Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет2/123
Дата28.07.2023
өлшемі1,34 Mb.
#104870
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   123
Байланысты:
1. Қызыл жебе - I кітап Шерхан Мұртаза (8 сынып)

* * *


5
Қызыл жебе
Приходько мырза шын діндар кісі еді. Оның табынатын екі 
құдіреті бар: бірі заң, бірі дін. Өз үйінің төрінде екі сурет ілулі 
тұрады: бірі – Иисус Христос, бірі Николай II. Жексенбі сайын 
Кафедральды соборға оны күймемен Тұрар алып барар еді. 
Мырзасы соборға кіріп, құдайға құлшылық ықылас білдіріп 
қайта шыққанша, атшы бала далада күтіп тұруы керек қой. Жөні 
солай ғой. Ал мырзасы айтады:
– Турарка, айда жүр, сен де. Аттарға ешкім тимейді. Ағашқа 
байлай сал. Жүр, көресің, қызық.
Қоңыраулар күңгірлейді. Қақпаның алдында кілең бір 
қара киінген кемпірлер, ақсақ-тоқсақ, әз соқырлар қаз-қатар 
алақан жайып, қайыр-садақа сұрап тұрады. Приходько мырза 
олардың жаюлы алақандарына ұсақ тиын-тебен тастайды. 
Қайыршылардың кейбірі түңке қалбыр тосады. Тастаған ақша 
шылдыр етіп, түңкеге түседі. Мырзаның соңынан еріп келе 
жатқан Тұрардан да бірдеңе дәметеді қайыршылар.
Құдай саған ұзақ өмір берсін, мырза бала, – деп 
с ы б ы рл а с а д ы .
Тұрар қысылады. Тастайтын тиын онда жоқ.
– Құдай сені бәле-жаладан сақтасын, мырза бала, – деп 
әлдекім оның қолынан сүймек болады.
Тұрар одан бетер қысылады.
Қайыршылар үшін адамның нәсілі жоқ, ақшаң болса болды. 
«Мына қара бала неғып жүр мұнда?» – демейді. Приходько 
сынды төренің жанында келе жатқан соң тегін болмағаны, деп 
ойлайды.
Құдай саған мол бақыт, зор дәреже берсін, мырза бала!
Күмбез астындағы мыс қоңыраулар сыңсиды. Собордың 
ішінен жүрегіңді жұлып әкете жаздап, хор дауысы күңіреніп 
шығады.
Соборды айналдыра отырғызылған қаракөк емен ағаштарға 
дейін мына құлшылықтың құдіретті зарына ұйып, олар да тәңірге 
табынғысы келгендей мұңая мүлгіп, хор дауысын іштерінен 
қайталап, жапырақтары күбірлесіп тұрады.
Собор баспалдағына көтерілерде Приходько мырза бас киімін 
қолына алып, шоқына бастайды.


6
Қызыл жебе 
Еркек атаулының бәрі бас киімдерін қолына алып, кеуделеріне 
қысып, бастары жерге жеткенше иіліп, бар ынты-шынтасымен 
шоқынып жатыр. Приходько мырза көзінің қиығымен Тұрардың 
құлын жарғағынан тігілген дөңгелек телпегіне қарап қояды. 
Басқаның бәрі жалаңбас, өзінің ғана телпекпен тұрғаны есіне 
түсіп кетіп Тұрар сасады. Оң қолы өзінен-өзі бас киімге созыла 
береді. Мұны байқаған Приходько құптаған белгі ретінде басын 
изеп, түсін жылытады.
Тұрар сонда да мына жалбарынып, жұлқына құлшылық 
ұрып жатқан топқа сіңісе алмай тұрғанын сезеді. Өзгелер дауыл 
жапырған қоғадай жығылып, бір иіліп, бір тұрып, тынымсыз 
шоқынып жатқанда, міз бақпай сіресіп қалған Тұрар ғана. 
Приходько сол көз қиығымен оған қайта-қайта қарай береді. 
«Сен де шоқын!» деген белгі екенін түсініп, Тұрардың тұла бойы 
түршігеді. Бірақ шоқынуға қолы көтерілмейді. Қолы қол емес, 
қорғасын сияқты, зорласаң да көтерілер емес.
Мінбеден сақалы беліне түскен епископтың дауысы – 
құдайдың өз дауысындай құдіретті естіледі. Дәл төрде екі қолы 
екі жаққа керіліп, басы кеудесіне салбырап кеткен, азап шеккен 
кісінің суреті көзді еріксіз тартады. Өзі арық, екі аяғы салбырап, 
тек сүлдесі саудырап қалған. Бұл бейшараны неге керіп тастаған? 
Бұл Тұрар үшін жұмбақ.
Собор іші өзге бір бөтен дүние, өң емес, түс сияқты. Айнала 
балауыз шырағдандар жағылған. Қабырғалар қаз-қатар суреттерге 
толы. Епископ азынап тұр, хор ара-арасында зарлап қоя береді. 
Сай-сүйекті сырқыратып, жүрегіңді елжіреткен пәрменді әсер 
әлдеқайда, бұл пәни дүниенің әуре-сарсаңынан, күйбің-күйкі 
тіршілігінен алыстап, аспанға шарықтатып, жұмақ жазирасын 
елестеткендей.
Приходьконың көз қиығы ғана арқаңды аяз қарығандай ызғар 
шаша бастаған. Тұрар оның не талап етіп тұрғанын сезеді, бірақ 
қозғала алмайды. Төрдегі керілген адам-суреттің көзқарасы да 
суық. Өзгелерге емес, дәл өзіне қадалып, айыптап тұрғандай 
көрінеді. Тұрар қашқысы келеді. Өн бойынан суық тер саулап 
барады. Өкпесі қысылып, демі тарылып, өзімен-өзі арпалыстан 
жаны мұрын ұшына келгендей азаптанды.


7


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет