Шәкәрім. Ғылыми-танымдық журнал



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата02.03.2017
өлшемі0,84 Mb.
#5105
1   2   3   4   5   6   7   8

2015  №3  (28)

Өлеңді де, шумақты да тұтас оқып шығып,

ой  екшеген  адам  осындағы  “бес  наданның”

кекесінге қандай қатысы бар екенін түсіне алмай

кідіріп қалады. Неге он надан емес? Абай бұл

өлеңінін алдыңғы екі жолында:

Қуанарлық қыз емес,

Жылтырауық таққанға, -

немесе:

Осы да есеп бола ма,



Ар, абұйыр тапқанға? - деп ессіз қуаныш

иелерінің қамсыз мақтанын  кекеп алады да:

Қасиетін бойының

Бекер төгіп шашқанға, -

деп, немесе:

Миың болса жолама,

Бос желігіп  шапқанға, -

деп ызалы зіл тастайды.

Өйткені,  “ақыл  көзбен  бақсаң”  шен-

шекпенді  жабудағы  себебі,  аярлықпен  алдап-

арбап, сені “түсірмекші қақпанға”. Соны ұқпай

арсалаңдаған  ағайындарына:  “Бір  пес  надан

оңбассың”,  -  дейді.  Бір  де,  бес  те,  емес,  пес?

Қазақшаласақ  “бір ит надан екенсің, оңбассың!”,

- деп отыр. Бұл “пес” кейін “ит” мағынасында

Абай өлеңдерінде жиі қолданылады. Сонымен

қатар дәл осы “пес”, “пәс” деген сөз парсыша

да, ұйғырдың ауызекі сөзінде де “бұралқы” деген

ауыспалы мағынаны білдіреді. Мұндағы “Бір бес

надан” – “бір бес күндік дүниенің” өзгертіліп

қолданған  түрі  емес.  “Біләткенің  байы  ақша”

дегендегі “біләтке” сияқты сімтік, “пес “ деген

сөз.

“Песті»  орыс  және  парсы  поэзиясын



қанына  сіңірген  Абайды  былай  қойғанда,

қарапайым халық өкілі Ауған ақынның өзі  сараң

да қытымыр Көшен болыс өлгенде:

Айналайын Көшенім,

Сөзге жүйрік шешенім.

Қыс өлмедің, жаз өлдің,

Қозыға тиді кеселің.

Қазғанда көрің қатты боп,

Майрылды жүзі тесенің…

Басыңнан асты-ау кеселің.

Қызыңды ұрайын пес едің.

Сексен жаста өлмейтін,

Құдайдың  сонша  несі  едің?-деп  сөз

арасына “сіңіріп” жіберген.

Демек, Абай да “бес наданды” емес, “жайы

мәлім  шошқаның  түрткенінен    жасқанған”

“песті”  айтып  отыр.  Егер  сөз  төркіні  осылай

болса  онда,  екінші  жолдағы  “нансаң,  онын

қосқанға” деген тіркесті де қайта қарауға тура

келеді.  Алдыңғы  “пес”  –  “беске”  айналғанда,

санды қуалап, “оған” мен “анықтың” –  “онын”

болып оқылып кетуі әбден мүмкін. “Ғ” мен “ң”,

“ы”  әрпі  жоқ  қадыми  араб  жазуы  үшін  бұл

барынша  ықтимал.  Мысалы,  қаріптеп

жазылғанда  “тәнк”  деп  оқылатын  сөздің

“таңның” болып оқылғаны сияқты. “Танктің” таң

екенін “атар таңның” деген тіркесті ойға түсіру

арқылы арасындағы әріптер  дұрыс қойылған.

Сол сияқты “бір пес” деген сөз де “бір бес күннің

жөні жоқ аптығарға” деген әйгілі өлең жолының

санадағы жаңғырығы арқылы “бір бес надан”

болып  дұрыс  ажыратылмаған  деген  болжау

айтамыз. Сонда “қақпанға түсіру үшін” өтірік

алдап-арбап, оқалы шапан жапқанға: губернатор

мені құрметтеді, кісі қатарына қосылдым - деп

сеніп, жас баладай қуанып, ауылына шүйіншіге

кісі шаптырып ар-ұятын сатқандарға ызаланып:

Бір пес надан оңбассың,

Нансаң анық (ұлық қатарына) қосқанға,

Жасық, жаман болмассың,

Жамандықтан қашқанға,-

деуі орынды-ақ сияқты. Кейінгі:

Жәйі мәлім шошқаның,

Түрткенінен жасқанба.

Бір ғылымнан басқаның,

Кеселі  көп  асқанға,-  деген  жолдар  да

алдыңғы “пес наданға” иек сүйеп тұр.

Мұндағы “шошқа” – шелтірейіп шекпен

жауып тұрған “орыс” генерал-губернаторы екені

түсіндірмесе де белгілі.

Абайдың өлеңдері жиырма реттен астам

қайталанып, салыстырылып, орынды-орынсыз

түзетулер  енгізіліп  басылды.  Соларды

салыстыра  о қып  отырып,  Кәкітай  мен

Тұрағұлдың: 1909 жылғы басылымда қаріп пен

сөз қатесі көп кетіп, өлеңнің мазмұны бұзылып



44

Резюме

Статья посвящена текстологическим проблемам произведений великого поэта Абая

Кунанбаева.

Resume

АБАЙТАНУ

2015  №3  (28)

The article is devoted to the textual problems of the works of the great poet Abay Kunanbayev.

даукестер, екінтіде олжа бөлісіп, ақшамда келесі

даудың  ұшығын  шығарып,  соны  қайтсем

өршітемін деп, күндізгі  бітім мен бірлікті, антты

іркіттей  ірітіп,  шайқап,  ақшамда  төрт-бестен

бөлініп үйді-үйіне кетіп бара жатады. Иә, ақшада

емес, ақшамда! Әйтпесе:

Таласып тарқайды,

Ақшадан  төрт-беске,  -  дегеннің  қандай

мағынасы бар.

“Ақшадан төрт-беске” деген тіркес-төрт-

беске  бөлінген  ақшаны  бөлісе  алмай  таласып

тарқайды – дегенді әсте білдірмейді. Тіпті төрт-

бес жерге ақша қойып, сол үшін таласты дегенді

естіген қазақ бар ма өзі? Масқараның өзі сол емес

пе. Қандай би алдына ақшаны қойғызып қойып

дауға түсуші еді. Ендеше мұны “ақшада” емес

“ақшамда” деп еш ойланбастан түзету керек.

Сөздің реті келгенде айта кетейік, “қорлық” пен

“ақшамды”  дәл  қазір  де  қадыммен  сүйкетіп

жазсаң, “қоңыр” мен “ақша” деп оқуымыз әбден

мүмкін. Өйткені бұл сөздерді сүйрете жазғанда

“р” мен “қ”  әрпі бір-бірінен айнымай түседі.

“Ақша”  мен  “ақшамыңызда”  тіпті  айырма

болмай  қалады.  Өлеңнің  мағынасының  өзі

сөздің  төркінін  тектеп  тұрғандықтан  да  бұл

жайды  бұдан  әрі  қазымырлана  қазып

жатпаймыз.



46

жорықтарын жаз дейді;

Ақылбайға: сен суретшісің, елге аты әйгілі

Қап (Кавказ) тауын және оны мекендеген қауіп-

қатерден  қорықпайтын  ер  черкес  халқын

суретте дейді;

Мағауияға:  сенің  аздаған  білімің  бар,

сондықтан  бай  мен  құлдың  ортасында  өмір

бойы үзілмей келе жатқан теңсіздікті, адамды

малдан  жаман  қараушылықтың  барлығын

көрсет» [3,103-104], - деп оқып, зерттеп қана

қоймай, аталған сюжеттерге шығарма жазуды

тапсырады  шәкірттері  мен  балаларына.

Оқымыстылықтың,  ұстаздықтың  өнегесін

көрсетеді.

Ақындық  өмірбаянының  бастауында

Низами, Фирдоуси, Сағди, Хожа Хафиз, Науаи,

Физули    есімдерін  еріккеннен  ермек  етіп

тізбектемеген. Шығыс поэзиясының кәусарына

кездесіп, шығыстық өрнектердің  тұтқынына

айналған жас Абай саналылықпен қабылдаған

зор  ғибрат,  мол  ләззат  өлең  жолдарында

кестеленген-ді. «Жас кезінде парсы жұртының

ертегілерін,  Жәмшіт,  Қаһарман  сықылды

кітаптарын  да  көп  оқыса  керек.  Өзім  көрген

«Мың бір түннің» кітабын оқып, алғаш біздің

елде «Мың бір түнмен» таныстырған кісі менің

әкем еді, - дейді Турағұл. – Орыс кітабындағы

Густав әмір сықылды әңгіме кітаптарды оқып

елді таныстырды, біздің ел «Мың бір түннен»

жалығып,  орыс  романдарына  әуестеп  кетті»

[1,12].


Семейдегі  кітапханада  шөліркей  оқып,

молынан  сусындаған,  бұрын  өзіне  бейтаныс

орыс,  батыс  классиктерінің  шығармалары.

Тесіле  оқып,  құныға  зерделегені  Пушкин,

Лермонтов,  Крылов,  Некрасов,  Салтыков-

Шедрин,  батыс  қаламгерлерінен  Гете,

Шекспир,  Шиллер,  Гейне,  Байрон,  Бальзак,

тағы  басқалары.  Оның  үстіне  батыстың  ой

адамдары,  философтары,  білімпаздарының

еңбектерін шұғылдана оқиды.

Қолайлы сәтті пайдаланып бір деректі ұсынғым

келеді.  Иә,  ол  дерек  бізге  бұрыннан  таныс,

қайталаудың  қажет  еместігін  ескертіп  қарсы

пікір айтуға хұқылысыз. Американ жазушысы,

саяхатшысы,  журналисі, данышпан  Абайдың

түйдей құрдасы Джордж Кеннан (1845-1924)

Семей  қаласындағы  саяси  тұтқындармен

әңгімелескенде шаһардағы көпшілік кітапханада

құнды кітаптардың жинақталғаны  және онда

тұрғылықты  халық  арасынан  шыққан  зиялы

оқырманның  бар  екендігі  таң  қалдырады.

Д.Кеннанның өзіне сөз берейік: «Г-н Леонтьев

передал  мне  историю  Семипалатинской

библиотеки  и  выразил  мнение,  что  она  не

только  большое  благо  для  ссыльных,  но  и

возбуждает  интеллектуальные  интересы  в

городе.  «Даже  киргизы  пользуются  ею»,  -

сказал он:

–  Я  знаю  о дного  старика  киргиза

Ибрагима Конобая [ұғыңыз: Абай Құнанбаев –

А.Е.],  который  ходит  в  библиотеку  и  читает

даже таких авторов, как Дрэпер и Милль.

– Ну, Вы шутите! - воскликнул веселый студент.

–  Нисколько,  -  холодно  отвечал  Леонтьев.  –

Сначала  он  и  меня  удивил,  попросив  у  меня

объяснения, что такое индукция и дедукция; но

потом  я  узнал,  что  он  усердно  изучает

английскую  философию  и  читает  в  русском

переводе,  конечно,  этих  авторов»  [4,  38-39].

Д.Кеннан  еңбегімен  танысқаннан  соң,  ең

алдымен, жасамақ алғашқы ой – түйініміз, бұл

–  Абай  туралы  айтылған  бірінші  пікір,

абайтанудың  қарлығашындай  лебіз.  Және

ежіктей  түссек,  Д.Кеннан  еңбектері  арқылы

1890 жылы Абай күллі әлемге танылған десек

ешкім қызғана қоймас.

Д. Кеннанның Семейде жер аударылғандармен

кездесуі,  Абай  жөнінде  әңгіменің  өрбуі  1885

жылдың аяғы 1886 жылдың алғашқы айлары.

Д.Кеннан  кітабы  орыс  тіліне  аударылғанда

«Сибирь  и  система  ссылки»,  «Сибирь!»,

«Сибирь  и  ссылка»  атауларымен  шыққан.

Алғаш  Парижде  (1890),  онан  соң  Санкт-

Петербургте  (1906)  баспа  көрген.  Соңғы

басылымда «перепечатывается с берлинского

издания»  деген  ескертпе  бар.  1896  жылғыда

ақын есімін толық келтірсе, 1906 жылғы кітапта

«Ученый киргиз» [«Оқымысты қазақ» - А.Е.]

деп  жо ғары  баға  берілген.  Журналдық

нұсқалары  да  жетіп  артылады.  Бір  сөзбен

айтқанда,  уақытында  молынан  таралған

басылым екендігі. Қазақ тіліне аударылса қазақ

оқырманы қуанышқа кенелері сөзсіз.

Жоғарыда  санамалап  көрс етілген

авторлардың туындылары кітапхана қорында

АБАЙТАНУ

2015  №3  (28)


48

оқыды десек қателеспейміз.

Қаламгер  кітапханасы  жүйелі  зерттеуді

қажетсінеді. Алысқа бармай-ақ, оған үлгіні орыс

әдебиеттанушыларының еңбектерінен табамыз.

Б.А. Модзалевскийдің екі томдық «Библиотека

А.С. Пушкина» (1910, 1934), С.Д.Балухатыйдың

«Библиотека  Чехова»  (1930),  Д.А.  Баликтің

«Личная 

библиотека 

А.М. 

Го рько го



нижегородских  лет»  (1948),  Г.М.Коровиннің

«Библиотека  Ломоносова»  (1961)  зерттеулері

үлгі – өнегенің ірісі ғой. Профессор Т.Жұртбай

«Кемеңгердің  кітапханасы»  [5]  мақаласымен

әріптестеріне  ой  тастағандай  еді.  Амал  не,

қолдаушы,  қостаушы,  пікір  жарыстырушы

арамыздан  шықпады.  Бұлайша  абайтанудың

көсегесі  көгермейді.  Бүгінгі  ізденушілерге

ашылмаған  аралдардың  бар  екендігіне  назар

аударамыз.

Кемел 

суретші 


М.Әуе зовтің

эпопеясындағы:  «Бұл  не  ғажап!  Гоголь

кітапханасына  қашаннан  бері  түйелер

жіберілетін  болған?  –  деген  зілді  кекесінге:  -

Чиновник мырза, түйе кірсе несі бар, бұнда ол

түгіл  есек  те  отырыпты  ғой!»  [6,193],  -  деп

тапқырлықпен үнін өшіргендігін оқырман ашу

– ызамен қабылдайтын. Құдайға шүкір, замана

өзгерді. Қазақстан бүгін Тәуелсіз ел болды. Абай

-  ұлттық   самғаудың  бағдаршамына  айналды.

Елбасы  Н.Назарбаев:  «ХХІ  ғасыр  қазақ

халқының 

жұлдызы 

жанатын 


ғасыр

болатынына  сенемін»  [7],  –  деген  еді  нық

сеніммен  жастарға.  Сенімді  ақтайтын  білімді,

қайратты,  еңбексүйгіш  ұлтжанды  өскіннің

желкілдеп келе жатуы қуантады.

Алғашқы  оқырмандарының  қатарында

данышпан Абай тұрған қасиетті қара шаңырақ –

Абай  атындағы  әмбебап  ғылыми  кітапханасы

ұжымының  мерейлі  істері  жалғаса  беретіндігі

анық.


Әдебиет

1.  Құнанбаев  Т.    Әкем  Абай  туралы.  Алматы:

Ана тілі, 1993.  -  56 б.

2.  Жиреншин  Ә.  Абай  және  орыстың  ұлы

революцияшыл  демократтары.  Алматы:

Қазмембас, 1959.   – 267 б.

3.  Ысқақов  Әрхам.  Абайдың  өмір  жолы.  Кіт.:

Абай туралы естеліктер. Семей: 2010.   –  260 б.

4.  Кеннан  Д.  Сибирь  и  ссылка.  Перевод  с

английского. Париж, 1890

5.  Жұртбаев  Т.  Кемеңгердің  кітапханасы.  –

«Парасат», 1995, №8, 17-б.

6. Әуезов М. Елу томдық. 23-т. – Алматы: «Жібек

Жолы», 2005. -    480 б.

7. Егемен Қазақстан, 2013, 12 қыркүйек

Резюме

Автор в статье рассматривая проблему  библиотеки писателя, останавливается на

поэтической библиотеке Абая.

Resume

АБАЙТАНУ

2015  №3  (28)

The author of the article considering the problem of the library of the writer, of poetry stops at the

library after Abay.


50

Осы  арнаулардың  көбі  ащы  сынға  құрылған.

Әрине,  Әбдірахманға,  Оспанға  арналған

жоқтауларын айтпағанда тіпті бәрі дерлік ащы

өлең. Бір қызығы өлең арналған адамның бәрі –

Абайдың  жақсы  танысы,  танысы  болғанда

жақын араласқан сыйлас, дос, пікірлес адамдары.

Ал сонша алысқан, өмір бойы Абайға қарсы боп

өткен Оразбайға, қамшы жұмсаған Нұрғазы мен

Әбенге  Абай  меншіктеп  өлең  арнамаған.

«Қайран сөзім қор болды, Тобықтының езіне»

дегенде Абай осы соңғыларды меңзесе керек-ті.

«Сөзімді  тасыр  ұқпас,  талапты  ұғар»  деген

ақынның  өлең  арнағанының  ең  сорлысының

кеудесінде  кісіліктің  сәулесі  бар.  Бойындағы

титтей  де  ұятты  көрген  Абай  сөзбен  қамшы

басады оларға.

Демек,  Күлембайдан  тек  орыс  оязына

жағынып,  далақтап  шапқан  надан  болыстың

бейнесін ғана көру кеңестік танымның астарында

қалуы  керек.  Ең  алдымен,  Күлембай  болыс  –

Абайдың дос, сыйлас адамы. Сөз көтере алатын,

сынынан нәтиже шығарар есті адамға арнағаны

Абайдың  өлеңін  «дос  жылатып  айтадының»

төңірегінде түсінсек оңды болар еді.

Алайда, дос-жаранға, көз көрген танысқа

айтқан сөзі тым ащы, тым ауыр, екінің бірі көтеріп

кете  бере  алмайды  Абайдың  айтқанын.

Ақынның  улы  тілі  еттен  өтіп,  сүйекті  уатады.

Кектескен жауға тілін безеу – бір басқа да, күнде

қасыңда  жүрген  жанға  бет  шыдатпайтын

шындықты  айту  –  бір  басқа.  Соңғысының

салмағы  ауыр.  Түңлікбай  деген  құрдасының

жеңіл жүрісті әйеліне:

Сен шыққан жол үстіне жалғыз түп ши

Көрінген ит кетеді бір-бір сарып, -

дегені  –  жай  ғана  қалжың  емес,  ұққан  адамға

елден  бездіретін  ауыр  сөз.  «Абралыға»  деген

арнауында:

Мен жасымнан көп көрдім

Мұсылман мен кәпірді

Абралыдай көрмедім

Намаз білмес пақырды, -

дегеніне  қарап,  Абралыны  дін  білмес  көп

наданның санатына қосып жібердік. Ал, өлеңнің

шығу  тарихына  бақсақ  тіпті  олай  емес.  Бір

намазда    құранның  қиратын  дұрыс  оқымай,

Абай  соған  шығарған.  Ақиқатына    келсек,

Абралы  сөзге  шешен,  ойға  жүйрік  адам

болғандықтан, ел оны «Сары жорға» деп атаған.

Бұл  арада  Абай  сыны  до стық  қалжыңның

негізінде  туған-ды.  Сол  сияқты  Жақсылық,

Көжекбай дегендерге арнаған өлеңдері де шын

достықтың  ащы  айғағы.  Мәселен,  Көжекбай

Жамантайұлы (1847-1916) Тобықтыда Мамай,

Еламан  руынан,  ел  арасындаәы  сөз  тасығыш,

тұрақсыздығы үшін Абай оны «Кімнің жүгі биік

болса, соған қарғып шыққан мысық» деп атаған

да. Ұлжан бір себептермен Көжекбайға өкіл шеше

болғандықтан, ол Ұлжан балаларына еркелік те

еткен. Көжекбайдың інісі Тезекбаймен арасында

жерге  таласқан  дау  туып,  малды,  ауқатты

Көжекбай інісіне өктемдік еткен екен. Көжекбай,

әкеңнің  алдында  дауымды  шешіп  бер,-  деп

Мағауияның аңғалдығын пайдаланып, Абайдан

жасырып, оған ел ішінде «Көк бурыл» деп аты

шыққан  бәйге  атын  сыйлап  жібереді.  Дау

ұзаңқырап  бара  жатқан  соң  Мағауия  әкесінен

даудың немен тынғанын сұрағанда, Абай:

- Көк бурылдың алдына сен, артында мен

мінгесіп тұрғанымыз жоқ па?- деп қатты кейіп,

істі әділіне, Тезекбайдың пайдасына шешіп беріпті

деседі.  Сөйтіп  «нанымы  жоқ,  анты  бар»

Көжекбайлардың  сазайын  сөзбен  ғана  емес,

іспен де тартқызып отырған.

 «Рақымшалға», «Қатыны мен Масақбай»,

«Күйісбайға»,  «Дүйсенқұлға»,  «Разаққа»,

«Назарға»,  «Қыздарға»  тағы  басқа  арнау

өлеңдерінің  кейіпкерлері  Абаймен  дос  болған

демесек  те,  әйтеуір  кетіскен  жау  болмағаны

белгілі.  Мәселен,  «Байлар  жүр  жиған  малын

қорғалатып»  деп  басталатын  өлеңі  «Абай

жолынан» жақсы таныс Көкшенің биі Қаратай

мен оның атшабары Үзікбай дегенге арналған

деген дерек келтіреді ғалым Ә.Жиреншин [1,66

б]. Осыған қарап Абай мен Қаратай шешенді араз

болды деудің реті жоқ. Сөз ұғар-ау деген кісінің

бәрін  Абай  өлеңінің  қаншеңгеліне  алады.

«Құдайдан  қорықпай,  иман  жүзін  тоздырған»

Көжекбай, «Күштілері сөз айтса, шыбындап бас

изеген»  Күлембай  болыс,  «Бүйтіп  берген

балаңды, берген құдай өзің ал» деп тентектігінен

түңілген  Рақымшал  бала,  әйелге  жарымаған

Дүйсенқұлға,  Қайранбайға  (әйелің  –  Медет

қызы,  аты  -  Өрім),  қолына  біраз  пұл  біткенге

мастанған Ғабидхан молданың ұлы Ғабидоллаға

арналған сатиралық экспромттар, сықақ өлеңдер

АБАЙТАНУ

2015  №3  (28)


52

өлеңі болуы мҝмкін. Олай дейтініміз, ҚР ҰҒА-

ның қолжазбалар қорында Абай жинағына енген

28  жолдық  өлеңнің  толық  нұсқасы,  дәлірек

айтқанда  48  жолдан  тұратын    өлең  Төлеу

ақындікі делініп сақталған [4]. Төлеу ақын Абай

үлгісімен жазуы ықтимал бұл өлеңді.

Тәкежанға келсек, Құнанбай балаларының

ішінде ол - адамгершілік жағынан осалдау туған

перзенті. Тіпті құдасы Оразбайдың азғыруымен

Абайға қарсы шыққан кездері де болған. Абай

мен  Тәкежанның  арасы  «Абай  жолы»

эпопеясында да шындықтан алыс кете қоймаған.

Әйтсе  де,  Құнанбайдың  екі  баласы  бірін-бірі

көрместей өш болды деу әбестік. Тәкежан мен

Абай  арасындағы  араздық  атағы  аспандаған

інінің абыройын көре алмаған қытымыр ағаның

кикілжіңінен  әрі  аспаған.  Осы  кикілжің  ел

арасындағы  дауға  келгенде  бірде  өршіп,  бірде

бітімін  тауып  жатқан.  «Абай  жолындағы»

Тәкежан  үйіне  келгенде  туған  «Қараша,

желтоқсанмен  сол  бір  екі  ай»  өлеңінің  шығу

тарихы таза өмірден алынып, көркем шығармаға

арқау болған.

Әкесі мен шешесі баланы аңдыр,

О да өзіңдей ит болсын азғыр-азғыр.

Асын жөндеп іше алмай қысылады

Құрбысынан ұялып өңшең жалбыр,

-дегендегі әке мен шеше – Тәкежан мен Қаражан,

құрбысынан  қысылып,  алдындағы  асын  іше

алмай  отырған  –  Дініслам  деген  немерелері.

Қазақ  сатирасын  зерттеуші  Т.Қожекеев  бұл

өлеңдерге: «Абайдың бұл өлеңдері түр жағынан

–  сатиралық портреттік  суреттемелер.  Оларда

болыстардың,  Тәкежан,  Дүтбай  және

басқалардың  іс-тіршілігі,  жүріс-жорығы,  жан

дүние, психологиясы, келбет бейнесі ашылады»

[5,269 б], - деген анықтама береді.

Демек,  Абай  арнауларының  тарихи

сипатын танып-білу сол өлеңді талдауға барар

алғашқы  да,  басты  соқпақ  екенін  естен

шығармауымыз керек. Кемеңгер ақынның өлең

арнаған  адамын  танып-біліп  алмай,  оның

Абаймен  ара-қатынасын  ұғынбай  жалпылық

қалыпта Абай  сөзіне баға  беру, өлеңіне  талдау

жасау бекершілік екенін ұғынған абзал.



Әдебиет

1.

Жиреншин  Ә.  Абай  және  орыстың



ұлы  революцияшыл  демократтары.  –Алматы:

ҚМКӘБ, 1959. -266 б.

2.

Мұхамедханұлы  Қ.  Абайдың  ақын



шәкірттері. 3-к. –Алматы: Дәуір, 1995, -320 б.

3.

Алдажаров Н. Абай туралы әңгімелер



// Жұлдыз, 1992, №1, 80-103 б.

4.

ҚР ҰҒА ОҒКҚ, 688-бума, 1-дәптер.



5.

Қожекеев  Т.  Сатира  негіздері.  -

Алматы: Санат, 1996. -464 б.

Резюме

В статье автор рассматривает  историю создания  стихов Абая, невозможность

оценивать и анализировать значение творчества поэта не зная их истории.

Resume

АБАЙТАНУ

2015  №3  (28)

n the article the author considers the history of the verses of Abay, the inability to estimate and

analyze the value of the poet's work without knowing their history.


54

АБАЙТАНУ

2015  №3  (28)

десін”,  “патриот  немесе  ұлтшыл  десін”,  деп

азаптанып,  арды  ұмытқан  риякерлердің  тобы.

Бұлардың  ісі–мақтаншақтық.  Екеуін  де  Абай

мақтан  категориясына  қойып,  сопылық

дүниетанымдағы рияның жағымды, жағымсыз

түрлерін јте түсінікті тілмен жеткізген. Сопылық

дүниетанымда 

демесіндер 

тобына


“меламетилік”,  ал,  десіндер  тобына  да

“мустасуифа”  дейді.  Иасауи  іліміндегі  естілік,

мақтаннан  қашу  мәселесі  бойынша  Шәкәрім

“Әлемді түгел мен көріп, Ешкім мені білмесе”/72,

239/ -деп ой түйген.

Шәкәрім де, Абай да ғылым мәселесінде де

Иасауидің  ар  түзейтін  ғылымын  басшылыққа

алады.  Оның  жан  құмарлығы  мен  тән

құмарлығы да осы ұстанымға негізделген.

Абай ар түзейтін ғылымды Құранның ішкі

мәні  ретінде  түсіндіреді.  “Түзу  сөздің  сыртын

емес  сырын  көр”-деп,  Иасауидің  хәл  ілімінің

негізгі ұстанымына үндейді. Абай Құранды “түзу

сөз немесе түгел сөз” ұғымдары арқылы береді.

Абай  ар  түзейтін  ғылымды  “Әзірет  Әлі,

айдахарсыз сөз” яғни, шариғатта емес, сондай-

ақ, “алтын шек, сары-ала қыз”- калам да емес,

“түбі  терең  сөзді”-хәл  ілімі  ретінде  танытады.

Міне, осы ғылым елді нәпсі зынданынан алып

шығады.


Қоғамда екі тип адам бар. Бірі – аларман,

екіншісі – берермен. Бірақ, бір қызығы екеуі де

“сатушы”.  Екеуі  де  бір-біріне  “тегін”  ештеңе

бермейді. Бұл жерде қызық не бар? Бәрі орынды,

қоғамдағы экономиялық қатынастардың бұдан

артық  қандай  заңдылығы  болуы  мүмкін?  -

деуіңізге  күмән  жоқ.  Бірақ,  Абайдың  дертіне

үңілсеңіз, қоғамда еш адал еңбек жоқ, өндіріс жоқ,

бірақ, “құжынаған” тіршілік. Адамдар “қарғадай

шуласып,  итше  өшігіп,  шыбындай  құжынап”

дүние-боғына  малынып  жатыр.  Қоғамды

надандық  жайлаған.  Иасауи    надандарды

Тәңірдің  аманаты–жанның  қадірін  біле  алмай

пұшық  пұлға  сатып  жүр  дес е,  Абай  да

надандарды  Тәңірдің  берген  “жанын”-арын

дүние-боққа  сатып  жүр  дейді.  Абайдың

“аларманы  да  берермені”  де  арын,  жанын

сатушылар. Бәрі “ұя бұзар” індетке душар болған.

Бұл жердегі “ұя” ұғымы ар, жан, рух деген сөз.

Адамның  ұясының  бұзылуы  –  оның  арының

бұзылуы  болса,  қоғам  ұясының  бұзылуы  –

қиянат,  зұлымдық,  арамдық,  дүниеқорлық,

пайдакүнемдік,  арсыздық,  берекесіздік,

дұшпандық.

Абай осындай дертке шалдыққан елге дауа

іздейді. Оның дауасы – Құран, түгел сөз, адам

бойына  имандылық  дарытатын  ар  түзейтін

ғылым.  Абайдың  түзу  сөзі–әуелі  аят,  хадис–

сөздің басы”, яғни, елді түзейтін сөз–әрі қисынды

әрі  өлеңмен  (бәйітмысал)  жазылған  Алланың

сөзі,  Құран.  Құран–ақылды  сөз  бен  терең  ой,

терең ғылымның көзі, сондай-ақ ынсап, ұят, ар,

намыс,  сабыр,  талап  сияқты  адамдық

құндылықтардың кені. Ол “түзу сөзбен ғана елді

түзеуге болады”-дейді. Елді түзейтін түзу сөзді

табудың,  танудың,  тыңдатудың  өзі  оңай  емес.

Өйткені, түзу сөзді танитын айтушының да, түзу

сөзді талап етер тыңдаушылардың да көбі надан.

Ал  кейбірі  түзу  сөзді  танымайды  да.  Өйткені,

олар Тәңірдің Бар және Бір екеніне, Құранның

ақиқат екеніне, пайғамбарларға, періштелерге,

тағдыр, қазаға, өлгеннен соң тірілуге сенбейді.

Өңшең  “кісімсінген–менмен,  нәпсі  құмар,

білімсіз-надан,  мақтан,  малқұмар,  арамдық,

ұрлық, пайдакүнем, нені ұға алсын”-дейді.

Абай өз тыңдаушысы қазақ халқынан осы

міндеріңді түзе, Құранға ынта қой, сонда ғана

ер, дана боласың, “Сөз түзелді, тыңдаушы, сен

де  түзел”  деп,  имандылыққа  шақырады.

“Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй

ол Алланы жаннан тәтті. Адамзаттың бәрін сүй

бауырым деп, және Хақ жолы осы деп әділетті.

Осы үш сүю болады иманигүл, Иманның асылы

үш  деп  сен  тәхқиқ  біл”деп,  имандылыққа

махаббатпен  үндейді.  Бұл  жердегі  “иман-гүл”

ұғымы–Иасауи ілімінің басты ерекшілігі, оның

сопылық  дүниетанымдағы  “имани  бостан,

имани  гүл,  имани  нұр,  имани  сыр”  сияқты

иманның дәрежелерінің тариқаттағы мақамы.

Абай  Тәңірді,  адамзатты  махаббатпен

сүюдің  нағыз  дін,  шынайы  ғибадат  ретінде

танып  иман  келтіргендерді  –  Хақтың  досы,

кемел адам деп таниды. Яғни, дінім–махаббат

деп түсіндіреді. Бұл да Абайдың Иасауидің “абид

болма, захид болма ғашық бол!”, Жүніс Әміренің

“Менің  дінім-ғашықтық”-деген  дәстүрінің

мирасшысы  екендігін  көрсетеді.  Абай

дүниетанымында да иманның үш сатысы бар.

“Иманның  үш  дәрежесін  көңілге  мықтап


56

АБАЙТАНУ



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет