Қазіргі заманғы ғаламдық экологиялық жағдайдың нашарлануын
адамзаттың тұтыну ауқымымен және биосфераның ресурстық-экологиялық
мүмкіндіктерінің сәйкес келмеуімен түсіндіруге болады. Ноосфера туралы
ілімнің негізін қалаған академик В.И. Вернадский ХХ ғасырдың ортасында-ақ
адамзаттың шаруашылық әрекеті географиялық ортаға табиғаттың өзінде
жүріп жатқан геологиялық процестерден кем әсер етпейтіндігі туралы
жазған. Одан бергі өткен уақытта адамның табиғатқа әсері одан сайын арта
түсті; экологиялық проблемалар ауқымы жөнінен ғаламдық сипат алды.
Ғаламдық экологиялық проблемалар түрліше сипатта, олардың аса
маңыздыларына табиғи ортаның ластануы мен ахуалының нашарлауы
жатады.
1. «Жылыжай эффектісі» атмосферада қандай газдың үлесінің артуы
есебінен
туындайды?
А. Көмірқышқыл газы
В. Азот
С. Хлор
Д. Оттегі
Е. Күкірт қышқылы
2. Ноосфера туралы ілімнің негізін қалаған:
А. В.П. Максаковский
В. Н.Н. Баранский
С. В.И. Вернадский
Д. Б.Н. Зимин
Е. Т. Мальтус
3. Атмосфера құрамында хлорфторсутекті қосылыстар – фреондардың
көбеюі салдарынан пайда болатын проблема
А. Ормандар аумағының қысқаруы
В. Озон қабатының жұқаруы
С. Табиғи ортаның ластануы
Д. Жылыжай эффектісі
Е. Мұхиттар проблемасы
4. Соңғы 200 жыл ішінде ауданы екі есеге жуық қысқарған
А. Ормандар
В. Пайдалы қазбалар
С. Азық-түлік көлемі
Д. Тұщы су көлемі
Е. Жайылымдық жерлер
5. Шөлейттену құбылысы, әсіресе дамушы елдерде ұлғаюда.
Үндістандағы
халық тығыз қоныстанған құрғақ аудандардың бірі
А. Руб-эль-Хали шөлі
В. Тар шөлі
С. Брахмапутра бойы
Д. Гоби шөлі
Е. Черапунджи
Достарыңызбен бөлісу: