Шеберлік негіздері


 Педагогикалық шеберліктің сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет48/141
Дата13.03.2023
өлшемі1,54 Mb.
#73598
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   141
2.6. Педагогикалық шеберліктің сипаттамасы 
Педагогикалық шеберлік оқытушының педагогикалық мә-
дениетінің маңызды жағы болып табылады. Шеберлік – к‰рделі 
де, қажырлы іс, сондықтан оның табиғатын, мәнін, мазмұнын 
белгілеген жөн. Шеберліктің қандайда болмасын бір салада 
жоғары өнер екені баршаға мәлім. 
Педагогикалық шеберлік деп балаларды жақсы көретін, 
жұмысына бейімделген, әр педагогтың қолы жете алатын, жоғары 
және ‰немі жетілдірілетін тәрбие мен білім беру өнерін айтады. 


86
«Педагогикалық шеберлік» ұғымы – көпжақты, көпқырлы. 
Педагогикалық қызметтің көпжақтылығы жеке алынған қабілет-
тілікпен анықталуы м‰мкін емес. Педагог тұлғасы әрт‰рлі 
қабілеттер арсеналымен қарулануы табысты еңбек етудің 
шарты. Сондықтан педагогикалық шеберлік белгілі шамада осы 
қасиеттермен қабілеттерге байланысты болады [13]. 
Педагогикалық қызмет әрт‰рлі бағытта ж‰ргізіледі: білім 
беру, тәрбиелеу, студенттер қызметін басқару – бұлардың әр-
қайсысында оқытушының педагогикалық шеберлігі көрініс бе-
руі м‰мкін. Оның негізгі ірге тасы ретінде: оқытушының білімі-
нің мазмұны; кәсіби қызметінің тәжірибесі; кәсіби-педагоги-
калық қызметінде тұлғалық қасиеттерінің көрінісі, яғни тәрбие-
нің ішкі моделі [6]. Педагогикалық шеберліктің логикалық 
формуласы жуықтап былайша көрсетілуі м‰мкін: «білім – 
тәжірибе – тұлға». 
Педагогикалық шеберлікте білім және көкейкөз, сезгіштіктің 
(интуиция) құймасы, нақты ғылыми беделді жетекшіліктің 
нәтижесінде тәрбиелеудің қиындықтарын аса алатын, бала рухын 
сезетін қабілетке ие, бала тұлғасына құнтты, ‰немшіл және ұяң 
қатынасатын, даналық және творчестволық қиялы мен фантазиясын 
ғылыми талдай алатын деген анықтама беруге болады. 
Педагогикалық шеберлік кәсіби қызметті жоғары деңгейде 
ұйымдасуын қамтамасыз ететін тұлғаның қасиеттерінің кешені 
деп ұғуға болады [14]. 
Педагогикалық шеберлік оқытушы тұлғасының жоғары 
деңгейдегі психология-педагогикалық дайындығы бар, педаго-
гикалық мәселелерді оптималды шеше алатын белгілі қасиеттер 
жиынтығы деудің жөні бар. 
Педагогикалық мәселелер дегенімізде, бұл жерде жоспар-
ланбаған жағдайларда оқытушының белгілі бір ой т‰юін, оны 
іске асыруға шешім қабылдауы деп т‰сінуіміз қажет. Бұл ше-
шімнің тиімділігі, осы жағдайға қолайлы, оптималды және оқы-
тушы педагогикалық мәселенің шешілгенге дейін ғана мәселе 
емес ретінде қалатынын сезінуі, ал шешілген соң, ол оқушылар-
ды педагогқа қазіргі жағдайға қажетті к‰йге, яғни оқушылардың 
көңілін аударуға, олардың танымдық белсенділігін арттыруға 
және т.б. байланысты болады. 


87
Педагогикалық шеберлік педагогикалық процесті басқару-
ды қамтамасыз ететіндіктен, оны педагогикалық процестің тех-
нологиялығының логикасымен көбейтіндісі, әдістерді меңгеру-
дің белгілі бір деңгейі, тәрбиелеу мен білім берудің құралдары 
және формасы деп қарастыруға болады. Педагогтың шеберлігі 
ұйымдастырушының насихаттаушы, тәлімгерлік сияқты негізгі 
функцияларын іске асыруда байқалады [15]. Оқытушының сту-
денттерді тәрбиелеуде және білім беруде нақты технологиялық 
функцияларды орындауға арналған нақты әдістер топтамасы 
болады: біреулері бастапқы болатын болса, басқалары – ұйыту-
шы, жетектеуші немесе корректілеуші, т‰зетуші. 
Педагогикалық шеберлік табысқа жеткізетін, әр қайсысы 
педагог өнерін көтеретін мақсаттар жиынтығы ретінде де қарас-
тырылуы м‰мкін: олар – педагогикалық қатынастың стилі, сөй-
леу мәдениеті, шешендік (ораторлық) өнер, оқытушы имиджі
оның интеллектуалдық (зерделілік) эрудициясы, стреске төзім-
ділігі және т.б. [16]. 
Педагогикалық шеберлік өзін мақсаттармен оны орындау 
құралдары және педагогикалық қызметтің нәтижесі арасындағы 
оптималды қатынастарды дереу талдай білу және қимылдарын 
анықтауымен көрінеді. 
Педагогикалық шеберлік қалыптасу да бірнеше сатыдан өтеді 
[17]. 
1. Кәсіби «Мен концепция» мен қандай педагогпын? деген 
сұрақтың жауабын шешу. 
2. Мен не ‰шін және не істеп отырмын? Сұрағына жауап 
беру қызмет сатысы. Оқытушы т‰рлі технологиялар іздестіруде, 
т‰рлі әдістермен шешу жолдарын ‰йренуде, алдыңғы қатарлы 
педагогикалық тәжірибені, ғылыми-педагогикалық әдебиетті, 
әдістемелік ұсыныстарды, өзінің кәсібилігін көтеру жолдарын 
іздестіреді. 
3. Жалғыз педагогикалық шығармашылық. Бұнда педагог 
өз ойын, к‰шін студенттермен педагогикалық әрекеттесуге жұм-
сайды. Оның барлық әдістемелік ізденістері студенттермен 
оқытушының м‰ддесіне бағытталып, ол өзін т‰сінуін және 
студенттердің оны қабылдауы ‰шін орындалады. 


88
Педагогикалық шеберлік элементтері. Педагогикалық ше-
берлік элементтеріне жататындар: 
1. Гумандық (адамгершілік, мейірімділік) бағыт – ж‰йе-
т‰зуші компонент ретінде; педагогикалық қызмет мақсаттарын 
іске асыруда оқытушының құндылықтарға бағытталуы гуманис-
тикалық стратегия негізінде көрініс береді. 
2. Кәсіби білімі педагогикалық шеберліктің іргетасы рөлін 
атқара отырып, оған тереңдік, негізділік, мағыналық береді. Оның 
рөлін мойындамау қолөнершілікке, қарапайымдылыққа, ал кері-
сінше, психилогия-педагогикалық эрудиция, табысқа жетуге, оқыту-
шының студенттік аудиториямен қарым-қатынаста қажетті нәтиже 
алуына м‰мкіндік береді. 
3. Педагогикалық техника – педагогикалық қызметті тиім-
ді орындау ‰шін білімі мен қабілеттілігін және педагогикалық 
барлық құралдардың әсерлесуімен қарым-қатынастарға с‰йене 
отырып ж‰ргізу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет