Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет100/125
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#20913
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   125
Байланысты:
2 5364181919527341766

Қызыл жебе
–  Оу, оқымысты Метрейді айтам. Менің досым ол. Алдыңғы 
жылы мына Талғар шыңына екеуміз шығып қайтқанбыз. Жақсы 
адам. Сондай да небір жақсылар бар-ау. Ай, адал адам еді. Алдыңғы 
түрмеде Ахат дейтін ағам арқылы хат жазғызып едім, жауап жоқ. 
Әлде  мына  атаңа  нәлет  нәзірәтел  бергізбей,  жасырып  тығып 
қойды ма, қайдам. Басыңа күн туа қалса, хат жаз, көмектесемін, 
– деп еді. Хабар жоқ. Сонымен, Метрейді білмейтін қу болдың 
ғой. Әй, сен Петербордан емессің-ау, Ескендір.
–  Ну вот, – деп Александр Бронников дәрменсіз адамдай қолын 
жайды.  –  Сенбесең,  Приходькодан  сұра,  надзирательден  сұра. 
Сен  түрмеге  бірінші  қаңтарда  түстің,  мен  түрмеге  тоғызыншы 
қаңтарда түстім. Тоғызыншы қаңтарда Петербургте не болғанын 
білесің бе өзің?
–  Е,  қайдан  білейін?  Петербор  тұрмақ,  осы  Алматыңның 
өзінде не болып жатқанын біле алмай тас інде жатқан жоқпын 
ба?  –  деп  Рысқұл  іргеге  қарай  сыздықтата  түкірді.
–  Ал, мен айтайын, тоғызыншы қаңтарды біліп қойған жөн. 
Тұрарка, сен тек аударып қоймай, бұл әңгімені өзің де жөндеп 
тыңда. Тоғызыншы қаңтар – халық аузында «Қанды жексенбі» 
аталып  кетті...
Александр  Бронников  «Қанды  жексенбіні»  көз  алдына 
келтіргісі келгендей тас қабырғаға қадала қарап, біраз отырды. 
Петербург  жұмысшылары  мен  тұрғындарының  Николай  ІІ-ге 
жазған  петициясын  тас  қабырғадан  оқып  отырғандай  сынайы.
«Патша!
Біз, С.-Петербургтың жұмысшылары мен түрлі сословиедегі 
тұрғындары,  біздің  әйелдеріміз  бен  балаларымыз,  көтерем 
халдегі кемпір-шалдарымыз – баршамыз жиылып, саған келдік, 
Патша!  Шындық  пен  қорғаныш  іздеп  келдік.  Біздің  сіңіріміз 
шықты,  бізді  адам  айтқысыз  азапқа  салып,  қанап  жатыр. 
Бізді құлақ кесті құлдай көріп, қорлап, зорлап, адам қатарына 
қоспайды. Біз шыдап бақтық, бірақ бізді жоқшылықтың түпсіз 
шыңырауына  итермелеп,  еркімізден  айырып,  қараңғылықтың 
құдығына тастап, қылқындырып барады. Енді шыдар хал жоқ, 
патша...».


202
Қызыл жебе 
Александр  Бронников  Рысқұл  мен  Тұрарға  петиция  жайын 
түгел  баяндап  шықты.  Ғапон  деген  поптың  жәдігөйлігін 
әңгімеледі. Қарусыз халықты қойдай қырып салғанда, көшелерде 
аққан  қанның  сел  болғанын  айтты.  Полиция  мен  солдаттар 
патша  сарайының  алдында  бала-шаға,  кемпір-шалды  да  аямай 
мылтықпен  атып,  қылышпен  шапқанын  айтқанда  әкелі-балалы 
Рысқұл  мен  Тұрардың  жандары  түршікті.
–  Біз айттық алдында, – деді Бронников. – Патшаға бармаңдар. 
Бәрібір түк өнбейді. Патша жарылқамайды. Қайта сағың сынып, 
қырылып қаласыңдар. Қарусыз халықтан патша қорықпайды. Ал 
қорықпағанын сыйламайды, – дедік. Көнбеді.
–  Бізің кім сонда? – дейді Рысқұл.
–  Большевиктер.  Ресей  социал-демократиялық  жұмысшы 
партиясының мүшелері. Ресейде сондай партия бар. Кедейлерді, 
жұмысшыларды  қолдайтын,  солардың  мүддесін  жоқтайтын 
партия.
–  Ол  не,  ол  сонда  әскер  ме?  –  деп  төне  түсті  түсінбеген 
Рысқұл.  –  Әскер  болса,  мен  де  қосылар  едім.
Бронников зілсіз күліп қойды.
–  Жоқ, Рысқұл, әскер емес. Сен, мына мен сияқты адамдар. 
Теңдікті аңсайтын, біреу бай, біреу кедей болғанын қаламайтын, 
біреуді біреудің қанауын қаламайтын, жазықсыз қан төгуді жек 
көретін, кісі баласын сен орыссың, сен қазақсың, сен татарсың 
деп бөлмейтін әділетті қоғам құруға талпынған адамдар.
Төніп тыңдап отырған Рысқұл:
–  Е, ертек сияқты неме десеңші, – деп қайтадан шалқая берді.
–  Әуелі тыңдасаңызшы, көке, – деп Тұрар әкесіне жалтақтай 
қарады. Баланың бұл ықыласына Бронников сүйсініп қалды.
–  Молодец,  Тұрарка,  сен  бірдеңе  сезіп  отырсың  ғой. 
Жүрегіңе тоқи бер, балам, алтын басым әшейін. Сен Приходько 
мырзаның  барчук  баласын  күнде  гимназияға  күймемен  алып 
барып, алып келіп жүрсің. Со гимназияда мен де оқыр ма едім 
деп армандайсың. Ал сол гимназия мұндай білім бермейді. Онда 
қоғамды қалай өзгертіп, жақсартуды оқытпайды, Тұрар. Рас, онда 
да көзі ашық, көкірегі саналы адамдар бар шығар. Өйткені мен 
естіген Михаил Фрунзе деген бір революционер осы гимназияны 


203


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет