«Жетіарал мектеп-мектеп-балабақшасы"КММ
Зерттеудің мақсаты:Шарын шатқалының тарихи зерттеулері туралы мәлімет бере отырып, Қазақстандағы алатын орны, көлемі, аумағы туралы материалдар жинай, жұмбақ сырын ашу.
Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы:Шарын шатқалы жасы 12 миллион жылға жуық шөгінді тау жыныстардан қалыптасқан табиғат ескерткіші,биіктігі 150-300 метрге жетеді.Шарын шатқалы, Шарын өзені бойымен солтүстік-шығыстан оңтүстік- батысқа 154 км созылып жатыр.Бұл аймақтың рельефі әртүрлі, жарқабақтың бағаналары,баурай, жыралары 150-300 метірге жетеді.Жарқабақ түсі Америкадағы Үлкен жарқабақтарға қарағанда ашық- қызғылт. Қазақстан бойынша мұздану кезеңінен өткен, Шарын шатқалында сирек кездесетін ерен ағашы кездеседі.Сирек кездесетін «согдиандық» түрі 25 млн. жыл бұрын жер бетінде кең таралған, ал қазір қорғалатын аумаққа жатады, демалушылар «Қорғандар қамалдар аңғары», «Темірлік», «Жалмауыз кемпір шатқалы» т.б. атаумен қалған жерлеріне барады.
Қорытынды Қорыта айтқанда, осынау баға жетпес табиғат ескерткіштері қалай қорғалуда? Ұлттық бақтағы Үлкен Бұғыты тауының солтүстік шығысында қарақұйрықтар мен текелердің жайылымдарын кеңейтіп, сексеуіл секілді 61 түрлі сирек кездесетін өсімдіктерді қорғау дұрыс жүйеге қойылғаны қуантады. Негізі Кызыл Қарасай қарақұйрықтың және дуадақ, бүркіт, ителгі өмір сүретін өңірі болғандықтан, Ұлттық бақ бас директоры тікелей қамқорлығына алған. Тек Қазақстанда кездесетін бұта-ағаш тектес сораң секілді өсімдіктердің 11 түрі қамқорлыққа алынып, ерекше бальнеологиялық бағалы минерал суы бар гидрологиялық нысан да күтіледі.
«Ұлттық бақ қызметкерлерінің төл міндеті – табиғи кешендерді қорғау, сақтау, зерттеу және қалпына келтіру, ғылыми жұмыстарды жүргізу, экологиялық ағартуды ұйымдастыру, экологиялық туризмді, рекреацияны, шектелген шаруашылық қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру болып табылады. Республикалық бюджеттен қаржыландырылып, жұмыс істейтін 46 адам тұрақты еңбекақыларын алып, өз ара үздіксіз радиобайланыспен, автокөліктермен, мініс аттарымен қамтамасыз етілген. Ағымдағы жылдың 6 айында табиғи кешендерді қорғау мақсатында 144 рейд ұйымдастырылып, табиғат заңдылығын бұзушылықтың 2 фактісі анықталды. Соған сәйкес, 2 адамға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, айыппұл салынып, келтірілген залал бюджетке құйылды.
Ұлттық бақ бойынша 2013-2017 жылдарға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспары жасалынып, соғды еренінің орман өсірушілік-экологиялық жағдайын бағалау және оның табиғи түрде қайта жаңғыру жолын зерттеу, жануарлар дүниесіне мониторинг жасау, сүтқоректілер мен құстарды түгендеу және мекендейтін ортасын анықтау, өсімдіктер дүниесінің түрлік гербарий жиынтықтарын жасау және төменгі сатыдағы өсімдіктер (саңырауқұлақтар, балдырлар) дүниесін түгендеу барысында бірқатар жұмыс атқарылды. Осы орайда жыл сайын ғылыми негізде жүйелі жұмыс жүргізіліп, Табиғат жылнамасы кітабы жасалынады.
Ұлттық бақ аумағында 49 шақырымдық 3 туристік маршрут бар. Олар – Шарын ерен тоғайы, Қазақстанның жеті кереметінің қатарына кіретін Шарын шатқалы және бейіттер мен қорғандар. Бұл маршруттар Алматы облысында туризмді дамыту мақсатында Іле-Алатау, Алтынемел, Көлсай көлдері, Шарын атты төрт ұлттық бақ бойынша бірлесіп жасалынған «Жетісудың алтын айналымы» атты біріккен маршрутына енгізілді. Біздің тарапымыздан бағыттарда көру алаңдары, фотосуреттерге түсу орындары, автотұрақ жасалынып, киіз үйлер, айналымдарда 12 орындық 2 қонақ үй ал Ұлттық бақ орталығында 40 орындық қонақ үй жұмыс істейді. Нәтижесінде ағымдағы жылы 1500 турист қабылданып, мемлекеттік бюджетке 265 мың теңге, арнайы есеп шотқа 2000 мың теңге құйылды», деді Шарын мемлекеттік ұлттық табиғат бағының бас директоры Тоқтам Бектемісов.
Тұтастай алғанда, үлкен жауапкершілікті талап ететін бұл жұмыс ең бастысы тұрғылықты халықпен тіл табыса отырып, саяхатқа келушілердің ешнәрсені бүлдірмеуін жіті бақылауда ұстауды қажет етеді. Ұлттық бақ аумағында 3 га жерде уақытша орман тұқым бағы (питомник) егіліп, әртүрлі ағаш көшеттері өсіріледі. Тұрғындарды отынмен қамтамасыз ету мақсатында 165 текше метр отын дайындалды. Жыл сайын өткізілетін «Парктер шеруі» табиғатты қорғау акциясы кезінде аудан орталығындағы мектептердің қатысуымен парк кеңсесі төңірегіне 550 мың теңгелік 2 мың түп көшет отырғызылды. Тоқтам Бектемісовтің осы еңбегі мемлекет тарапынан да ескеріліп, 2010 жылы Қазақстан Республикасы «Туризмінің құрметті қызметкері», 2013 жылы «Экология саласының үздігі» төсбелгілерімен марапатталды. Табиғат ескерткіштерін көзінің қарашығындай қорғап, табиғат-анаға жан-тәнімен беріле қызмет етіп, онымен сырласа білетін жанға бұл да бір ілтипат белгісі емес пе?!
Назарларыңызға Р А Х М Е Т !!!