Шекербекова Шырын Тілеубергенқызы, п.ғ. к., профессор м а



бет1/4
Дата15.12.2023
өлшемі41,67 Kb.
#138521
түріБағдарламасы
  1   2   3   4
Байланысты:
Силлабус СмешенОбуч инф 2023-2024


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Abai University


СИЛЛАБУС

1. Пән туралы ақпарат Информатиканы аралас оқыту технологиялары, 5 ECTS, 2-курс, 3-семестр, 2023-2024 оқу жылы


Информатиканы аралас оқыту технологиялары
Шифр және Білім бағдарламасы (ББ): 7M01507 - Информатика
Институт: Математика, физика және информатика
Кафедра атауы: Информатика және білімді ақпараттандыру
Оқытушының аты-жөні: Шекербекова Шырын Тілеубергенқызы, п.ғ.к., профессор м.а. Қатынас ақпарат: тел. +7 707 175 41 32, e-mail: sh_shirin@mail.ru


2. Бақылау түрі (ауызша, жазбаша және тест түріндегі емтихан)
Критериалды бағалау:
Үй тапсырмаларының немесе МӨЖ мерзімдері ҚазҰПУ академиялық саясатына сәйкес жеңілдететін жағдайларда (ауру, шұғыл жағдайлар, күтпеген жағдайлар және т.б.) ұзартылуы мүмкін. Сындарлы сұрақтар, диалог, пікір таластарға қатысу, жаттығулар жасау және кері байланыс құпталады және көтермеленеді, ескеріледі және бағаланады:
1. Әр сабаққа тақырыпқа сәйкес, кестеге сәйкес алдын-ала дайындалу керек.
2. Үй тапсырмалары пән кестесінде көрсетілгендей семестр бойы бөлінеді.
3. Үй тапсырмаларының көпшілігінде бірнеше сұрақтар/тапсырмалар болады.
4. Семестр бойы сіз оқылатын материалды пайдаланасыз
МӨЖ көрсетілген мерзімде орындалуы тиіс. Көрсетілген мерзімнен кейін МӨЖ қабылданбайды.
Жиынтық бағалау:
Сіздің қорытынды бағаңыз мына формула бойынша есептеледі: (АБ1+АБ2)∙0,6 +Емт∙0,4


3. Курстың академиялық презентациясы
Оқу курсының типі: МК/ЖООК/ТК
"Информатиканы аралас оқыту технологиясы" пәнінің мақсаты "аралас оқыту" технологиясын игеру және оны қолдану негізінде информатика мұғалімінің тәжірибесін өзгерту болып табылады.
«Информатиканы аралас оқыту технологиялары» пәнінің негізгі міндеттері студенттердің пәндік құзіреттіліктермен қатар білім беру бағдарламасы бойынша оқу нәтижелерін (ОН) қалыптастыру;
«Информатиканы аралас оқыту технологиялары» пәнінің негізгі міндеттері:
• аралас оқыту тұжырымдамасы туралы түсініктерді қалыптастыру;
• информатиканы оқытудағы аралас оқытудың негізгі моделдерін зерделеу және талдау;
• сандық білім беру ресурстарының әртүрлі түрлерімен, онлайн қызметтерімен тәжірибені кеңейту;
• аралас оқыту шеңберінде технологиялар мен әдістерді қолдану тәжірибесін жаңарту: сыни тұрғыдан ойлау, топтық жұмыс, коучинг әдістері, жобалық әдіс.
"Информатиканы аралас оқыту технологиясы" пәнін оқу нәтижесінде магистрант білуі тиіс:
- информатиканы аралас оқыту шеңберінде саралау, даралау принциптері;
- Б.Блумның білім беру мақсаттарының таксономиясын және Smart технологиясын пайдалана отырып, мақсаттарды тұжырымдауға қойылатын негізгі талаптар;
- кері байланыстың мәні, механизмдері және ережелері туралы.
Магистрант:
- оқу процесінде оны жүзеге асыру үшін информатиканы аралас оқытудың оңтайлы моделін анықтау;
- аралас оқыту контекстінде мақсатқа қойылатын негізгі талаптарды тұжырымдау;
- информатиканы аралас оқытудың таңдалған моделін жүзеге асыру үшін Интернеттегі құралдарды қолдану.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет