Қайым өлең, сұрақ пен жауаптан құралатын, тойларда жас қыз бен жігіттің бір-бірімен айтысатын төрт шумақты өлеңі, алдыңғы екі тармағы төртінші тармақпен ұйқасады. Кейде бұл – қайым өлеңдер жұмбақ, эпиграммалар, әзіл-қақтығыс, тіпті ұятсыз сөздерге дейін кетіп қалатын кездері болады.
Қара өлең — әдеттегі, үйреншікті өлең, бұл өлең төрт шумақты, әр шумақта жеке-жеке ой жатады. Сондай-ақ, бұл өлең дауысқа негізделеді. Көбінесе, төрт шумақты өлеңдер мағынасыз болып келеді.
Өз классификациясындағы 5 түр – «өлеңге» қатысты Шоқан Уәлиханов негіздемесінің әдебиет тарихы мәселелерін зерттеп, тануда бірнеше қырлы құндылығы бар. Соның бірі «өлеңнің» - жырды ығыстыруының себебіне қатысты жасалған болжам, байламдар.
Өлең. Бұл форма, қазіргі кезде барлық жаңашыл ақындар тарапынан суырып салма өлеңдерге де, поэмаларға да, әсіресе Орынбай өлеңдеріне қатысты көбірек айтылады. Өлеңнің жаңа түрін: Орынбай қарауыл ішіндегі атеке - ... тармағынан, атығайдың жаңа қырғыз тармағынан шыққан Шөже ақындар насихаттап, салт-санаға дарытушылар болды. Шөже ақын үнемі Әбілқайыр Ғаббасов сұлтанның жанында болатынды. Осы өлеңдердің тақырыптарының көбісі діни сарында айтылады. Қазір олар Сейіт Баттал қожа ерлігін, Зылиха мен Жүсіп махаббатын, Ибраһим өмірін т.б. жырлап жүр». Шоқан Уәлиханов айтып отырған бұл ахуал, бір есептен, ХІХ ғасырдағы патша үкіметі тарапынан жүргізілген шоқындыру саясатының салдары болатын.
Достарыңызбен бөлісу: |