240
Қызыл жебе
адасқан қаздай қаңқылдап жүрген сәтте, жаныма сая, іргеме
ық болды. Сізге ілесіп, қыстың қыспағында омбылап қалған
жаралы киіктей, қиыншылық көрсек те арман жоқ,. Тәңірі
қос көріп, төрелердің рақымы түссе, бізді аждаһаның аузына
апарсаңыз да, ала кетіңіз Тұрардың көкес
і
Баланың басындай сом құлыптың сақыр-сұқырынан Рысқұл
шошып оянған.
Ояна салып өз қолына қарады, жан-жағын
сипалады. Ізбайшаның жаңағы хаты үшті-күйлі жоқ. Аңырып,
есеңгіреп отырып, есін жиғанда барып, әлгінің түсі екеніне көзі
жетті. Кенет күн тұтылғандай, көзінің алды қарауытып бара
жатты. Түсінде жайраңдаған қайран көңіл бір сәтте талқан болды.
Айдауылдың құлыпты салдыратқанын Рысқұл зарыға күтіп,
сағынып жататын. Атуға алып шықпақшы болса да, есіктің бір
ашылғаны жақсы. Ал бірақ мына бір ынтызар шақтың шырқын
бұза, камераның ішін жарқыратқан күнді сөндіре, әдемі түстен
адастыра келген айдауылды қазір
Рысқұл екі көзімен есікке
шегелеп жібере жаздады.
Айдауылдың соңынан түрменің бастығы Приходько мырзаның
өзі кірді. Бастықтың өзі кірсе, тегін келіс емес.
– Қалай, Рысқұл? – деді Приходько шала-пұла қазақша, ескі
досымен сөйлескендей.
– Қалай болушы еді, мырза. Сендерден хабар күтіп жатқан.
– Хабар жақсы емес, Рысқұл, – деді Приходько жаны
ашығансып. – Сеники қатын отказ берген. Хат мынау. – Приходько
қағазды Рысқұлдың қолына ұстатпай қашықтан көрсетті де,
баяғы Қырғызбай қолымен арабша жазылған тілхаттың әуелі
орысша аудармасын оқып, оны тілі жеткенше қазақшалап берді.
– Сенбеймін! – деп Рысқұл орнынан атырыла түрегелді. –
Маған атбекет болған қазақ жігіті қайда? Сол оқып берсін. Менің
әйелім емес мұны жазған. Мынау жалған!
Рысқұл ар жағын айта алмай алқынып, демі таусылып барып
кенет тоқтады.
– Сеники ақымақ, Рысқұл, – Приходько қауға сақалын талдап
тұрып. – Қандай қатын өз еркімен каторгаға барады? Қатындар
бәрі сондай. Сенбеу керек.