Қабырға бетінің бойлығымен сұйық қозғалысының туындау табиғаты. Сұйықтың (газдың) ыстық және суық қабаттарының тығыздықтары айырмасына негізделген және олардың ауырлық өрісіндегі өз бетінше қозғалысы – еркін қозғалыс немесе табиғи конвекция. Сорғымен, желдеткішпен және басқа құрылғылармен жасалатын қысым айырмасынан туындайтын қозғалыс – мәжбүрлі қозғалыс немесе мәжбүрлі конвекция.
Сұйық қозғалысының режимі.Тәртіпті, қабатты, тыныштықты, араласпайтын, лүпілсіз қозғалыс ламинарлық (лат. lamina – жолақ, қабат) деп аталады, ал тәртіпсіз, хаостық, құйынды қозғалыс турбуленттік (лат. turbulentus – қарқынды, тәртіпсіз) деп аталады.
Сұйықтар мен газдардың физикалық қасиеттері. Конвективті жылу алмасу процесіне келесі физикалық параметрлер үлкен әсер етеді: жылуөткізгіштік коэффициенті (λ), меншікті жылусыйымдылық (с), тығыздық (ρ), температура өткізгіштік коэффициенті (а = λ/cр·ρ), динамикалық тұтқырлық коэффициенті (μ) немесе кинематикалық тұтқырлық (ν = μ/ρ), көлемдік кеңеюдің температуралық коэффициенті (β = 1/Т).
Беттің пішіні (жазық, цилиндрлік), мөлшерлері және жайғасу жағдайы (көлденең, тік, т.б.).