Шеберлік негіздері


Педагогикалық тартыстарды шешу принциптері



Pdf көрінісі
бет76/141
Дата13.03.2023
өлшемі1,54 Mb.
#73598
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   141
Педагогикалық тартыстарды шешу принциптері. 
Тартыстардың жалпы теориясына с‰йене отырып педагоги-
калық процестегі тартыстарды шешудің негізгі принциптерін 
бөліп қарастырады: толеранттылық, өз уақытында, шапшаңдық, 
оның себептерін ж‰йелі талдау жариялық, тартыстың 
психология-педагогикалық салдарынан м‰дделі болу. 
Педагогикалық процестегі тартыс жағдайларын басқару 
‰шін төмендегі принциптер ұсынылады: 
1. М‰дделік принципі - тартыс соңында конструктивті 
құрушы болуы, яғни тартыстың тәрбиелік мәнін көре білу, 
қажеттілігі оны тұлғалық өсуге пайдалана білу м‰мкіндігі, 
тараптардың әрқайсысының позитивті тәжірибе ала білуі. 


128
2. Тартыс себептерін талдауда ж‰йелік және тереңдік 
принципі. Ол төмендегі талдау деңгейлерін қолдануды ұсынады: 
бастапқы, кульминациялық және қорытынды. 
3. Таластың пайда болуында бір жақтың жауапкершілігін 
шығарып тастау принципі. Таластың дамуына екі жақ 
қатысады және әр қайсысы "өзі ‰шін" қосады, сондықтан оның 
әсеріне де жауаптылық тасиды. 
4. Делдалдың байтараптық принципі. Тартыстық жағдай-
ды табысты шешуде қарсыластар ‰шін бейтарап позицияның 
болуы өте қажет. 
5. Тартыстардың профилактикасы принципі. Бұл прин-
циптің іске асуы ‰шін мына ұсыныстарды орындаған жөн: 
- тартыс жағдайын реалды оқу-тәрбие процесімен жалпы 
контексте қарастыру; 
- жеке тұлғалар арасындағы тартыстардың кез келген 
топтың моральдық-психологиялық орамына (климатына) 
тікелей немесе жанама әсер етедіндіктен, оны ескеру; 
- педагогикалық тартыс өз шегінен аспауы керек, яғни 
басқа тартысқа ұласпауы қажет. 
Тартыстарға педагогтардың көңіл аударуының бірнеше типі 
бар: репрессивті шаралар, тартысты көрмеу, елемеу, рөлдік әсер, 
мотивтерін анықтау, өзін өзгертуге белсенділік көрсету, рефлексия - 
уайым сезімдері туралы, пайда болған ойлары туралы сөйлеу. 
Педагогикалық тартыстың позитивті шешілуіне оқыту-
шының студенттермен қарым-қатынас ж‰йесі оң әсер етеді. 
Оқытушы қимылы бірнеше этапқа бөлінеді. 
Тілдесу стилін таңдау, белсенді тыңдаушы техника және 
вербальды емес тілдесу құралдарын таңдау, эмоциялардың 
қайтарылуы, жазаландыру. 
Тартыстарды тек шешіп тастау немесе алдын алып қоймай 
тұрыпта болжауға болады. Ол ‰шін тартыстың негізгі компонент-
терін талдап ұғыну қажет: проблемалар; тартыстық жағдай; тартыс 
м‰шелері; тартысты арандатушы қақтығыс (инцидент). 
Педагогикалық тартыс жағдайларын талдауда қолданыла-
тын және көбінесе оң нәтижеге қол жеткізуге м‰мкіндік беретін 
практикада қолданылатын тірек сызбанұсқасын қарастырып, 
талдау нәтижелі болар деп ойлаймыз
Бірінші вариант: 


129
- пайда болған жағдайды, тартысты, қылықты суреттеу;
- жағдайдың пайда болу себептерін анықтау; 
- тартысқа қатысушылардың даралық және жас ерек-
шеліктерін анықтау; 
- жағдайға студент пен оқытушының көзімен қарау; 
- пайда болған жағдайға оқытушының тұлғалық позициясы; 
- жағдайды өршіктірмеу шаралары және ұсыныстар, алдын 
алу жолдары; 
- қазіргі уақытта және болашақта іске асырылатын жұмыс-
тарының нақты м‰шелерін анықтау және әдіс-тәсілдер таңдау. 
Екінші вариант: 
- жағдайды және қатысушыларды суреттеу; 
- жағдайдың тартысқа өтпей тұрғанда педагогтың тоқтата 
алатын сәтті анықтауы; 
- оқытушының тартысты тоқтауына кедергі келтіргендігі 
(эмоционалдық к‰йі, куәгерлердің болуы, абдырап қалу, 
абайсыздық); 
- жағдайға әсер ету әдістерін анықтауда оқытушының 
оларды қалай қолданғанын бағалау; 
- жағдайды талдауда оқытушы мінезі мен жіберген қателері; 
- тартыстан кейінгі студентпен қарым-қатынас варианттары. 
‡шінші вариант: 
- жағдайды суреттеу; 
- жағдайдың туу себептерін анықтау (оның тууының ішкі, 
сыртқы шарттары) және оның тартысқа өту себебі; оның 
динамикасы; 
- тараптардың әр қайсысының тартыстың мәнін т‰сінуі; 
- тараптардың арасындағы қатынастың психологиялық 
талдануы; жағдайдың әр варианттағы шешімінен соң перспек-
тивтік тәрбиелік және танымдық мақсаттарын анықтау. 
Әрине, мектептің реалды өміріндегі жағдайлар, оқытушы-
ның өзінің тәжірибесі ұсынылған сызбанұсқаға симауы м‰мкін, 
дегенмен ұсынылған сұрақтар жағдайдың маңызды кезеңдерін 
анықтауға көмектесері сөзсіз. 
Педагогикалық жағдайды шешу сызбанұсқасы: 
- партнердің позициясына тұру; 
- студенттердің тәжірибесі мен қызығушылығын пайдалану; 
- тікелей сұрақ қоюдан аулақ болу, ресми екпіннен аулақ;


130
- ұзақ сөйлеуді азайту. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет