ҚҰРЫЛТАЙШЫ
:
Қазақ мемлекеттік
қыздар педагогикалық
университеті
«Қыздар
университеті» медиа
орталығы
РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:
К.САРТБАЕВ –
Қоғаммен байланыс бөлімінің бастығы
Қ.МЫРЗАЛИМОВА – Жауапты хатшы
А.ҰЙҚАСБАЕВА –
Ақпараттық саясат бөлімінің меңгерушісі
Тілшілер:
Н.ЖҰМАҚҰЛОВА,
Г.БЕКТАСОВА, А.ӨТЕЕВА
А.КЕМЕЛБЕКОВА
Беттеуші:
Н.МӘДЕЛІ
Фототiлшi:
Д.АБДИЛЬДИНОВ
Жетекші-Бас редактор –
Д.СМАЙЫЛ
МЕКЕН-ЖАЙЫ:
050000, Алматы қаласы,
Әйтеке би көшесі, 99-үй
Байланыс телефоны:
8 (727) 279-38-05
Газет «Қыздар университеті» газеті
редакциясының компьютерлік орта
лығында терiлiп, беттелдi.
«АлматыБолашақ» АҚ
баспаханасында
(С.Мұқанов көшесі, 223 В) басылды.
Тел.: 8 (727) 3784200
Газет Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлiгiнде
16.03.2012 ж. қайта тiркелiп, №12345Г куәлiк берiлген.
Кезекші редактор – Нәзира ЖҰМАҚҰЛОВА
Қыздар университетінде жыл сайын
дәстүрлі түрде өткізілетін «Алтын күз
аруы» байқауының ақтық сыны 3
қараша күні өтті. Екі ай бойы қыздар
қалашығының 7 жатақханасында өткен
іріктеу сайысында жеңімпаз атанған
сұлулар қатысты.
«Күз ханшайымы» атағы үшін, яғни
«Университеттің ең сұлуы» атағын жеңіп
алу үшін мықты дайындықпен келген,
он саусағынан өнер тамған, күміс көмей,
әншісі бар, мың бұралған бишісі бар,
ақылына көркі сай арулар бақ сынасты.
Арнайы қазылар алқасының сүзгісінен өтіп,
таласқа түскен арулар: Махаббат Әбдіралиева
(№1 Жатақхана Аруы), Мөлдір Медеуғалиева
(№2 жатақхана Аруы), Раушан Камелова (№3
жатақхана Аруы), Жансая Жоламанова (№4
жатақхана Аруы), Диана Ізтұрғанова (№5
жатақхана Аруы), Салтанат Бектабанова (№7
жатақхана Аруы), Назира Әділбай (Студенттер
үйі Аруы).
«Байқаудың басты мақсаты – студенттердің
шығармашылықтарын арттыру, олардың ара
сынан белсенді де таланттыларды анықтап, ын
таландыру, ибалы да инабатты, сұлу да өнерлі
қыздарымызды паш ету», – деді байқаудың
ұйымдастырушысы, Жастар саясатын дамыту
бөлімінің басшысы Маржан Ахтаева.
Шара шымылдығын оқу орынның Бірінші
проректоры Баходир Әлиев ашып: «Қыздар
университетінде студенттік өзінөзі басқару
ұйымдарының жұмысы жақсы жолға қойылған.
«Алтын күз» байқауы студенттер өмірінде жақсы
үйлесімін тапты. Біз әрқашан студенттеріміз
сапалы білім алуымен қатар, саналы тәрбие
беруге, тәрбиелік маңызы зор шараларға қолдау
көрсетіп отырамыз», – деп атап өтіп, барша
байқау қатысушыларына сәттілік тіледі.
Алдынала жеребемен әр аруға жеке нөмір
лер бекітілді. Байқау шарты бойынша арулар
«Сәлем – сөздің анасы» бөлімінде жиналған
қауымға өздерін таныстырса, «Өнерлінің өрісі
кең» кезеңінде ән айту, би билеу, қарасөз оқу
сынды өз өнерлерін паш етті. Ал, «Шеберлінің
қолы алтын» сынында күзгі жемісжидектерден
түрлі ас дайындауда қиялой ұшқырлығын
көрсетіп, «Сұлулық сыры» атты сән үлгісі
кезеңінде өз қолдарымен түрлі заттардан
жасалған көйлектерін көрсету арқылы бар
шеберліктері мен қабілеттерін ортаға салды.
Арулар сонымен қатар, бұл кезеңде елімізге
белгілі дизайнер Жадыра Сахиеваның «Jado»
сән үйі коллекциясын көрсетті. Ал, «Зерделінің
ойы озық» атты соңғы кезеңде қыздардың білімі
сараланды.
Қыздардың өнеріне Алматы қаласы Жастар
саясаты басқармасының басшысы міндетін
атқарушы Нұрлан Ерболатұлы, «Нысана» әзіл
сықақ театрының директоры, актер Әбунасыр
Серіков, әнші Кәмшат Жолдыбаева, «Алматы
аруы» байқауының артдиректоры Алекс Грэй,
қобызшы Ақерке Тәжібаева, актриса, «Қазақ
Аруы – 2013» байқауының жүлдегері, фотомо
дель Алия Даниярова, «А.И.» театрының актри
сасы Толғанай Тілеубекова қазылық жасады.
Шығармашыл жастардың өнері, қиял ой
ұшқырлығы «Өнерлінің өрісі кең», «Шеберлінің
қолы алтын» кезеңдерінде анық байқалды.
Барлық қатысушылар қазылар алқасын
аспаздық өнерімен тамсандырып, сән үлгісі
бөлімінде күнделікті тұрмыстық бұйымдарды
пайдалана отырып жасаған ғажайып көйлектері
таң қалдырды.
Арулар әр кезеңнің сынына дайында
лып жатқанда «Жанды дауыс» жобасының
финалисі, университетіміздің 1курс студенті
Ажар Төлеубекова, оқу орынның белсенді
студенттерінен құралған «DIVAS» би тобы,
танымал «Ағайындылар» тобы өнер көрсетіп,
шараның көркін аша түсті.
Кіл сұлудан кім сұлу екендігін анықтаған
байқау қорытындысы бойынша Раушан Ка
АРУЛАРДЫҢ
ханшайымы
(Басы 1-бетте)
Бұл кафедрада жиырма жыл
дан астам тәжірибелері бар білікті
ұстаздар дәріс береді. 25 жыл
ішінде кафедрадан мыңдаған
мықты биші, педагогхореограф
тар түлеп ұшты. Қазіргі кезде
хореография кафедрасының
түлектері Қазақстанның барлық
қала ларымен қатар, Ресей,
Голландия, Канада, Греция,
Швейцария, Италия, АҚШ
та және т.б. елдерде жемісті
еңбек етуде. Бітірушілердің
көп шілігі көпшілігі балалар
би ұжымдарына жетекшілік
етеді, олар халықаралық және
республикалық байқаулардан
жүлделі орындар алып жүр. Біздің
түлектеріміз бен ұстаздарымыз
балаларды би өнеріне тәрбиелеп,
биге деген сүйіспеншіліктерін
арттырып, жастарға өз білген
дерін үйретіп, кәсіби маман иесі
болуға барын салып жемісті
қызмет атқарып жатыр», – деді
Хореография кафедрасының
меңгерушісі Роза Сабдалиева.
Екі аптаға жоспарланған
семинардың алғашқы аптасында
ҚазМемҚызПУдың педагог
хореографтары қашықтықтан
онлайн режимде биге қатысты
түрлі тақырыпта теориялық
дәрістер өткізсе, екінші аптада
практикалық сабақтар берілді.
Тәжірибелік семинар барысын
да ҚР Мәдениет қайраткері,
құрметті ұстаз Бану Тұрғымбаева,
аға оқытушы, өнер магистрі
Мәдина Алдабергенова және
т.б. ұстаздар «Европалық биінің
музыкалық және ритмикалық
негіздері, европалық билердің
техникалық орындалуы», «Жай
қозғалыстағы вальс биін оқыту»,
«Жылдам фокстрот биін оқыту»,
«Веналық вальс биін оқыту», «Ла
тынамерика билерінің орындалу
техникасы мен оқыту әдістері»,
«Самба биін оқыту», «Чача
ча биін оқыту», «Қазіргі заман
«Модерн» биі, модерн биіндегі
акробатикалық қимылдардың
орындалу тәсілі» және өзге де би
өнеріне қатысты тақырыптарда
дәрістер беріп, шеберлік сынып
тар өткізді. Семинар соңында
барлық қатысушыларға арнайы
сертификаттар табысталды.
Жоғары оқу орындар ара
сында алғашқылардың бірі
б о л ы п қ ұ р ы л ғ а н Қ ы з д а р
у н и в е р с и т е т і н і ң х о р е о г р а
фия кафедрасына өткен жылы
25 жыл толды. Бұл мектептің
негізін ҚазКСРдің Халық әртісі,
еліміздегі өнертану саласының
тұңғыш профессоры Д.Т.Әбіров
қалаған. Дәурен Тастанбекұлы
«Костюмдер тарихы», «Театр
тари хы», «Модерн биі», «Әлем
халық тарының билері», «Шығыс
биі», «Ритмика», «Хореографияда
тыныс алу», «Классикалық мұра
үлгілері», «Костюмді сахналық
б е з е н д і р у » п ә н д е р і н і ң о қ у
бағдарламаларына енгізілуіне
және ең алғашқы «Қазақ биі»
әдістемелігінің дүниеге келуіне
көп еңбек сіңірді.
Н.ЖҰМАҚҰЛОВА
Тәжірибені арттыратын семинар
СЕМИНАР
мелова – «Күз ханшайымы» атанды. І орын
ды Салтанат Бектабанова иеленді. ІІ орынға
Әділбай Назира ие болса, ІІІ орын Жансая
Жоламановаға бұйырды. Барлық жеңімпаздар
арнайы дипломдармен және оқу орын бас
шысы тағайындаған бағалы сыйлықтармен,
шараға демеушілік көрсеткен «Oriflame»
компаниясының арнайы сыйлықтарымен және
«Аружан» сұлулық салонының сертификатта
рымен марапатталды.
«Мен үшін киелі шаңыраққа келу үлкен
бақыт. Осында білім алдым. Сондықтан,
оқу орны мен үшін қашанда ыстық. Биікке
жол салған дәл осы сахнада талай рет өнер
көрсеткенмін. «Айгүл» ансамблінде ән айттым.
Аруларды бағалай отырып, үлкен мақтаныш
сезіміне бөлендім. Қыздардың бойынан
қазақ қызына тән қасиеттерді, тәрбиелілікті
көргенімізге қуаныштымыз. Қыздардың
сұлулығы мен өнері мені және барлық қазылар
алқасын қатты тамсандырды», – деді қазылар
алқасының мүшесі, белгілі әнші, тележүргізуші
Кәмшат Жолдыбаева.
Арулар сынының ең басты жаңалығы: Бас
жүлде иегері Р.Камелова мен І орын иегері
С.Бектабанова және «Ерке, сұлу қыз» атағына
ие болған М.Медеуғалиева «Алматы аруы –
2016» байқауына жолдама алды. Қатысушылар
үшін бұл күтпеген сый болды.
Нәзира ЕЛЕУХАН