Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет101/123
Дата28.07.2023
өлшемі1,34 Mb.
#104870
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   123
Байланысты:
1. Қызыл жебе - I кітап Шерхан Мұртаза (8 сынып)

Қызыл жебе 
жалбыздың арасынан табылған ет – неғылған ет? Осыған жауап 
беріңізші.
Рысқұл Шоқұлына алая бір қарап, сазарып қалды. «Мынау 
тегін емес. Тергеуші қоймаған сұрақты қоюын қарашы. Түптеп 
тартуын, бәлемнің. Менің дертімнің тамырын тап басып отыр».
– Айтыңыз, Рысеке, кейін өзіңізге жеңіл болады.
Рысқұл үндемеді. Тек көкірегінен жалын ата бір күрсінді.
Жылқының сұлтаны – Рысқұлдың ғашығы еді. Мынау адвокат 
соны еске салып, ескі жараның аузын қанатып отыр.
– Так, – деді Шоқұлы шыдамы кетіңкіреп – жарамады. 
Сотта прокурорға қарсы шығар қаруды сіз жасырып отырсыз, 
жарамады. Ал прокурор сізге ең кемі жиырма бес жыл каторганы 
салмақтап отыр.
– Ай-яй, Рысқұл қиын адамсың, өте қиын адамсың, – деп 
Бронников әңгімеге қайта араласты. – Адвокат мырза, бұл кісі 
ол еттің «жұмбағын» бізге, мына Тұрар екеумізге жырдай қылып 
айтып берген. Ол Қызыл Жебенің еті.
– Так, так, – деп адвокат ентелей түсті. Жұмбақ түйіннің бір 
ұшығына қолы іліккендей болды.
– Қызыл Жебені естуіңіз бар шығар? – деп Бронников 
Шоқұлына қарады.
– А как же, ол деген аңызға айналған атақты жүйрік болатын.
– Иесінің аты кім еді, Рысқұл? Өте қиын ат, – деді Бронников.
– Тұқымбай, – деді.
Одан арғы жайды Бронников баяндай берді, ақыры әңгімеге 
Рысқұлдың өзі араласты. Ара-тұра Тұрар да Қызыл Жебені 
Қаракемерде көргенін айтып қалып отырды.
Тілмаш-адвокат Шоқұлы риза болған пішінмен қолын 
рахаттана уқалап:
– Міне, бұл тылсым түкпірге де сәуле түсті. Енді прокурор 
Кудрин мырзамен айқасуға болады. Әңгімелеріңізге рақмет. 
Ал енді округтік соттың мәжілісі көп ұзамас. Қайбір қосымша 
сұрақтар туса, тағы да хабарласармын. Сау болып тұрыңыздар, 
– деп орнынан көтеріле берді. Рысқұлмен, Бронниковпен қол 
алысып болып, Тұрардың басынан сипап:


207
Қызыл жебе
– Сен ақылды жігіт екенсің. Әттең оқытар ма еді өзіңді, – 
деді.
– Оқуы жаман емес, – деп күлді Бронников.
– А, солай ма, оқытушысы РСДРП-нің белсенді мүшесі болса, 
жаман болмас, – деді Шоқұлы.
Қандай көңілден шыққан сөз екені белгісіздеу.
* * *
Тұрар күндегі тәртіп бойынша, таң азаннан тұрып атқора 
тазалауға кетті. Бүгін әдеттегіден гөрі көбірек кібіртіктеп, әкесіне 
қарайлай берді. Кешке қайтып келгенше көкесін басқа бір жаққа 
алып кететіндей көрінеді. Кеше кешке адвокат Боташ Шоқұлы 
келіп:
– Ертең сот болады. Сотта қырсықпай, дұрыс жауап беруге 
тырысыңыз. Болған істің бәрін болғандай баяндасаңыз – жетіп 
жатыр. Ештеңені жасырып қалудың қажеті жоқ, – деген.
Соттың қалай болатынын Тұрар білмейді. Ал тергеуден қайтқан 
күні әкесінің зығырданы қайнап, тісін қайрап отыратынын 
талай көрген. Сотта да бопсалап, қорқытып, неше түрлі сұрқия 
сұрақтарға жауап беруді талап етіп, ұрып, соға ма екен? Өйтетін 
болса, әкесі қарысып қалады. Қайта сотты балағаттап, бәле 
жамап алуы мүмкін.
Үкім қалай шыққан күнде де, әкесінен айырылысар күн 
таяп келе жатқанын бала үрейлене сезеді. Сонда мұның күні не 
болмақ? Әкенің жан дүниесін, оның жақсы-жаманын, ақ-қарасын 
баладан артық білетін бұл түрмеде де, сотта да ешкім жоқ. 
Рысқұлдың ішінің қыртыс-қыртысын түгел білдім деп ойлаған 
Шоқұлының өзі де Тұрардан артық білмейді оны. Әттең дүние, 
осыдан Тұрар Боташ Шоқұлындай оқыған, ержеткен азамат 
болса, сотта әкесін өзі қорғар еді. Оның титтей де жазығы жоқ 
екенін, қайта айыптылар кім екенін бұлтартпай айтып берер еді. 
Он жастағы бала дәрменсіз. Небары он жаста. Қанаты қатпаған, 
бұғанасы бекімеген. Әттең...
– Көке, – деді табалдырықтан аттай беріп. Ар жақта 
надзиратель тақақтап күтіп тұр.
– Ау, қарағым?


208


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет