Мемлекеттік шегаралардың функциялары
Мемлекеттік шегаралар – мемлекеттің қауіпсіздігі мен
егемендігін сақтап қалудың маңызды шарты.
Мемлекеттік шегаралар бөлуші, жалғастырушы және сүзгілік
функциялар атқарады.
Мемлекеттік шегаралардың бөлуші
функциясы елдер
арасындағы адам, тауар және басқа қозғалыстарын шектеумен
анықталады.
Шегараның жалғастырушы функциясы көрші мемлекеттердің
шаруашылық байланысын нығайту, шегаралық аудандарда бірлескен
жобалар жасау, табиғат ресурстарын бірлесіп пайдаланудан көрінеді.
Шегараның сүзгілік функциясы елдің аумағына келетін қауіп-
қатерді, теріс ағымдар мен тиым салынған тауарларды, адамдар легін
өткізбеу мақсатын көздейді.
1. Ақылы визалық режим орнату, адам қозғалысын шектеу функциясы
A. бөлуші
B. сүзгілік
C. жалғастырушы
D. табиғи
E. жасанды
2. «Қорғас» халықаралық орталығы орналасқан мемлекеттер
A. Қазақстан, Өзбекстан
B. Қазақстан, Ресей
C. Қазақстан, Қырғызстан
D. Қазақстан, Түрікменстан
E. Қазақстан, Қытай
3. «Қорғас» орталығының шегаралық функциясы
A. бөлуші
B. делимитациялау
C. демаркациялау
D. жалғастырушы
E. сүзгілік
4. «Қорғас» орталығының Қазақстан үшін мүмкіндігі
A. жүк айналымын арттыру
B. маятникті миграцияға жол бермеу
C. адамдардың қозғалысын шектеу
D. табиғат ресурстарын бірлесіп пайдалану
E. бірлескен жобалар жасау
5. «Қорғас» орталығындағы арнайы экономикалық аймақтың саласы
A. машина жасау
B. құрылыс
C. көлік-логистика
D. жеңіл өнеркәсіп
E. туризм
Turebayev Zhandos
https://t.me/geograph2021