Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет102/123
Дата28.07.2023
өлшемі1,34 Mb.
#104870
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   123
Байланысты:
1. Қызыл жебе - I кітап Шерхан Мұртаза (8 сынып)

Қызыл жебе 
Тұрар не айтарын білмей, тамағына бір түйін тұрып қалды. 
Бірақ оның ойын түсінген Рысқұл баланы жұбатып:
– Алаңдама, Тұрар. Мен қайтып келемін ғой. Сот үкімін 
шығарар. Айдап жіберген күннің өзінде сені ала кетемін, 
айналайын. Бара ғой жұмысыңа, бара ғой, Тұрар.
Надзирательдің көзінше Рысқұлмен қырын қабақ бола қалатын 
Бронников қазір үндеместен Тұрарға болар-болмас ишарат 
білдіріп, басын сәл изегендей болды. Ол: «Қорықпа, Тұрар», – 
дегені. Есік сақыр-сұқыр жабылды. Баланы конвой сыртқа алып 
кетті.
– Аман болсын, балаң ерекше зерек, – деді Бронников 
Рысқұлмен шала-пұла түсінісіп.
– Айдауға баланы бірге ала кетпесем, ана иттер оны өлтіріп 
қояды. Егер Тұрарға қауіп төнбесе, мен атылу жазасынан да 
қорықпас едім. – Рысқұл теңселіп отырып, уайымының ен 
үлкенін айтты. – Зерек дейсің. Жұрттың мұндай баласы көжесін 
жыламай ішпейді. Ал бұл не көрмеді? Атаңа нәлет Саймасайдың 
салдақылары менен гөрі қаһарын осы Тұрарға тікті. Иттер 
сезеді оның зеректігін. Түптің-түбінде түбімізге жетеді деп 
қорқады, залымдар. Мен сотталудан қорықпаймын, баладан 
айырылып қаламын ба деп ұйқым шала. Егер мені итжеккенге 
айдайтын болса, қатын-баламды бірге ала кетемін деп ұлықтарға 
арыздануға бола ма, Ескендір? Сенің көзің ашық қой.
– Көзің ашық дейсін-ау. Көзі ашықтардың көзін томағалап 
қойған заман емес пе? Егер жер аударылғандарға отбасын бірге 
алып жүруге мүмкін болса, бала-шағамды мен де алдырар едім-
ау. Бірақ ондай атты күн қайда?
– Атасына нәлет, мен көнбеймін, оязға, одан болмаса Тәубенің 
өзіне, одан болмаса, тура патшаның өзіне арыз жазамын. Сен 
жазып бересің. Сай-сүйегін сырқыратып жаз, атасына нәлет.
* * *
Осы кезде әзірейілінің асай-мүсейіндей сақырлап есік ашылды 
да, надзиратель әдеттегіден гөрі көтеріңкі дауыспен:
– Жылқайдаров! Шық! – деді. Надзирательдің ар жағында 
найзалы мылтықтарын серт ұстап екі айдауыл тұр екен.


209
Қызыл жебе
Рысқұл орнынан ыңырана тұрып, иығына шекпенін ілді, ескі 
киіз қалпағын қолына алды. Бұрылып Бронниковқа қарап еді
ол Рысқұлдың кетіп бара жатқанына қыбы қанғандай сыңай 
танытып, зәрлі мысқылмен мырс етіп қала берді. Надзиратель 
бұл кейпін аңғармай қалған жоқ. «Ә, бәлемдер, ырылдасып 
жатырсыңдар ғой»,– деді ішінен.
Рысқұлдың аяғына табалдырықтан шыға бере кісен салды. 
Бір тұтам ғана ұзындығы бар кісеннен адымы жазылмай, Рысқұл 
кібіртіктеп барып сүрініп кетті де, қайта көтеріліп, еңсесін 
көтеріп, бойын тік ұстап жан-жағына тәкаппарлана қарап, 
қыбыр-қыбыр адыммен кете барды. Айдауылдың біреуі алдына, 
екіншісі артына түсіп келе жатты.
Үш қабат есіктен өтіп, аулаға шыға келгенде Рысқұл көзін 
қолымен көлегейлеп қалды. Күн жарқырап тұр екен, көзі қарықты. 
Жарыққа бірте-бірте үйренген соң, аула түбіндегі атқора жаққа 
қарап еді, Тұрар жалғыз дөңгелекті зембілмен жас тезекті сыртқа 
алып шығып келе жатыр екен. Ауладағы ірің көз надзиратель 
оның алдын кес-кестеп тұра қалды.
Тұтқынды қақпадан айдап шығар кезде, аулада артық жүріс 
болмасқа керек.
Әкесі сыртқы қақпаға жақындаған кезде Тұрар шыдай алмай:
– Көке! – деп айқайлап жіберді.
Рысқұлдың тұла бойы дір-р ете қалды, бірақ қайырылған жоқ, 
кісенін салдыратқан күйі қақпадан шыға берді.
Қақпаның сыртында трашпенке тұр екен. Тұтқын мен екі 
айдауыл көлікке отырған соң, жарау қос ат көшені қоңыраулатып, 
ілезде Старокладбищенская көшесіне түсіп, округтік соттың 
үйіне қарай зымырай жөнелді.
Көшедегі адамдар қоңыраулы трашпеңкені әуелі салтанатпен 
әкім келе жатыр екен деп қалады да, кісендеулі аяғы салбырап 
отырған киіз қалпақты қазақты, алды-артына мылтық ұстаған 
айдауылдарды көріп, бірі таңырқап, бірі үрке қарап, бірі тез-тез 
шоқынып қала береді. Әлдекімдер басынан мыжырайған кепкесін 
алып, бас игендей болды. Әлде әкім дей ме, әлде тұтқынға оң 
сапар тілей ме, белгісіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет