Астана қаласы №89 мектеп-лицейінде 11.09.2023-16.09.2023 аралығында “Отбасы күні” апталығы аясында белгіленген жоспар бойынша 3 «Б» сынып жетекшісі Мукушева Қарлығаш Сериккалиевнаның ұйымдастыруымен “Әжемнің ертегісі” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Шараның негізгі мақсаты: Оқушының бойына перзенттік парыз бен қарыз, ұлттық намыс, ұлттық сана сезім, ұлттық адамгершілік, отансүйгіштік, еңбексүйгіштік қасиеттерді дарыта отырып, ізгілік пен ұлттық құндылықтарымызды бойларына сіңіру. Балалардың оқу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбие сағаты сынып жетекшісінің ертегі туралы теориялық білімдерін толықтырумен басталып, сынып оқушыларының ертегі туралы білетіндерін ортаға салумен жалғасты. Соңында әженің балаларға арналған базарлығы, ертегі айтуымен өрбіді. Бұл қазіргі кезде бала тәрбиесінде әженің алатын орны зор екендігін дәлелдегендей.
№89 мектеп-лицейінде ОТБАСЫ КҮНІ апталығы аясында 14.09.2023 жылы READx жобасымен «Отбасымен бірге оқимыз» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды.
Шараның негізгі мақсаты: оқушылардың әлеуметтік желілерде, компьютер мен теледидар алдында уақытты босқа өткізбей, кітап оқуға шақыру, қызықты кітап таңдауға бағыттау;
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 6 «В» сынып оқушылары және ата-аналарының қатысуымен өткен бұл шараны мектеп кітапханашысы Айжан Тұрсынханқызы ұйымдастырып, жүргізіп отырды.
READx – бұл оқырмандардың шабыттандыру алаңы, мұнда жасы мен беделіне қарамастан қатысушылар өз ой толғаулары мен жиып-тергендерін ортаға салады. READx жобасының ұраны «Оқуға ұмтыл!».
Кітапханалық READx жобасының форматы, кітап оқуды насихаттайтын дәстүрлі және заманауи тәсілдерін бірігуі. Спикерлер өздерінің оқыған шығармаларының қысқаша мазмұнымен таныстырды. Әр спикердің оқыған әдебиеттері бойынша арнайы кітап көрмесі қойылды. Тыңдаушыларға «Оқимын!» және «Ойланамын!» дауыс беру карточкалары таратылып, тыңдаушылар спикердің сөз сөйлеуі, пікірі, идеялары мен тәжірибесі қандай әсер қалдырғанын айқындады.
Астана қаласы №89 мектеп-лицейінде 11.09.2023-16.09.2023 аралығында “Отбасы күні” апталығы аясында белгіленген жоспар бойынша «Отбасы және қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Мақсаты: Отбасындағы тәрбиеде қоғамның алатын орнын анықтау және оқушыларға түсіндіру; Отбасы — әр адам үшін ең жақын әлеуметтік ортасы, қоғамның маңызды бір бөлшегі екендігін ұғындыру.
Шараға қатысушылар: ата-аналар, мұғалімдер және 10 «В» сынып оқушылары. Отбасы бала үшін өмір мектебі, онда алғаш рет қарым-қатынас түрлеріне үйренеді, қоршаған ортамен танысады, мінез-құлық нормаларын меңгереді, адамгершілік қасиеттері қалыптасады және дамиды. Сондықтан да келер ұрпақты тәрбиелей отырып, оларды өмір жолында кездесетін қиыншылықтарға қарсы тұра білуге үйрете білу керек. Отбасында орныққан қарым-қатынас түрі мен қалыптарына сәйкес баланың тұлғалық қасиеттері қаланады. Бала әрқашан да ата-анадан жүрек жылуын, мейірімділікті қажет етеді, ол ата-ананы өмірдің тірегі санайды, оларға қарап бой түзейді, үлгі алады. Балалық шағында отбасында алған, меңгерілген қасиеттер бала бойында өмір бойы сақталады. Сондықтан да ата-ананың бала тәрбиесінде өмір сүріп отырған қоғамға сай бағыттауы заңдылық. Шарада өмір мен қоғамның сабақтастығы туралы келелі ойларайтылды. Ұстаз, ата-ана, оқушы арасындағы өзекті мәселелер көтерілді.Дөңгелек үстел М. Жұмабаевтың мынадай бір айтқан сөзімен қорытындыланды: «Ата-аналар баланы тәрбиелегенде дәл өзіндей етіп тәрбиелеуге тырыспау керек, олар баланы өзінен күшті етіп тәрбиелеуі тиіс. Өйткені олардың заманы ата-аналарының өмір сүріп отырған заманына қарағанда анағұрлым күрделі талабы жоғары болатынын ұмытпаған жөн».
Қарттар күні апталығы «Ата-ана ұлағаты – ұрпаққа аманат» атты Халықаралық қарттар күні қарсаңында мектебімізда сынып сағаттары ұйымдастырылды.
Апталықтың мақсаты: білім алушылардың бойына үлкенді сыйлау, халық дәстүрін қадірлеу сияқты қасиеттерді сіңіру, мейірімділікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Мұғалімдер күніне арналған Сынып сағатына Астана қаласы әкімдігінің №89 мектеп-лицейінде «Ұстазға тағзым» атты ҰСТАЗДАР мерекесін орай ұйымдастырылған апталықта біршама шаралай болып өтті.
Шаралардың негізгі мақсаты: білім алушыларды өнер, әдептілік, адамгершілікке тәрбиелеп жүрген ұстаздарға деген құрметтін арттыру, ұстаз мамандығын құрметтеу, дәріптеу, оқушы мен ұстаз арасындағы ынтымақтастықты нығайту, жағымды қарым-қатынас орнату.
Апталықтың шымылдығын сыныптармен жекелеп өткізген «Ұстазға тағзым» атты сынып сағаттары ашты.
Ұстазыма мың алғыс бейнеролик «Ұстазыма мың алғыс», «Сіздерге арналады педагог еңбек ардагерлері» атты бейнеқұттықтау, білім алушылардың ұстазға деген құрметін түрлі бейнефильмдермен бере білді. Мақсаты: Мұғалім мамандығын құрметтеуге баулу;
ҚҰРМЕТТІ №89 мектеп-лицейінің ҰСТАЗДАРЫ! Сіздерді 06.10.2023 ж. Сағат 12.30-да өтетін «ҰСТАЗЫМ – ҰЛАҒАТЫМ, ҮЛГІ-ӨНЕГЕМ» атты ҰСТАЗДАР күніне арналған мерекелік іс-шарамызға шақырамыз. Келіңіздер! Көріңіздер! Өздеріңізге мерекелік көңіл-күй сыйлаңыздар!