Қызыл жебе
қалды. Енді жақында сот болады. Ал сотталатын адам адвокат
жалдауы керек. Сіздің адвокат жалдайтын қаржыңыз жоқ. Солай
емес пе? Әлде жасырып жүрген ақшаңыз бар ма?
– Ақша деген ақымаққа құдай құлқымды салмаған. Менен
ақша дәмететін әдбекет болсаң – әйда, жолың ашық. Маған
әдбекеттің керегі жоқ. Қылмысы бар адамды құдай да қорғай
алмайды. Сен мені қорғап жарылқамай-ақ қой.
– Адвокатсыз болмайды. Заң солай. Онсыз соттың үкімін
жоғары жақ бекітпейді. Білдіңіз бе?
– Ал сонда сен мені қайтіп қорғайсың? Саймасайды атып
өлтіргені дұрыс болды дейсің бе?
– Ол басқа әңгіме. Әуелі келісіп алайық. Мен сіздің тергеуде
берген жауабыңыздың бәрін білем, бәрін өзім аударып отырғам.
Барлық жағдай маған бес саусақтай белгілі.
– Енді не керек?
– Керегі тек бірер түсініксіз түйін бар. Соны шешіп алсақ,
іске көмегі тиюі мүмкін. Ең алдымен, сіз мені жатырқағанды
қойыңыз. Әйтеуір әкімдердің бірі деп жауыға қарамаңыз. Екеуміз
бір-бірімізге сенбесек, бәрі бекер.
– Бұл кісі дұрыс айтып отыр. Сен тым тұйықтала берме,
Рысқұл, – деп қалды бағанадан бері қалыс қалып отырған
Бронников. – Айтпақшы әңгімелеріңізге мен бөгет болмаймын
ба? Бөгет болған күнде де шығып кетер амалым жоқ.
– Жо-жоқ, сіз кесір емессіз, – деді Шоқұлы – Мен сізді
де ептеп білемін. Сіз Санкт-Петербургтенсіз, жаңылмасам?
Парадокс, әрине. РСДРП-нің саналы мүшесі империяның бір
түкпірінде қылмыскер азиатпен бір камерада отырамын деп үш
ұйықтасаңыз, түсіңізге кірмеген болар.
– Неге, адвокат мырза, біз бір майданның адамдарымыз.
Екеуміздің бір камерада отыруымыз кездейсоқ жағдай емес.
– Жә, кешіріңіз, сізбен әңгімелесуге, шынын айтсам, маған
рұқсат жоқ. Келген шаруамды бітірейін. Иә, Рысқұл ақсақал, сізді
ғой былтыр сотталғаныңызда Софийск станицасында тұратын
Софрон деген переселеннің атын ұрлады деп соттады. Рас
қой? Рас. Ал сол Софронның аты кейін базарда сығандар сатып
тұрған жерінен табылды. Дұрыс. Ал сонда сіздің үйдің артынан,
206
Қызыл жебе
жалбыздың арасынан табылған ет – неғылған ет? Осыған жауап
беріңізші.
Рысқұл Шоқұлына алая бір қарап, сазарып қалды. «Мынау
тегін емес. Тергеуші қоймаған сұрақты қоюын қарашы. Түптеп
тартуын, бәлемнің. Менің дертімнің тамырын тап басып отыр».
– Айтыңыз, Рысеке, кейін өзіңізге жеңіл болады.
Рысқұл үндемеді. Тек көкірегінен жалын ата бір күрсінді.
Жылқының сұлтаны – Рысқұлдың ғашығы еді. Мынау адвокат
соны еске салып, ескі жараның аузын қанатып отыр.
– Так, – деді Шоқұлы шыдамы кетіңкіреп – жарамады.
Сотта прокурорға қарсы шығар қаруды сіз жасырып отырсыз,
жарамады. Ал прокурор сізге ең кемі жиырма бес жыл каторганы
салмақтап отыр.
– Ай-яй, Рысқұл қиын адамсың, өте қиын адамсың, – деп
Бронников әңгімеге қайта араласты. – Адвокат мырза, бұл кісі
ол еттің «жұмбағын» бізге, мына Тұрар екеумізге жырдай қылып
айтып берген. Ол Қызыл Жебенің еті.
– Так, так, – деп адвокат ентелей түсті. Жұмбақ түйіннің бір
ұшығына қолы іліккендей болды.
– Қызыл Жебені естуіңіз бар шығар? – деп Бронников
Шоқұлына қарады.
– А как же, ол деген аңызға айналған атақты жүйрік болатын.
– Иесінің аты кім еді, Рысқұл? Өте қиын ат, – деді Бронников.
– Тұқымбай, – деді.
Одан арғы жайды Бронников баяндай берді, ақыры әңгімеге
Рысқұлдың өзі араласты. Ара-тұра Тұрар да Қызыл Жебені
Қаракемерде көргенін айтып қалып отырды.
Тілмаш-адвокат Шоқұлы риза болған пішінмен қолын
рахаттана уқалап:
– Міне, бұл тылсым түкпірге де сәуле түсті. Енді прокурор
Кудрин мырзамен айқасуға болады. Әңгімелеріңізге рақмет.
Ал енді округтік соттың мәжілісі көп ұзамас. Қайбір қосымша
сұрақтар туса, тағы да хабарласармын. Сау болып тұрыңыздар,
– деп орнынан көтеріле берді. Рысқұлмен, Бронниковпен қол
алысып болып, Тұрардың басынан сипап:
207
Достарыңызбен бөлісу: |