Шеберлік негіздері


 Педагогикалық тартыс және оны шешу тактикасы



Pdf көрінісі
бет74/141
Дата13.03.2023
өлшемі1,54 Mb.
#73598
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   141
2.13. Педагогикалық тартыс және оны шешу тактикасы. 
Педагогикалық тартыстың себептері және шешуі. 
Педагогикалық тартыстың принциптері 
Оқытушы мен студент арасындағы қарым-қатынас әр уақыт 
кооперативті сипатта бола бермейді. Жиі-жиі позитивті контактіге 
әсерлесудегі бәсекелестік стратегиясы кедергі болады, тіпті араласу 
кезіндегі пайда болған тартыс дауға (конфликтке) себеп болады. 
Оның байқалу себептері әрт‰рлі болады, өйткені педагогикалық 
тартыстың әлеуметтік-психологиялық механизмі жеке адамдар 
арасындағы тартыстағы сияқты. 
Бірақ ол педагогпен студент арасындағы қатынастың 
бұзылуынан екені және оқытушының басымдылық позициясын 
бекітуге ұмтылуы және оқушының наразылығы т‰рінде 
байқалуы айқын. 
Педагогикалық тартыстың механизмін т‰сіну ‰шін оның 
формуласын анықтау қажет. Тартыс, к‰реске дейін әкелетін дау 
болғандықтан тартысты тудыратын себептермен қарама-
қайшылықтарды бөліп қарастырған жөн. Тараптардың әрқай-
сысы өз пікірін айтуға тырысады, дәлелдеуге ұмтылады. 
Тартыстың дамуына көбінесе тараптардың өздері, олардың жас 


125
ерекшеліктері, рөлдік статусы мен функциялары, тартысты 
шеше білу техникасын меңгеру дәрежесі маңызды рөл атқарады. 
Педагогика методологиясында қарама-қайшылықтың екі 
типін бөліп қарастырады. 
1. Диалектикалық қарама-қайшылық, яғни қарым-қаты-
настағы педагогикалық құрылымдардың дамуы мен прогресі 
‰шін объективті қажеттіліктер. Бұл макродеңгейдегі қарама-
қайшылықтар тартыстардың пайда болуына тікелей себеп 
болады. Әлеуметтік-педагогикалық процесс тұлғаның әлеу-
меттендірілуіне мақсатты бағытталған, тәрбиелеудің оқытудың 
және білім берудің барлық аспектілерін қамтушы процесс 
болып табылады. Бұл процестегі негізгі қарама-қайшылық пен 
талас туғызатын неге оқыту және қалай оқыту проблемалары 
болған және әлі де солай қалып отыр. Әлеуметтік-
педагогикалық процестің негізгі мақсаты – тұлғаны белгілі 
әлеуметтік мәдени сапаларда тәрбиелеу. Негізгі тапсырушы 
қоғам, ал орындаушы барлық білім беру және тәрбиелеу ж‰йесі 
болып табылады. Сондықтан әлеуметтік-педагогикалық процестегі 
макродеңгейдегі қарама-қайшылықтар мен таластар білім беру 
ж‰йесі мен қоғам арасында пайда болады. 
Орта деңгейде қарама-қайшылық сызығы әкімшілік пен 
оқытушылар арасында; әкімшілік пен студенттердің ата-аналары 
арасында: оқу орыны әкімшілігі мен студенттер арасыда өтеді. 
Төменгі деңгейде қарама-қайшылық "оқытушы-студент" 
және "ата-ана-студент" жолымен өтеді. 
2. Казуальды қарама-қайшылық, яғни кездейсоқ, көбінесе 
қабылданған шешімнің компетентті еместігінен туады. Мұнда 
көлбей таластарда орын алады: "оқытушы-ата-ана", " ата-ана- 
оқытушы", "студент-оқытушы", "студент-студент".
Педагогикалық таластар туғызатын барлық себептерді 
шартты т‰рде екі категорияға бөлуге болады: оқытушылар 
арасындағы талас және тікелей оқу-тәрбие қызметіндегі талас. 
Оқытушылар коллективіндегі болатын таластардың негізгі 
себептері: бір-біріне әдепсіз қатынастар; сабақ кестесінің 
ыңғайсыздығы; басқалардың міндетінің біреуге ж‰ктелуі; 
педагогикалық ж‰ктеменің бір қалыпты бөлінбеуі; әкімшілік 
және қаржылық қиянат ету және т.б. 


126
Бұл себептерді талдай отырып жалпы екі топқа біріктіруге 
болады. 
1. Қарым-қатынас проблемалары, мысалы, әдептіліктік 
(такты) болмауы, қызбалық, басқалардың кемшілігіне шыдам-
сыз болу, өз м‰мкіндігін жоғары бағалау, психологиялық 
сиымсыздық және т.б. 
2. Білім беру орындарындағы ескі "бастық - бағынышты" 
принципі бойынша құрылған әкімшілік басқару ж‰йесі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет