Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет45/125
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#20913
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   125
Қызыл жебе 
меңіреу  шатқал.  Бір  топ  атты  адамдар  жанын  алатындай,  тек 
сауысқан  шықылықтайды.
Кенет  Саймасайдың  көз  алдына,  буалдыр  арасынан  шыға 
келгендей, Қызыл Жебе тұра қалды. Болыстың тұла бойы дір етті. 
Елес лезде ғайып болды. Қылаулаған мұнардан ештеңе көрінбеді. 
Саймасайдың көңілі бей-жай күйге түсті. Қыдыр жолдың үстінде, 
баға  жетпес  олжамен  оралып  қайтқанда,  көңіліне  не  шайтан 
ұялағаны беймәлім. Қар кейде қызғылтым болып көрініп, кейде 
шашыраған қандай күрең-қызыл тартты.
Болыс  қамшы  ұстаған  қолымен  көзін  уқалап  болып  қайта 
ашып еді, шатқалдың шыршалы жағынан бұталы жадағай жағына 
атырылып  Қызыл  Жебе  қарғып  өткендей  көрінді.  Ағаштардың 
бұтағын қызыл қырау тұтып қалғандай.
Саймасай  сескенейін  деді.  Нөкерлерінен  ол  ат  бойы  алда 
жүріп келе жатқан. Өзгелер аттарының тізгінін тартып, болыспен 
үзеңгілеспеуге  тырысады.  Әдеп  солай.  Ал  енді,  болыстың  өзі 
әлгілердің  ортасына  тығылғысы  келгендей,  Қалдықызылдың 
басын  тарта  берді.
«Танауыңа кершеу түскір, Қызыл Жебенің киесі болғаны ма? 
Неге елестей береді?». Сонан соң өз ойының оспадарсыздығын 
өзі байқап, бұрынғыдан бетер іштей жүдеп қалды. «Өлген аттың 
танауына да кершеу түсер ме еді?».
Өткен  істің  өкініші  өзегін  тілгіледі.  Бірақ  Қызыл  Жебеге 
қылған  қиянаты  жалқы  емес  екенін  ойламады.  Ойласа,  мына 
келе  жатқан  Нүкетайға  да  Қызыл  Жебенің  кебін  келтіргенін 
түсінер еді. Бірақ бұл ұғым Саймасайға жат. Ар алдында да, адам 
алдында да ақталатын үлгісі бар: пайғамбардың өзі төрт қатын 
алған  дейді.  Сұлуды  сүюді  пайғамбар  да  жек  көрмесе  керек. 
Жарықтық, алпыс үш жасында жас тоқалының тізесін құшақтап 
жатып  жантәсілім  қылған  ғой...
Мұның да мезгілі пайғамбар жасына жақындаған.
Бірақ  бұл  дүниеге  уақытша  қонақпын  деген  қаперінде  жоқ. 
Қартайдым-ау,  қайратым  қайтады-ау,  сонда  Нүкетай  болса  әлі 
жап-жас. Жас неме Тұқымбайдың тоқалы құсап, өсектің өртіне 
түсіп  кетеді-ау  деген  күдік  әзір  мазаламаған.


91
Қызыл жебе
Түні бойы бие сауып, саба пісіп шығатын жылқышы жігіттің 
Тұқымбай  тоқалымен  әмпей-жәмпайы  барын  бүкіл  жұрт  жыр 
қылып  айтып  жүреді.  Бұған  бір  жиында  қарқылдап  тұрып 
Саймасайдың  өзі  де  күлген.  «Бұқаның  өзі  қартайса  да  мұрны 
қартаймайды»  дегенмен,  уақыттан  күшті  құдірет  жоқ.  Уақыт 
зауалына  әлемді  қалтыратқан  жиһангерлер  де,  патшалар  да, 
перғауындар да төтеп бере алмаған. Күшті болса, ұлы пайғамбар 
қайда  кетті?  Ескендір  Зұлқарнайын  неге  өлген?
Тұмса байталдың бал қымызы мен қара қойдың жілік майына 
бапталған,  мансап  пен  байлыққа  мастанған  болыс  мұны  ойлап 
жатқан жоқ. Ол өзін мәңгі өлмейтіндей сезінетін. «Жалаң жібек 
байлаған  арулар  кімнен  қалмаған»,  –  деп  жыраулар  айтқан 
нақылдан махрұм болып, ертеңгі күнін болжап бас қатырмаған. 
Еркектің  пірі  Зәкәрия  да  ертеңгі  күні  қанша  жалбарынса  да 
қайырылып қарамай кететінін бүгін білмей, кеудесін есірік жел 
екілендірген  шақ  қазір.
* * *
Рысқұл  Тұрармен  қоштасып  шыққан  түні  дамылсыз  жүріп 
отырып,  Тау-Түрген  жақты  бетке  алып,  Тау-Шелектен  асатын 
жолдың  Орта  Қараш  тұсындағы  тар  қылғанға  таң  ата  бір-ақ 
тоқтады.
... Нардай шөгіп жатқан иір мойын қырқаның ойпаңында бір 
мая  шөп  бар  екен,  соны  барып  паналады.  Шолақ  Шабдардың 
ауыздығын  алып,  шылбырын  белдігіне  байлап,  маяны  үңгіп-
үңгіп  ұя  жасап,  өзі  соған  кіріп,  бұйығып  жатып  ұйықтамақ 
болды. Әбден қалжырап еді. «Болыс ертелетіп жүрмейді, – деп 
қойды. Сәскеде шықса бұл тұсқа түс ауа жетер, көз шырымын 
алып  алайын».
Ол шошып оянды. «Қара басып, қатты ұйықтап қалдың ба?» 
–  деп  пішенді  шынтағымен  аршып,  тысқа  атып  шықты.  Күн 
бұлыңғыр,  қай  мезгіл  екенін  аңғара  алмай,  бірауық  аңырып 
қалған.  Шел  басқан  ақ  көздейін  күн  қиялап,  Бас  Қараштың 
тұсында  тұр.  «Үлкен  сәске  болған  екен,  –  деп  қойды.  –  Болыс 
жолға  шыққан  да  шығар».


92


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет