Шеберлік негіздері



Pdf көрінісі
бет2/141
Дата13.03.2023
өлшемі1,54 Mb.
#73598
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   141
 
 
 
 
 
КІРІСПЕ 
Қазіргі заманда жаһандық өзгерістер әлеуметтік, рухани, 
экономикалық, сонымен қатар білім беру саласында да болып 
отыр. Білім берудегі өзгерістердің қалай ж‰ретіні және оның 
қандай болатыны, көбінесе, адам баласының ХХІ ғасырда 
қандай болатынына және қандай басымдылықтарды таңдауына 
байланысты болады. 
Жаратылыстану ғылымдары химия, физика, биология, меди-
цина және техника салаларында ашылып жатқан жаңалықтар 
біздің д‰ниетанымызды, д‰ниеге көзқарасымызды өзгертуде. 
Олардың жаңа парадигмасы туындауда. Келешек ұрпақтың, 
жасөспірімнің санасының өзгеруі, негізінен оқытушыға байла-
нысты. Ол мектепті тек болмыс заңдарының негізінде ғана емес, 
сонымен қатар ойлаудың шығармашылық мектебі ретінде 
құруы тиіс. 
Сондықтан жоғары оқу орнындағы оқытушы дайындау да 
терең өзгерістерді ж‰ргізуді к‰тіп отыр. Ол оқушылардың 
өзінтану, өзін жетілдіру мәселелеріне терең қызығушылық ту-
дыра алатын, бұл процестің механизмін шеше алатын, ой мен 
ж‰ректің гармониясының жасампазы болатын, біртұтас тұлға 
қалыптастыра алатын, д‰ниенің бірлігі мен әрт‰рлілігін қамти 
алатын, тек кәсіби бағытталған емес, сонымен қатар тұлғаға 
бағытталған болуы керек. 
Оқытушы өз іс-қимылымен, өзіндік д‰ниетанымымен, оқу-
шылардың әлеуметтік өмірдің ерекшеліктерін бағалауымен, со-
нымен бірге өмірдің мазмұны мен мақсаты болып табылатын, 
идеялардың қорытынды мазмұнымен реттелетін тіршіліктің 
ерекше саласы рухани өмірін, адамның м‰мкіндіктерін, қасиет-
тері мен сапасын, адамдар арасындағы қарым-қатынастарды т‰-
сінуіне көмектеседі. Оның әрбір іс-әрекеті оқушы ‰шін тұлға-
лық бейне болып, нақты тарихи кезеңді бейнелеуші және өзінің 


4
кәсіби қызметіндегі дара өмірлік жолын көрсететін, өзі ‰шін 
таңдаған идеал және бағдар болып табылады. 
Оқытушының оқушыларға әсері тұлғалық қасиеттерімен 
(сапалары), өмірлік концепциясымен, педагогикалық қызметті 
(таным дәрежесімен) және оның әлеуметтік рөлі мен мазмұнын 
қабылдауы, өзінің кәсіби функциялары мен өзіне тұлға ретінде 
қоятын талаптарына байланысты. Оқытушының жұмысы бары-
сында пайда болатын мәселелердің көпшілігі оның тұлғалық 
кемшіліктерінде, рухани жетілмегендігінде және оларды жоюға 
ұмтылмауында. 
Қоғамда ж‰ріп жатқан терең әлеуметтік-экономикалық өз-
герістер білім беру ж‰йесі проблемаларын дамытуды бірінші 
орынға шығаруда. Сондықтан кәсіби білігі, педагогикалық мә-
дениеті, эрудициясы жоғары, ақыл-парасаты зор оқытушы-
маман дайындау – қазіргі заман талабы. 
Пәннің мақсаты студенттердің педагог қызметінің кәсіби 
мазмұнын т‰сінуге жағдай жасау, «педагогикалық мәдениет», 
«педагогикалық шеберлік», «педагогикалық технология» сияқ-
ты ұғымдардың психология-педагогикалық білімнің бірлігі, тұл-
ғалық-бағытталған педагогикалық принциптер және тұлғаның 
өзіндік өзектелу идеясына с‰йенеді. 
Студенттерде ақпараттық-коммуникативті, конструктивті, 
жобалаушы, ұйымдастырушы және педагогикалық қызметтің 
гностикалық салаларында дағдыларын дамыту. 
Педагогикалық шеберлік негіздері практикумның, семинар-
лық сабақтардың мақсаты – студенттермен, оқушылармен 
педагогикалық қарым-қатынас орнату механизмін меңгеру. Бұл 
курста студенттер кәсіби қабілеттілік пен дағдыны практика 
ж‰зінде меңгеру м‰мкіндіктеріне ие болады, ал бұл, олардың 
кәсіби компетенттілігінің, шеберлігі мен мәдениетінің ауқымын 
кеңейтеді. Семинарлық және практикалық сабақтарды өткізу 
әдістері, курстың стратегиялық мақсат-міндеттерімен анықтала-
ды, сондықтан теориялық қорытындылардың әдістері мен тәсіл-
дерін, болжағыштығы мен көрегендігі және жалпы педагоги-
калық технологияны студенттердің сатылап меңгеруін көздейді. 
Семинарлық және практикалық сабақтар студенттерде 
аналитикалық, интерпретациялық, коммуникативті, жобалау-
шылық, болжаушылық және т.б. педагогикалық шеберлік пен 


5
рефлексивті қабілеттерді; оқытушының шеберлігін көтеру 
жолдары мен оған қажетті құрал-жабдықтарды жетілдіру жол-
дары туралы елесті қалыптастыру, студенттерді педагогикалық 
техникамен және сабақты ж‰ргізудің режиссуралық тәсілін 
меңгеру ‰шін жағдай туғызу; басқа адамдармен болашақ 
оқытушының қарым-қатынасының тиімділігін көтеру дағдысын 
қалыптастыру; студенттер мен болашақ қызметтестері арасында 
творчестволық қарым-қатынасты практикада қолдана білуге 
м‰мкіндік жасау сияқты қабілеттердің қалыптасуына және 
дамытылуына себеп болады. 
Семинарлық және практикалық сабақтардың құрылу логи-
касы, орта мектеп және арнаулы оқу орындары оқытушыларын 
кәсіби дайындауда қойылатын мақсаттарды кешенді және ин-
тегративті шешу принциптеріне с‰йеніп, қызметкерлік педа-
гогикасына, ж‰йелі-қызметтік әдістеме негізінде, эмоционалды-
құндылықтар тәжірибесі қатынасына және студенттер мен оқы-
тушының шығармашылық қызметіне с‰йеніп жасалады. 
Еркін таңдау принципін басшылыққа ала отырып, курстың 
әрбір тақырыбын өтуде семинарлық немесе практикалық сабақ-
тардың бірнеше нұсқасы ұсынылады. 
Семинарлық сабақтар проблемалық семинарлар сияқты, ал 
практикалық сабақтар тренинг т‰рінде өткізіледі. Алынған білім 
мен икем, шеберлік өздігінен, дербес жұмыс орындау кезінде 
бікітіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет