Шеберлік негіздері


Табысты педагогикалық шеберліктің көрсеткіштері



Pdf көрінісі
бет49/141
Дата13.03.2023
өлшемі1,54 Mb.
#73598
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   141
Табысты педагогикалық шеберліктің көрсеткіштері 
Оқытушының педагогикалық шеберлігін меңгеру дәреже-
сін анықтауда педагогикалық шеберліктің иілімділік көрсет-
кіштері көмектеседі. Олар: 
- студенттердің оқу қызметінің сапалық және мөлшерлік 
сипаттамасын жақсарту; 
- нақты оқу мақсатына жету ‰шін қажетті уақытты азайту; 
- студенттердің алған білімдерін, шеберлігін, ебін бекіту; 
- оқыту қызметін жеңілдету; 
- оқыту процесімен, оқытушымен студенттің қанағаттану-
шылығы; 
- оқытуға қатынасы. 
Педагогикалық шеберліктің көпжобалылығы, оның крите-
рийлерін анықтауды қажет етеді [6]. Олардың әрқайсысы педа-
гогикалық қызметтің, процестің субъектілері арасындағы байла-
ныс сипатымен педагогтың оқыту қызметіндегі негізгі жақта-
рын көрсетеді. 
1. Оқытушының педагогикалық процестің мазмұны мен 
дидактикасын меңгеруінің көрінісі: 


89
- мазмұндағы ғылымилықтың м‰мкіндігі мен дамытушы-
лық және тәрбиеленушілік сипаты; 
- оқу материалын т‰сіндіруде оны беру құралдарының әр-
т‰рлігінде пән ішілік және пән аралық байланыстарды қалып-
тастыру; 
- оқушыларды мазмұнды білім ж‰йесін меңгеруде шебер-
лік пен дағдыны қалыптастыруға бағыттау; 
- оқу материалын оптималды мазмұндағысын таңдап алуда 
негізгі және қосымшаларды бөлу; 
- жаңа материалдық алдында оқытылғандармен байланыста 
өту және оларды актуалдандыру. 
2. Оқу процесінде кәсіби-педагогикалық қызметті ұйым-
дастыру мен іске асыру оқытушының ‰йрету қызметінің барлық 
т‰рлерін әрт‰рлі ‰йлесімде (тіркесуде), сонымен бірге конструк-
тивті гностикалық, ұйымдастырушылық және коммуникативті 
қабілетте көрініс береді. Оқытушыға оптималды формаларды 
тәсілдер мен әдістерді, оқыту құрал-жабдықтарын, тандап алуға, 
жаңа мақсаттарға сай өз қызметін қайта құру, озық тәжірибеге 
шығармашылықпен қатынасу, қызметте даралық стиль көрсету, 
өз жұмысын ғылыми тұрғыда ұйымдастыру, оқушыларға 
педагогикалық такті байқату. 
3. Студенттердің оқу қызметінде оқытушының ұйымдас-
тыруы оның шеберлігінің критерийі: 
- оқыту мақсаты мен міндетін нақты т‰рде көрсетіп, оқу-
шының санасына жеткізе білу, м‰мкіндіктерге қарай әдіс-
тәсілдерді таңдай білу, оқу материалын меңгерудегі қиындық-
тарды жеңуге студенттердің дидактикалық дайындығы; 
- оқушылардың оқу қызметін және оқу процесін даралық 
негізінде жасауда, олардың өзіндік танымдық қызметінің ауди-
ториялық және аудиториядан тыс қызметте қалыптасуы. 
4. Оқушы тұлғасын ынталандыру және мотивациялауын 
оқытушының төмендегілерден көрінеді: педагогикалық талап 
қою арқылы мадақтау, жазаландыру, қоғамдық пікірді қалып-
тастыру, оқудың тұрақты мотивін қалыптастыру, оқушы тұлға-
сының оң қасиеттеріне с‰йену, оқытуда жайлы (комфорт) 
шарттар жасау, оқу еңбегіне шығармашылық қатынасты тәрбие-
леу, студенттерді оқытуда кәсіби бағыттарды қалыптастыруда 
көрінеді. 


90
5. Құрылымдық-композициялық оқу процесін құру 
мәнері: тәрбиелеу міндетін кешенді шеше білу, оқыту және 
даму, «педагог – оқушы – мазмұн» формуласындағы негізгі 
компоненттердің байланысын қарым-қатынаста мақсатты ба-
ғыттау; мақсатқа қажетті педагогикалық коммуникацияларды 
таңдау; оқу процесінің ақпараттылығын жоғарылату, студент-
тердің өздігінен жұмыс істеуіне бағыттау. 
6. Жоғарыда қарастырылған критерийлердің барлығы педа-
гогтың шеберлігінің функционалдық көрсеткіші болып табыла-
ды. Бұдан басқа, педагогпен оқушы қызметінің нәтижесімен 
байланысы толықтырылған тұлғалық-нәтижелік көрсеткіш бар. 
Оған: табысты оқыту, оқушылардың оқу, тәрбие және даму мә-
селелерін кешенді шешуі; оқытушының кәсіби-педагогикалық 
және әлеуметтік мәні.
7. Сонымен, педагогикалық шеберлік оқытушының кәсіби 
қызметін табысты орындауы ‰шін педагогтың кәсіби-тұлғалық 
қасиеттерінің оның қабілеті мен дағдысының динамикалық 
даму процесі жиынтығы деп қарастыруға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет