242
Қызыл жебе
болып елестегені Рысқұлды сәл сескендірді. Неге Ізбайша емес,
Қалипа еске түсті?
Қалипа марқұм Тұрар мен Түйметайдың анасы еді ғой. Тірі
адам тіршіліктің құлы. Тырбанып жүріп, өзектес жан жолдасы
болған адамның бейнесін көңілінен өшіріп ала жаздапты...
«Қайран Қалипа, сен болсаң маған ілесер едің. Ақ қар, көк мұзда
да бірге болар едің. Менің Тұрарымның анасы, Түйметайымның
анасы. Аруағың риза болғаны ма? Қысылтаяңда неге елестедің
көзіме? Кінәлі болсам, кеш мені!».
Тар терезеден ай қиғаштай берді. Ай бетіндегі мең үндемеді.
Үнсіз қоштасу шығар.
Ай тасаланып, камераның іші түнекке толды. Рысқұл еденге
жантайып, көзін жұмды. Әлгіде түсінде оқыған Ізбайшаның
хаты көңілінде қайта сайрай бастады.
Көкірек көзіне Ізбайша
елестеген қалпында, кірпігі айқасып, Рысқұл қалғып кетті.
Ізбайша
оны жаңа көргендей, түн қараңғысында танымай
қалғандай жұмсақ алақанымен бетін сипалады. Маңдайының
сызықтарына дейін түгелдеп,
құлағының сырғалығын ұстап
көрді. Ақыры Рысқұл екеніне көзі жеткендей, бетіне бетін тақап,
ерінің мойнынан құшақтап, күрсініп қойып, көп жатты. Тәтті
түс Ізбайшаны ғайыптың ісімен Сібірге де, Сахалинге де алып
барады.
Сахалин сапарында жүріп,
Рысқұл туған елін, Ақсу-
Жабағылының аршасын, Алатаудың ақ шыңдарын, жәдігері
Тұрарын, тұлымшағы селтиген Түйметайын өзегі үзіліп
сағынғанда, Ізбайшаны да аңсайтын болады.
Жалған хат пәк
көңілді жаңылдыра алмайды.
Приходько үйінде Наташаның бәсіре бөлмесі болар еді.
Бөлме тап-тұйнақтай таза, шап-шақ қана. Бір қабырға кітап толы
шкафтар, екінші жақ іргеде жап-жалтыр қара пианино тұрады.
Жалтырағаны сонша, суретің көрінеді. Наташа гимназиядан
келген бойы, портфелін тастай салып, формалы киімін ауыстыруға
да шыдамы жетпей,
пианиноның ауыр қақпағын ашып, нәзік
саусақтарымен піл сүйекті аппақ клавиштарды басып-басып
қалғанда, кішкентай жүрегіңнің қылдарын біреу шертіп-шертіп
жібергендей сиқырлы үн төгіліп жүре береді.