«Шексіз шығармашылық»


Байқау жұмыстарын бағалау өлшемдері



бет3/3
Дата05.05.2023
өлшемі19,05 Kb.
#90590
1   2   3
Байланысты:
Шексіз шығармашылық ЕРЕЖЕ

Байқау жұмыстарын бағалау өлшемдері:
таңдалған тақырыптың тереңдігі;
жұмысты орындау және ресімдеу сапасы;
шығармашылық тәсіл (идеяның бірегейлігі);
ашықтығы, көркемдік деңгейі;
түстік үйлесімі және композициялық шешімі.
Әр қатысушыдан бір шығармашылық жұмыс қабылданады. Байқауға ұжымдық жұмыстар қабылданбайды.
2) «Алтын қолдар» сәндік-қолданбалы өнер байқауы.
Бұл номинацияда қолданбалы шығармашылықтың барлық бағыттары бойынша шығармашылық жұмыстар қабылданады (шыныға сурет салу, батик, керамика, мүсіндеу, аппликация, коллаж, қағаз пластикасы, оригами, квиллинг, жұмсақ ойыншық, киіз басу, тоқымашылық, декупаж, кестелеу және т.б.).
Жұмыстар түпнұсқасын сканерден өткізу немесе суретке түсіру арқылы электронды көшірме (графикалық файлдар) түрінде қабылданады. Файлдың өлшемдері: jpg форматы.
Байқау жұмыстарын бағалау өлшемдері:
техника мен материалды меңгеруі;
шығармашылық даралық және өзіндік ерекшелігі;
шығармашылықтағы инновациялық тәсілі;
техникалық орындаудың шеберлігі мен ерекшелігі;
жоғары эстетикалық деңгей.
Әр қатысушыдан бір шығармашылық жұмыс қабылданады. Байқауға ұжымдық жұмыстар қабылданбайды.
3) «Шексіз әлем – балалар көзімен» – жеке шығарманың өлеңдер байқауы. Байқауға қатысу үшін көлемі кемінде 0,5 бет және 1 беттен аспайтын тек өздері шығарған өлеңдер (тақпақтар) қабылданады. Форматы А4, MS Word, қаріпі Times New Roman, кегль 14, бір жарым аралық, барлық жиектері - 2 см.
Шығармашылық жұмысты рәсімдеу кезінде суреттер, фотосуреттер, сәндік әшекейлерді қолдануға болады. Шығармашылық жұмыс JPG электронды форматында қабылданады.
Байқау жұмыстарын бағалау өлшемдері:
байқау тақырыбына сәйкестігі;
өлеңнің мазмұны мен композициялық тұтастығы;
стилистикалық және тіл сауаттылығы;
өлеңнің ырғақты үйлесімділігі (өлшем, ырғақ, рифма, үйлесімділік).
10. Байқау жұмысының титул парағында келесі көрсетіледі:
облысы, аудан (қала), ауылы;
білім беру ұйымының аталуы;
байқау және номинациясының аталуы;
автордың аты-жөні;
қатысушының жасы;
e-mail, байланыс мәліметтері;
жетекшісінің лауазымы және жұмыс орны.
11. Бөгде адамдардың материалдарын және Интернет желісінен алынған материалдарды пайдалануға тыйым салынады. Байқау жұмыстары бұрын басқа сайтта жарияланбаған болуы тиіс.
Байқауға бұрын өткізілген байқауларға қатыспаған жұмыстар қабылданады.
4-тарау. Байқауды қорытындылау

12. Байқаудың қорытындысы бойынша әділқазылар алқасы жеңімпаздарды жас санаттары бойынша анықтайды.


13. Байқау жеңімпаздары I, II, III дәрежелердегі дипломдармен марапатталады, орын алмаған қатысушыларға сертификаттар, жеңімпаздардың жетекшілеріне – алғыс хаттар беріледі. Байқау жұмыстары жас санаттары бойынша бағаланады.
Жеңімпаздардың дипломдары, қатысушылардың сертификаттары, жеңімпаздардың жетекшілеріне алғыс хаттардың электрондық нұсқалары жүктеу мүмкіндігімен ұйымдастырушының сайтында орналастырылатын болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет