Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет104/123
Дата28.07.2023
өлшемі1,34 Mb.
#104870
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   123
Байланысты:
1. Қызыл жебе - I кітап Шерхан Мұртаза (8 сынып)

Қызыл жебе 
Сонымен сот басталды. Саймасайдың нөкер-куәлері көрген-
білгендерін айтты.
– Мүмкін, қаскүнем жасырынып жатып атқан шығар? Рысқұл 
ма, басқа ма? Қайдан білесіңдер? – деді судья.
– Ойбай-ау, жардың басында түрегеп тұрып атты ғой. Жап-
жақын жер, Рысқұлды танимыз ғой.
– Әуелі «Мен Рысқұлмын», – деп өзі дауыстады ғой.
Содан соң, судья Рысқұлға сұрақ берді. Жанындағы қарауылдар 
оны иығынан түртіп отырып тұрғызды. Тілмаш Шоқұлы да 
орнынан көтерілді.
– Сотталушы Жылқайдаров, управитель Саймасайды атып 
өлтіргеніңді мойындайсың ба?
– Жұрттың бәрін сұраққа алып, несіне әуре боласың, мырза. 
Атқан мен, – деді Рысқұл айылын жимай.
– Управитель Саймасай өкімет өкілі екенін білесің. Біле 
тұрып неге аттың?
– Атпасқа болмады, мырза. Адам түгіл итті де бүйтіп қорламас. 
Отымен кіріп, күлімен шықтым. Талай бейнетін көрдім. Еңбегім, 
табан ақы, маңдай терім қайтпады. Ақымды жеді болыс. Ақыры 
мені жазықсыздан жазықсыз түрмеге жаптырды. Кеудемді кек 
кернеді, көкірегіме запыран толды. Бүйтіп тірі жүргеннен өлген 
артық еді, мырза. Бірақ жастығымды ала жатайын дедім. Өкімет 
өкілі дейсің. Қолында билік, маңдайында мансабы бар адам әділ 
болар, халықты қанаған, жаудан жаман тонаған, үрерге итімізді, 
сығарға битімізді қалдырмай, сан-сапалақ салық салып, жоқ-
жұтаңымызды сыпырып алған болыс сонда кім үшін болыс? 
Аттым, атасына нәлет.
– Жоғары мәртебелі судья, менің сұрағым бар, – деп дауысы 
шәңкілдектеу, шашы тікірейген прокурор қолын көтерді. 
Судьяның рұқсатынан соң қарама-қарсы жақтағы Рысқұлға бетін 
бұрып:
– Айыпталушы, айтыңызшы, сізге Саймасайды өлтіру 
жөнінде ешкім кеңес берген жоқ па? Әлдекім жұмсаған жоқ па?
– Жоқ! – деді Рысқұл шорт кесіп.
Сөз кезегі прокурорға тигенде, шағын бойлы, шақша бас, 
тікенек шашты, шәушиген беті бір уыс адам көзілдірігін киіп 


213
Қызыл жебе
алып, шіңкілдек дауыспен ұзақ сөйлеп кетті. Қазіргі кезде 
бүлікшілдердің бас көтере бастағаны, соның әсері киргиздарға да 
ықпал еткені, патша қызметіндегі адамдарға деген қастандықтың 
өте зиянды екені, қырық бір болыс қол қойған арызды ескерусіз 
қалдыруға болмайтындығы, тағысын тағылар... Ақыры прокурор 
дауысын мейлінше қаһарлырақ шығарып:
– Рысқұл Жылқайдаров әскери сотпен сотталса, өлім 
жазасына лайық қылмыскер. Ал біздің рақымы мол, дархан 
императордың Жетісу болысына әскери сот енгізбегені – Ұлы 
мәртебелі патшаның елін, халқын сүйгендігінің белгісі. Бірақ 
бұл кісі өлтіруге, жай кісі емес, ақ патшаның адал қызметкері, 
аса сыйлы адамды өлтіруге жол берілсін деген сөз емес. Менің 
айтарым, Рысқұл Жылқайдаров жиырма бес жыл каторгаға 
айдалып, барлық мал-мүлкінен айрылсын.
Бұл талапты естігенде Рысқұл мырс етті. Бетінің терін 
орамалмен сүртіп тұрған прокурор Рысқұлдың мұнысын байқап:
– Неменеге күлесіз? – деп шақшиды.
– Мал-мүлкінен айрылсын дегенің не, прокорер. Менде мал-
мүлік бар ма еді?
– Сөйлесуге рұқсат жоқ! – деп судья кішкентай балғамен 
қоңырауды қағып қалды.
Прокурор өкініп отыр. Талай кылмыскерді айыптап, жаза 
салмағының әр түрін беріп еді. Талайы жалынып-жалпайып, 
кешірім сұрап еді. Мынау күледі. «Өзіне өмірлік каторга жазасын 
сұрамаған екенмін», – деп пұшәйман жеп отыр.
Ал Рысқұл болса, әлгіде далада қаусап қалған Ахат ағасын 
ойлады. «Тұрарды соған ілестіріп неге жібермедім. Жиырма бес 
жыл дейді. Оған қалған өмір жетер ме? Сонда қалай? Қайтып 
туған елді көрмеу керек пе? Дауылбай болыс жиырма бес жылға 
дейін тірі жүре бере ме? Жиырма бес жыл дейді, ә! Біз Түлкібастан 
кеткелі бері де жиырма бес жыл болды-ау, осы. Күні кеше сияқты. 
Ойлап тұрсаң, жиырма бес жыл дегенің де тез өте шығатын қас-
қағым уақыт қой. Елден мен кеткенде жиырма жаста едім-ау. 
Қазір қырық бес. Каторгадан қайтқанша жетпіске келеді екенмін. 
Ахаттың жасы ғой. Ал мен келгенше Ахаттың сүйегі де қурап 
кетер. Бірақ кім біледі, кәрі өле ме, жас өле ме – бір Алланың ісі. 


214


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет