Шекспир пьесалары қазақ тіліне аударылып, республикалық көптеген театрларында қойылып келеді. «Отелло», «Асауға тұсау» т б. туындылары М.Әуезовтің аударуымен күні бүгінге дейін сахнадан түскен емес
Шекспир пьесалары қазақ тіліне аударылып, республикалық көптеген театрларында қойылып келеді. «Отелло», «Асауға тұсау» т.б. туындылары М.Әуезовтің аударуымен күні бүгінге дейін сахнадан түскен емес. Пьесалары қазақ тілінде талай рет кітап болып басылды. «Сонеттер» 1970 ж. жеке кітап болып шықты. Сонеттерді алғаш рет қазақ тіліне аударғандар- Х.Ерғалиев, М.Мақатаев.
. Тетрология тікелей түпнұсқалық тілден қытай және бірқатар түрік тілдеріне аударылды
Ұлы Абайдың 150 жылдық мерейтойы қарсаңында жарық көрген «Абай энциклопедиясында» М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясы дүние жүзі халықтарының 116 тіліне аударылған» деген дерек бар. Бұл 1993 жылғы, яғни одан он екі жылғы бұрынғы мәлімет. Түрік ғалымы Емел Аша 1997 жылы жарық көрген «Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың «Абай жолы» романының тәжірмелері және библиографиялық көрсеткіштері» деген еңбегінде аталған шығарманың орыс тілімен қоса 25 тілге аударылғанын атап көрсетіп, тізімін келтіреді . Ал халықаралық Ахмет Иассауи қорының интернет сайтында (электронды басылымында) 72 тілге аударылған деген ақпарат бар(4). Қазақ әдебиеттануында библиографиямен жүйелі айналысып жүрген ғалым Ә.Нарымбетов 2005 жылғы 6-шы қазанында жарық көрген «Мұхтар Әуезовті қудалаған кім?» деген мақаласында «Абай жолы» романы әлемінің 111 тіліне аударылды –деп «Алматы ақшамы» газетінің 2005 жылғы 13 тамызындағы нөміріне сілтеме жасайды. Сонда «Абай жолы» романы неше тілге аударылған? Бұл әрине әуезовтанушылардың алдағы уақытта анықтауға тиісті үлкен міндеттерінің бірі. Қалай десек те, қазақ әдебиетінде шет тіліне ең көп аударылған шығарма «Абай жолы» романы болуға тиіс.
Романның қазақ тілінен тікелей басқа тілдерге аударылғаны саусақпен санарлық қана. Соның бірі – оның түркі тіліне аударылуы. Түпнұсқадан тәржімалаған ұлты қазақ Түркия ғалымы Зейнеш Исмайл мен Ахмет Гүнгөр.
Қазақшадан түрікшеге аударылған «Абай жолы» романының сюжеттік желісі мен композициялық құрылымы түгелдей өз бітімін сақтаған. Бұл оның жетістігі деп айта аламыз. Бірақ көркемдік жағынан келгенде түпнұсқадан әлдеқайда төмен екені рас. Яғни, тәржімашылар «Абай жолын» қазақ тіліндегідей көркем сөйлете алмаған. Оған себепші біріншіден, көлемді шығарманың жедел, асығыс аударылғаны болса, екіншіден, аудармашылардыі кәсіпқой қаламгерлер еместігі де біршама әсер еткен.
Қытай қазақтары «Абай жолы» роман-эпопеясын тұңғыш рет 80 сағаттан тұратын аудиокітап қылып шығарып, тағы да бір ерледі. Абай жолы» роман-эпопея аудиокітабы екі бөлімнен тұрады. «Анық Абай» деп аталатын бірінші бөлімі (14 деректі фильм) бұрын «Қазақстан» телеарнасы арқылы көрсетілгендіктен оқырманға таныс . Ал екінші бөлім «Абай жолы» роман-эпопеясының толық нұсқасы бойынша дайындалып, Шыңжаң халық радиосында дыбысқа салынып, Бейжіңдегі ұлттар дыбыс-кескін баспасында басылып, таратылған.
«Қарға мен түлкі» («Жұрт біледі, күледі») - Абайдың 1898ж. И. А. Крыловтан аударған мысал өлеңі. Мысал көлемі түпнұсқада 26, аудармада 47 жол. Ақын мысал мазмұнын толық сақтап, буын санын азайтып, жыр үлгісімен тәржімелеген. Мысалдың алғашқы жолдарындағы айтылар ойдың түп қазығын қазақ оқырмандарына үғымды етіп, оп-оңай жеткізеді. Түп нұсқада қошеметшілердің жыл-постығы, айла-амалы әлемге аян бола түрса да, олардың қашанда жол тауып, сан соқтырып кететіндігі айтылады.
Сәл ғана өзгерістері болмаса, аудармадағы ой өзегі де осы. Абай орыс ақынында жоқ «күледі», «өкіну» сөздерін енгізу арқылы мысалдың негізгі ойын айқындай тұскен. Түп нұсқада ірімшік тауып алған қарға таңертеңгі асын жеуге қамданды десе, аудармада қарғаның «қарны аштығы» айтылады. «Бір жеп алып, шүкірлік қылайын деп аллаға» деген ұғынықты жолдарды ақын өз жанынан қосқан. Ал түлкінің қарғаны алдап түсіру мақсатымен айтқан қошемет сөздері Абай аудармасында мүлдем құлпырып кеткен. Абайдың тәржімелеуіндегі: «Өзіне біткен өңешін Аямастан қарқ етті, Ірімшік жерге салп етті, Қу кетті, іс бітті» - деген жолдар өлең аудармасының классик. ұлгісі болып табылады. Түп нұсқасының буын саны әр түрлі, көбіне 12, 13 болса, аударма 6, 7, 8,10 буын- ды, аралас ұйқас ұлгісінде кестөлеңген. Алғаш рет 1909 ж. С.-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны ИбраҺим Құнанбайұғылының өлеңі» атты жинақта жарық көрді. Мысал өлеңнің басылымдарында аздаған текстологиялық өзгерістер кездеседі. 1945 жылғы басылымда 13-жол «Тойып алып, шүкірлік», 16- жол «Ойлап қарап түр еді», 20-жол «Жақындап барып барлады», 35-жол «Әншілігің білінді», 42- жол «Қуанғаннан бүртініп» болыпберілсе, кейінгі басылымдарда Мүрсейіт қолжазбалары бойынша бұлжолдар «Бір жеп алып, шүкірлік», «Ойланып қарап түр еді», «Ептеп барып барлайды», «Әншілігің белгілі», «Қуанғаннан бөртініп» түрінде айтылған. Тек 1954 жылғы жинақта 35-42 жолдар 1945 жылғы басылыммен бірдей. Сондай-ақ 1945 жылғы басылымда мысал өлең «Түлкі мен қарға» деген атпен жарияланса, кейінгі басылымдарда Мүрсейіт қолжазбалары мен 1909 жылғы жинақ негізінде
«Қарға мен түлкі» түрінде берілген.
Қарға мен түлкі
(И. А. Крыловтан)
Жұрт біледі, күледі,
Сұрқия тілдің жаманын,
Қошеметшілердің амалын.
Сонда да солар қайда жоқ?
Ептеп айтса, ересің,
Артынан өкінсең де пайда жоқ.
Ірімшікті Құдайым
Кез қылды бір күн қарғаға.
Алып ұшып барды да,
Қонды бір биік ағашқа.
Үлкен олжа емес пе
Ірімшік деген қарны ашқа?
Бір жеп алып, шүкірлік
Қылайын деп аллаға,
Тұмсығында ірімшік,
Ойланып қарап тұр еді,
Бір қу түлкі сорына
Жақын жерде жүр еді,
Ішіне сақтап қулығын,
Ептеп барып барлайды,
Бұлғақтатып құйрығын,
Қарғаның көзін алдайды.
Тәтті тілмен, тәтті үнмен
Сөйлесуге айналды:
"Қарағым, не еткен сұлу ең!"—
Деп таңырқап таңданды,—
"Не еткен мойын, не еткен көз,
Осыдан артық дейсің бе
Ертегі қылып айтқан сөз?
Қалайша біткен, япырмай,
Мұрныңыз бен жүніңіз!
Періштенің үніндей
Деп ойлаймын үніңіз.
Осы көрікпен, Бұл жүнмен,
Әншілігің белгілі,
Ұялмай, қалқам, бір сайра,
Біз де алалық үлгіні.
Құс төресі біздерге
Сіз боларсыз бір күні".
Басы айналды қарғаның
Сұмның айтқан сөзіне.
Қуанғаннан бөртініп,
Бір мастық кірді өзіне.
Өзіне біткен өңешін
Аямастан қарқ етті,
Ірімшік жерге салп етті,
Іс бітті, қу кетті