы адамның ӛз орнын табу тәсілі ретінде, біз ӛнерге қайта-
қайта бет бұрамыз. Шығармашыл, белсенді, рухани бай, эстетикалық тұрғыдан дамыған 
тұлға қалыптастыруда бейнелеу ӛнерінің атқаратын қызыметі шексіз /4/.   
Ұлттық мәдениет пен ӛнер негізінде жас жеткіншектерге жан-жақты эстетикалық 
тәрбие  беру  сұлулыққа,  тазалыққа  үйрету  адамзат  қоғамында  бұрын  соңды  жасалған 
мәдени  мұраны  жүйелі  меңгеруге  жалпы  әлемдік  рухани  құнды  иеліктерді  бағалай 
білуге тәрбиелеу жақтары қарастырылған. 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.  
73 
Еліміздің  әлеуметтік-мәдениеті,  халықтың  эстетикалық  талғамы  ӛскен  сайын, 
қоғам дамуының барлық саласындағы болып жатқан ӛзгерістерге сай білім беру деңгейі 
де ӛзгеріп, әлеуметтік мағынасы жоғары жаңа талаптар жүктеледі.  
Рухани  мәдениетті  байытуға,  оның  ішінде,  кӛркемӛнер  мәдениетін  дамытуға, 
бейнелеу  шығармашылық  іс-әрекетін  қалыптастыруға  негіз  болатын,  ӛз  бойында 
ӛткеннің эстетикалық тәжірибесін сақтаған, оның басты және мәнді белгілерін сіңірген 
бейнелеу  ӛнері  болып  табылады.  Бейнелеу  ӛнерін  оқыта  отырып  жастардың 
шығармашылық  қабілетін  дамытып,  кӛркемдік  талғамын  қалыптастыру  қай  кезде 
болмасын ӛзінің ӛзектілігін жоймайды.   
Қазіргі  кезде  әр  халықтың  мақсаты  ӛздері  ӛмір  сүретін  ортаның  рухани,  мәдени 
интеллектуалына  және  әлеуметтік  дәрежесіне,  білімділік  деңгейіне  лайық  қоғам  құру 
екені мәлім. Сондықтан барынша еліміздің жастарға жаңа заман талабына сай толық та 
сапалы  білім  беру  ӛрелі  ӛскелең  жастарды  тәрбиелеу  ӛнерді  насихаттаудан 
басталатынына  күмән  келтірмейді.  Ал  оқытушының  жеке  тұлғаның  келешектегі 
білімінің сәтті болып, жан-жақты дамуына жауапты екені мәлім.  
Қорыта  айтар  болсақ,  бейнелеу  ӛнері  арқылы  әсемдік  талғамын  қалыптастыру, 
кӛркем туындыларымызға бүгінгі күнгі  суреткердің кӛзімен қарай білушілікті  дамыту 
бүгінгі  жас  ұрпақ  бойына  кӛркемдік  талғам  мен  шығармашылық  қабілеттерін 
қалыптастырудың  іргетасы болып табылады.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет