Шеберлік негіздері


2.12. Дәйек келтіру және тілдік ақпараттық ықпал ету



Pdf көрінісі
бет70/141
Дата13.03.2023
өлшемі1,54 Mb.
#73598
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   141
 


119
2.12. Дәйек келтіру және тілдік ақпараттық ықпал ету 
технологиясы 
Пікірталас туралы жалпы мағлұмат. Педагог оқу 
ақпаратының әр т‰рде және формада берілуін тілдік ақпараттық 
ықпал етумен ж‰зеге асырады. Оның нәтижесі педагогтың т‰рлі 
дәйектер мен деректерді қаншалықты дұрыс, орынды 
пайдалануына және студент-пікірталастырушылардың орнына 
төзімділігіне байланысты болады. 
1. Әдетте пікірталас ауызекі жарыс ретінде т‰сіндіріледі, әр 
жақтық өз пікірлерін, өзіндік шындықтарын көрсетуі екі немесе 
бірнеше жақтың арасындағы бір нәрсені талқылайды. Ауызекі 
сөйлеу тілінде «пікірталас» келісе алмаушылық, дау-дамай, ал 
ауыспалы мағынасында қарама-қайшылық, келіспеушілік 
ретінде т‰сіндіріледі. 
2. Жалпы барлығына пікірталас сөзінің мағынасы 
алауыздық, ортақ пікірдің болмауы, тайталас, жарыс, бақталасу 
болып табылады. 
Бұл құбылысты белгілеуде жиі қолданылатын синоним 
сөздер: дискуссия, диспут, полемика, дебат, прения. Бұл 
сөздердің басқа да мағынада қолданылауы әбден м‰мкін. 
Енді пікірталастың мазмұндық аспектілерін қарастырайық. 
Пікірталастырушы жақтардың өздерінің пікірінің дұрыс-
тығын қорғаудың бірнеше ыңғайын бөліп көрсеткен: 
эвристикалық - жақтардың біреуі сендіру әдісін қолдану 
арқылы қарсыласының нақты ойына с‰йенеді; 
логикалық - қатаң логикалық талдау және дәйек арқылы 
қарсыластардың ортақ пікірге келуімен сипатталады; 
авторитарлық - өз ой-пікірінің дұрыстығын беделмен 
немесе беделділерді қолдана отырып, ал кейде билігі көмегімен 
іске асыруға с‰йенеді; 
прагматикалық - жақтардың біреуі немесе кейде әрқай-
сысы пікірталасты шындықты айқындау ‰шін емес, өздерінің 
пайдаларына, бір-бірінен жасырылған мақсаттарына жету ‰шін 
ж‰ргізеді; 
сынаушы - оппоненттердің бір-бірінің осал жерлері мен 
ұстанымдарына көңіл аударып, қарсыластарының позитивті 
жақтарын көрмеуі және көруге де тырыспауы. 


120
Пікірталасты ж‰ргізу мақсаты талқыланатын мәселені 
шешуге бағытталуына байланысты немесе қосымша кедергілер 
мен тосқауылдар жасалуына қарай екі топқа бөлінеді. 
1. Конструктивті мақсаттар: мәселені шешудің барлық 
м‰мкін жолдарын сөз ету; белгілі ұстаным төңірегінде коллек-
тивтік пікір таңдау; жалаң өсектерді әшкерелеу; ғылыми емес, 
компетентті емес шешімдерді мәселені шешуде қолданбау. 
2. Деструктивті мақсаттар: қатысушы жақтарды бір-біріне 
ымырасыздыққа дейін апару; мәселенің шешілуін тұйыққа 
тіреу; жалған жолға алып бару ‰шін дәлелденбеген ақпаратты 
қолдану. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет