Шәкәрім Құдайбердіұлы

Дата13.02.2022
өлшемі1,05 Mb.
#25406
Байланысты:
Адамгершілік идея

Шәкәрім поэзиясындағы әділет, ар тазалығы

Бізде «ар» сөзіне ғылыми тұрғыдан қандай анықтама беріледі? «Шәкәрім» энциклопедиясында А.Тоқсамбаева: «Ар - адамгершілік сана, этика-философиялық категория. Адамгершілік (адамшылық, адамдық) қазақ халқында адам бойындағы жақсы қасиеттердің жиынтық мағынасын білдіретін ұғым-өлшем болса, Ар оның шығу тегі, бұлақ бастауы. Арды адам бойындағы жақсы қасиеттердің өлшемі, адамгершілік санасы деуге негіз бар», - дейді.

Шәкәрім өз шығармаларында «ар білімі» деген терминді қолданған. Ол «ар» сөзін «совесть» деп тәржімалаған. Ар дегеніміз не? Ол тек адамға ғана қатысты түсінік. Михаил Лермонтов: «Адам ісіне құдаймен бірге төреші бір нәрсе бар, ол - ар» деп айтқан. Абай аудармасында ол өлең былайша келтірілген:

Менің сырым, жігіттер, емес оңай,

Ешкімнің ортағы жоқ, жүрсін былай!

Нені сүйдім, дүниеде неден күйдім,

Қазысы оның - арым мен бір-ақ құдай.

Шәкәрімнің нақыл сөздері:

Еріншектен – салақтық,

Салақтықтан – надандық…

Бірінен-бірі туады,

Жоғалар сөйтіп адамдақ.

Еңбекке шыда,ебін тап та,

“Сабырдың түбі – сары алтын”.

Өзімшіл болма,көпті ардақта,

Адамның бәрі — өз халқың.

Ынсап пен мейірім,әділетті,

Жанындай көріп,жан сақта.

Ол жолда өлсек неміз кетті,

Мақсұтқа жетпей қалсақ та

Шәкәрім өлеңдерінде, аудармаларында ар тазалығы, имандылық, адамгершілік мәселелерін жиі көтереді. Оның шығармаларында өзінің ішкі табиғатына, көзқарасына сәйкес келетін және сол идеясын жеткізуге лайық детальдар мен сюжеттік элементтер тапқанда ғана сол туындыны жазуға бой ұрады.

Ар қайда? Рахым қайда? Әдеп қайда?

Быт-шыт боп неге жүрміз әрбір сайда?

Көз жұмып,"көппен көрген ұлы той" деп,

Береді бұл надандық кімге пайда?- депті қазаққа Шәкәрім.

"Ақылды сол - нысап пен ар сақтайды,

Арсыз сол - арамдықпен жан сақтайды.

Адал сол - таза еңбекпен күнін көріп,

Жаны үшін адамшылық ар сатпайды".

"Сабыр, сақтық, ой, талап болмаған жан,

"Сабыр, сақтық, ой, талап болмаған жан,

Анық төмен болмай ма хайуаннан.

Ынсап, рахым, ар, ұят табылмаса,

Өлген артық дүниені былғағаннан", - деген шумақтар да Шәкәрімнің ар ғылымына дәлел боларлық өлең жолдары.

Достарыңызбен бөлісу:

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет