Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет44/125
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#20913
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   125
Байланысты:
2 5364181919527341766

Қызыл жебе 
Болыс  қазір  өз  ордасына  екі  себептен  асығулы.  Бірі  ояздың 
шақыртуы.  Ояздың  аты  –  ояз.  Ұлыққа  бұл  да  құлдық  ұрады. 
Біреуге біреуді тәуелді етіп, біреуге біреудің күнін түсіріп қойған 
заман. Әйткенмен, ояз бұған қаһарын төгетіндей реті жоқ. Верный 
оязын  былай  қойғанда,  бүкіл  Жетісу  облысында  ең  қадірлі, 
губернатор фон Таубенің өзі құрметтейтін болыстардың бірі осы 
–  Саймасай.  Рысқұл  дейтін  бір  бұзық  түрмеден  қашып  кетсе, 
Саймасайды кінәлайтындай не жазық бар? Түрменің әкімдерін 
кінәласын. Ойға сумаңдап күдік кіре бергенмен, Саймасайды бұл 
онша  састырмайды.  Дегенмен,  асығу  керек.
Асығу керектігінің тағы бір себебі: Нүкетай сұлу. Мына жол 
үстінде  келе  жатып,  алпысты  алқымдаған  кәрі  құлжа  алдағы 
ләззат түнін аңсаулы. Кейде ол өз ойынан өзі ыңғайсызданғандай, 
оның  ойын  басқалар  оқып  келе  жатқандай  жанындағыларға 
қарап  та  қояды.  Жоқ,  олар  өзге  бір  әжік-күжік  әңгімемен  әуре 
екен. Сонда болыс қайтадан ойша Нүкетайдың қасында жалғыз 
қалады...  Шашағы  төгілген  ақ  шәйі  шымылдық..  Екеуден  екеу 
оңаша қалған шақ. Өзге дүние өртеніп кетсе де, сол оңаша сәт 
бәрінен  қымбат.  Нүкетайдың  күпек  шашбауы  сыңғыр-сыңғыр 
сылдырап,  әуелі  камзолының  түймелерін  ағытар.  Әрбір  түйме 
ағытылғанша  бір  жыл  өткендей  тым  ұзақ  көрінер.  Сонан  соң 
сары  сылаң  шәйі  көйлектің  жеңінен  әуелі  бір  қолын  шығара, 
екінші  қолын  шығармастан,  алақанымен  аппақ,  төсін  басып 
тұрып  қалар.
–  Келші, Нүкеш! – дейді шымылдық ішінен Саймасай аласұра 
алқынып.
Нүкетай  үндеместен  басы  салбырап,  кеудесіне  оқ  тиген 
адамдай,  сәл  еңкейген  қалпы  қатып  қалар.
–  Болшы,  Нүкеш!  –  дейді  құдай  қосқан  қосағы  біреу 
буындырғандай 
тынысы 
тарылып.
Нүкетай  тас  болып  қатып  қалғандай  қозғалмайды.  Демі  де 
білінбейді. Сылаң шәйі көйлек бір иығына ғана ілініп тұр. Бір 
қолын  жеңінен  шығарса,  сусып,  ың-жыңсыз  жерге  түспекші. 
Сонда перизаттай Нүкетайдың аппақ тәні анадан жаңа туғандай 
жалаңаштанады.  Алпыстағы  күйеудің  қартаң  тартқан  жүрегі 
аттай  тулап,  кеудесінен  ыршып  шыға  жаздайды.


89
Қызыл жебе
Саймасай шыдай алмай дамбалшаң аяғын салбыратып мамық 
төсектен  тұра  беріп,  Нүкетайға  қара  күрең  кәрі  қолын  созады. 
Атластай  жылтыр  жалаңаш  білегінен  ұстап,  төсекке  қарай 
тартады.  Нүкетай  тырмысып,  қолын  кері  тартады.  Күйеу  өзіне 
қарай  жұлқиды.  Алпыста  болса  да  аюдай  күші  бар  еркектің 
әлді қолы жалаңаш пері қызын оппа тартқандай шымылдықтың 
ішіне сүңгітіп жібереді. Жандәрменде қыз байғұс, – «суға кеткен 
тал  қармайдының»  керімен,  шымылдықтың  бір  шалғайына 
жармасады.  Шымылдықтың  жібі  үзіліп  кетіп,  ақ  шәйі  қалқан 
қопарылып  жерге  түседі.  Күнәкәр  түннің  куәсі  болатын  биік 
төсек  абыройы  ашылғандай  лыпасыз  қалады.
Шымылдықтың құлағанын жаманға жорып, желігі кеудесінен 
желдей  шығып,  қызуы  басылып  қалатын  жігерсізің  емес 
Саймасай, қайта бұрынғыдан бетер делебесі қозып, ақ төсектің 
үстінде  қорбаң-қорбаң  жанталасып  еркектің  пірі  Зәкәрияға 
сыйынып,  қара  тоқтының  жілік  сорпасына  тойынып,  жиырма 
бестегі  жігіттей  қаны  қайнап,  ақ  перизатты  алпауыттана  бүріп 
түседі.
Қиялмен  осы  бір  тұсқа  жеткенде,  Саймасай  Қалдықызылды 
абайсызда  тебініп  кеп  қалды.  Алаңсыз  алшақ  басып  келе 
жатқан ат бұл тебіністен оқыс ыршып, оқша атылғанда, үстінен 
Саймасайдың өзі түсіп қала жаздады. Әбиір болғанда өзі емес, 
басындағы тас қара барқытпен тыстаған дөңгелек құндыз бөркі 
ұшып  кетті.
Нөкерлері  аң-таң  болып,  жердегі  бөрікті  бірінен-бірі  бұрын 
алуға  асықты.
Содан  кейін  әлгі  көрініс,  үріккен  құстай,  қайтып  оралмады. 
Саймасайдың  көңілі  пәс  тартты.  Арт  жағына  бұрылып  қарап 
еді,  садақ  тартым  қашықтықта,  буалдыр  арасынан  Нүкетайлар 
көрінді. Оның жанында екі жеңгесі, сіңлісі, үш-төрт қаралы әсем 
топ, әдеп сақтап, еркектерден кейінірек келе жатқан.
Қар  қыламықтағанын  қоймады.  Айнала  төңірек  күңгірт 
тартты. Сол жақ қаптал биік тау, тауды өрмелей өскен шыршалар 
қылау  қардан  бурыл  тартқан.  Оң  жақ  қапталдың  реңі  сарғыш, 
шыршасыз,  шырайсыз  тырбық  бұталар,  сұрғылт  тастар.  Елсіз 


90


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет