1.2 Шаруашылық субъектілердің қаржылық ресурстарының құрамы мен құрылымы
Қаржы ресурстарының қозғалысы жиынтық қаржы балансында (қаржы ресурстары мен мемлекеттің шығыстары балансында) қамтып көрсетіледі. Алайда баланста несие ресурстарының бір бөлігі де көрсетіледі.
Қаржы ресурстарының құрамында олардың аса маңызды екі бөлігін бөліп көрсетуге болады:
мемлекеттің кірістері. Олар республикалық және жергілікті бюджеттерде шоғырланады. Мемлекеттің кірістері заңнамалық тәртіппен бекітіледі және мемлекеттің функцияларына сәйкес жұмсалынады. Мемлекеттің кірістерін жұмылдырудың негізгі әдістер салықтар, қарыздар мен лоторея, сыртқы көздерден түсетін түсімдер;
бюджеттен тыс қаражаттар. Олар шаруашылық жүргізуші субъектілердің қарамағында болады. Олардың пайда болуы мемлекеттің мақсатты шығыстарымен байланысты. Бюджеттен тыс ресурстар автономды арнаулы қорлар, арнаулы қаржы сметалары, қазынашылық шоттар түрінде болып келеді. Бұл қорлардың қаражаттары экономиканы мемлекеттік реттеудің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Бюджеттен тыс қаражаттарыдың оғаштығы мемлекетке қаржы ресурстарының жалпы сомасының жасыруға, қаржылық бақылауды әлсіретуге, нағыз қаржылық жағдайды бұрмалауға мүмкіндік жасайды. Бюджеттен тыс қаражаттардың жалпы сомасын анықтау қиын, өйткені ол көптеген қорлар мен сметалар арасында шашырап кеткен.
Кәсіпорынның қаржылық ресурстары – бұл шаруашылық субъектілердің және қаржылық міндеттемелерді орындауға арналған ақшалай кірістер мен түсімдер болып табылады. Қаржылық ресурстар меншікті және оларға теңестірілген қаржылық - банктік жүйедегі ақша қаражаттарының келіп түсуінің оларды қайта бөлу есебінен қалыптасады. Кәсіпорынның меншікті қаржы ресурстарын қалыптастырудың саясатын жасақтау кезеңдері Б қосымшасында көрсетілген.
Кәсіпорынның алғашқы қаржылық ресурсы оның құрылған уақытынан бастап, яғни қаржылық капиталдың пайда болу кезінде қалыптасады.
Қаржылық ресурстардың көздері болып, олардың қызмет етуінің ұйымдық - құқықтық нысанына байланысты акционерлік капитал, кәсіпорын мүшелерінің пайлық салымдары, бөлімшелердің қаржылық ресурстары, ұзақ мерзімді несиелер, бюджет қаражаттары табылады. Жарғылық қор көлемі өндіріс қызметіне инвестицияланған негізгі және айналыстағы ақша қаражаттарының мөлшерін көрсетеді.
Кәсіпорынмен қаржы ресурстарының пайдалануы көптеген бағыттарда жүзеге асырылады. Олардың бастылары болып келесілер табылады:
қаржылық міндеттемелерді атқаруға бағытталған қаржылық - банктік жүйе ұйымдарының, бюджетке салықтық төлемдер, банктік несиелерді пайдаланғаны үшін пайыздар, алынған ссудаларды жабу, сақтандыру төлемдері және т.б.
өндірісті кеңейту және оны техникалық пайдалану мақсатындағы, сондай-ақ жаңа прогрессивті технологияларға көшу, ноу-хауды пайдалануға байланысты меншікті қаражаттар мен шығындарды инвестициялау;
нарықта тұтынылатын бағалы қағаздарға қаржылық ресурстарды инвестициялау: акциялар және облигациялар;
марапаттау және әлеуметтік нысандағы қаржылық қорлардың пайда болуына бағытталған қаржылық ресурстар;
қаржылық ресурстарды қайырымдылық мақсаттарда және демеушілік шараларында пайдалану.
Шаруашылықтың нарық негізіне өтумен байланысты тек кәсіпорын басшыларының рөлі ғана емес, сондай-ақ басқарудың әкімшілік әдістерінде екінші рөлді атқарған қаржы қызметінің орны артуда. Нарықтық экономика шарттарында кәсіпорынның қаржылық қызметтері үшін қаржылық ресурстарын инвестициялауды тиімді бағыттау, бағалы қағаздармен операциялар және өзге де қаржылық менеджмент сұрақтары маңызды болып табылады. Қаржылық менеджмент аясындағы жоғарғы көрсеткіштерге жету көбіне қаржылық қызмет жұмыскерлерінің қызметі нәтижесінде көрінеді. Олардың қызметтеріне туындаған сұрақтарды дәстүрлі емес жолдармен шешу, іскерлік ынта, операциялардың көлемділігі және тәуекелділік жатады.
Кәсіпорынның қаржылық ресурстары шығу нысандары бойынша: меншікті (ішкі) және өзге де шарттарда тартылған (сыртқы) болып бөлінеді.
Кәсіпорынның қаржылық ресурстарының құрылу көздеріне:
меншікті және оларға теңестірілген қаражаттар;
қаржылық нарықтағы қаржылық ресурстардың біріктірілуі;
қайта бөлі тәртібіндегі қаржылық - банктік жүйеден түскен ақша қаражаттары кіреді /9,98б./.
Меншікті және оларға теңестірілген қаражаттарға кәсіпорынның пайдасы, амортизациялық аударымдар, тұрақты пассивтер, құрылыстағы ішкі ресурстардың біріктірілуі жатады.
Қаржылық нарықта біріктірілген қаражаттарға меншікті акция, облигация және өзге де бағалы қағаздарды сату, несиелік инвестициялар жатады.
Қайта бөлу нәтижесінде түскен ақша қаражаттарына жоғарғы органдардан түсімдер, пайлық салымдар, дивидендтер және пайыздар, бюджеттік субсидиялар кіреді.
Өзін-өзі қаржыландыру – нарықтық экономика шарттарындағы кәсіпорынның өнімді тиімді шаруашылық қызметінің маңызды құралы болып табылады. Бұл принцип бойынша кәсіпорын өнімді өндіру және кәсіпорынның өндірістік – техникалық базасын кеңейту мақсатындағы шығындарды өз қаражаты есебінен жүргізу,
Меншікті қаражаттардың негізгі көзі болып қалыптасқан жарғылық капитал табылады.
Қоғамның жарғылық капиталы акционерлермен сатып алынған қоғам акцияларының номиналдық құнынан құрылады. Қоғамның барлық жай акцияларының номиналдық құны қоғамның жарғылық капиталы болып табылатын қоғам мүлкінің минималды көлемін анықтайды.
Кәсіпорын басқаруында қалатын пайда – бұл оның қажеттіліктерін қанағаттандырудағы көп бағытты негіз болып табылады. Алайда, пайдаланудың басты бағытын жинақтау және тұтыну ретінде қарауға болады. Пайданы жинақтауға және тұтынуға бөлу пропорциясы кәсіпорынның даму артықшылықтарын анықтайды. Амортизациялық аударымдар және жинақтауға бағытталған пайданың бір бөлігі кәсіпорынның өндірістік және ғылыми – техникалық дамуына, қаржылық активтерінің құрылуында, яғни бағалы қағаздарды сатып алу, өзге кәсіпорынның жарғылық капиталына салымдар және т.б. түрде пайдаланылатын ақшалай ресурстарды құрайды. Пайданың келесі бір бөлігі кәсіпорынның әлеуметтік дамуына жұмсалады, ал қалған бөлігі тұтынуға қолданылады, оның нәтижесінде кәсіпорындар мен жеке тұлғалар арасында қаржылық қатынастар пайда болады /10,33б./.
Қаржылық ресурстардың қолда барын көрсететін көрсеткіштердің бірі болып меншікті айналым қаражаттары табылады. Олар кәсіпкерлік қызметтің табыстылығы үшін қажетті кәсіпорынның мүліктік және оперативтік қызметін өзі жүргізуін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, меншікті айналым қаражаттары кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының деңгейін көрсетіп, оның қаржы нарығындағы жағдайын анықтайды. Меншікті ақша қаражаттары нормаланатын айналым қаражаттарының қалыптасу көздері болып табылады. Олардың алғашқы қалыптасуы кәсіпорынның құрылып және оның жарғылық капиталының құрылған уақытынан басталады. Осының нәтижесінде кәсіпорын құрылтайшыларының инвестициялық қаражаттары пайдаланылады. Әрі қарай меншікті айналым қаражаттары меншікті қаражаттарға теңестірілген пайданың, бағалы қағаздарды сату есебінен толтырылады.
Меншікті қаражаттарға теңестірілген тұрақты міндеттемелер негізінен кәсіпорынға тиесілі емес. Сондықтан оларды меншікті қаражаттарға жатқызуға болмайды. Алайда бұл қаражаттар үнемі айналыста болады және минималды қалдық сомасында меншікті айналым қаражатының қалыптасуында қолданылады.
Тұрақты міндеттемелерге келесі қаражаттар жатады: кәсіпорынның жұмысшыларының жалақысы бойынша қарыздар, төленгелі тұрған төлемдердің резервтері, бюджетке және бюджеттік емес қорларға минималды берешек, өнім үшін алдын ала төлемдер ретінде түскен кредитордың төлемдері және т.б.
Тұрақты міндеттемелер меншікті айналым қаражатының тек қана өсім сомасындағы жабу көзі болып табылады.
Кәсіпорын айналысында өзге де қаражаттар болуы мүмкін. Бұл кәсіпорынның жеке, уақытша тікелей бағыттарда қолданылмай тұрған қаражаттарының және резервтерінің қаржылық қалдықтары. Кәсіпорынның бағытталған қорлары мен резервтері өзіндік құн, пайда және өзге де бағытты түсімдер есебінен құрылады. Бұл қаражаттар тобына амортизациялық қор, жөндеу қоры, күтілетін төлемдер резерві, қаржылық резерв, қайырымдылық қоры және т.б. жатады.
Әлемдік тәжірибеде коммерциялық несие ұсынудың келесі түрлері анықталған:
вексельдік тәсіл;
ашық шот;
белгіленген уақытта төлегені үшін жеңілдіктер;
маусымдық несие;
консигнация
Вексельдік тәсіл бойынша сатушы тауарды жеткізгеннен кейін сатып алушыға тратта ұсынады. Яғни, коммерциялық құжаттарды алғаннан кейін оны акцептейді, бұл дегеніміз белгіленген уақытта төлем жүргізуіне келісім береді. Бұл түр бөлшектеп және көтерме сату жеткізушілері арасында қолданылмайды.
Келесі тәсіл – белгіленген уақытта төленгені үшін жеңілдіктер. Бұл тәсіл келесі шартты қарастырады, егер сатып алушы келісім шартта белгіленген уақытта төлем жүргізетін болса, бағада жеңілдік болады. Өзге де жағдайларда барлық сома анықталған уақытта төленуі тиіс.
Екі жақты келісілген ашық шот бойынша келісім шартқа байланысты сатып алушы қалаған уақытында тауар сатып ала алады яғни, әрбір жағдайға бөлек несие рәсімделмейді.
Маусымдық несие негізінен ойыншық, күн көзілдірігі, қолшатыр, сувенир және өзге де белгілі бір маусымда халық тұтынатын тауарларды өндіргенде қолданылады. Бұл әдіс бөлшектеп сатушыларға осы тауарды жыл бойы сатып алып, арнайы маусымда сатуға және ол бойынша төлемдерді кейінге қалдыруға мүмкіндік береді.
Консигнация әдісінде бөлшектеп сатушы тауарлы - материалдық құндылықтарды міндеттемелерсіз ала алады. Егер тауарлар сатылса, онда сатушы өндірушіге төлемдер жүргізеді, ал егер тауарлар сатылмаса, онда сатушы өндірушіге тұрақсыздықтарын төлемей тауарды қайтара алады. Әдетте консигнация жаңа немесе сұранысын анықтау мүмкін емес тауарларға қолданылады /11,58б./.
Қазіргі таңда көптеген отандық кәсіпорындар айналым қаражаттарында жетіспеушіліктерді сезінеді. Олардың өздерінің негізгі қорларын жаңартуға, ғылыми – техникалық прогрестің жетістіктерін енгізуге мүмкіндіктері жоқ, сондықтан да несие алуға мәжбүр. Несиелендірудің бірнеше түрлері бар: ипотекалық, бағалы қағаздарды кепілге ала отырып несие алу (РЕПО операциясы), тауар партиясын, мүлікті кепілдікке сала отырып несиелендіру. Алайда, кәсіпорынға өзінің негізгі құралдарын жаңарту мақсатында құрал жабдықтарды лизингке алған тиімдірек.
Лизинг – бұл кәсіпкерлік қызметтің түрі, ол уақытша бос немесе тартылған қаржы ресурстарын инвестициялауға бағытталады. Лизинг шарттары бойынша лизинг беруші келісім шартта көрсетілген мүлікті белгілі сатушыдан алып оны арнайы төлем үшін кәсіпкерлік бағытта қолдану мақсатында лизинг алушыға береді. Лизинг кәсіпорынның дамуы үшін пайдаланатын инвестициялау түрі болып табылады /12,178б./.
Ауыспалы кезеңдегі Қазақстан экономикасының дамуы көп жағдайларда біріктірілген мемлекеттік экономикалық саясатты құрайтын құрылымдық саясатқа, қаржылық саясатқа тәуелді.
Қаржылық саясат, экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі бола отырып, мемлекеттің өз функциялар мен мәселелерін шешуге қажетті қаржыны пайдалануды ұйымдастыру шараларының жиынтығы болып табылады. Қаржылық саясат қаржылық ресурстардың біріктірілген әдістері мен формалары жүйесінен, оларды бөлу және елдің қаржылық заңдылықтары негізінде пайдалануда көрінеді.
Елдегі қаржылық жағдайға және мәселелердің шешілу ретіне байланысты қаржылық саясаттың бағыты анықталады. Қаржылық саясатқа қойылатын басты талаптар болып оны жасақтау және жүргізудегі кешенділіктің сақталуы, шаралардың келісімділігі табылады.
Нарықтық қатынастардың даму деңгейі сол елдің қаржылық жүйесі құрылымының артықшылығын көрсетеді.
Арасына Қазақстан кіретін нарықтық экономикасы бар елдер үшін құрылымдық звенолары келесілер болып табылатын қаржылық жүйе тән:
мемлекеттік қаржылар;
материалдық өндірістік және өндірістік емес аясы қаржылары;
халық қаржылары ( үй шаруашылығы )
Қаржылық саясатты орындауда материалдық өндіріс аясына қалыптасқан қаржылық ресурстардың бар болуы маңызды болып табылады.
Көптеген халық шаруашылығындағы кәсіпорынның түрлі салаларының қаржылары, бұл – ақшалай қорларды құрумен, бөлумен, пайдаланумен және өндіріс аясында жинақтаумен байланысты экономикалық ақшалай қатынастар.
Кәсіпорын халық шаруашылық кешенінің негізгі звеносы болып табылатындықтан, кәсіпорынның қаржысы мемлекеттік қаржылық жүйенің негізі болып саналады. Кәсіпорын қаржысының жағдайы жалпы мемлекеттік және аймақтық ақшалай қорлардың қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілуіне ықпалын тигізеді. Мұндағы тікелей тәуелділік: кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаншалықты мықты және тұрақты болса, соншалықты жалпы мемлекеттік және аймақтық ақшалай қорлар қамтамасыз етілген болады.
Нарықтық экономика шарттарында экономика және қаржы бойынша мемлекеттік реттелетін аймақтар мен кәсіпорындар өзіндік қызмет жүргізуді үйренуі тиіс. Бұл мәселені қаржылық механизм шешуі міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: |