Қызыл жебе
Тұрар аттарды жайғастырып болып, енді қораның ішін
тазалауға кіріседі. Қорада екі жиреннен басқа бес-алты ат бар.
Олар мініс көлігі. Әкімдер мінеді. Бас-аяғы онға жетпейтін
мал болғанмен астын дембіл-дембіл тазалап тұрмаса, демде
садыралап қалады. Приходько мырзаның әмірі бойынша, қорада
көлденең бірде-бір қылшық жатпауы керек. Ақ қолғаппен
сипағанда аттардың үстінен бірде-бір қылау жұқпауы керек. Оны
істемейді екенсің...
Бопса көп, үрей мол. Тұрар жалғыз дөңгелекті қол арбаға
жылқының жас тезегін үйе салып таптап, енді сыртқа шығарып
бара жатқанда, ауланың бір түкпірінде аядай жерді айналып
жүрген тұтқындарды көрді. Қырманда мала бастырған мал құсап,
от басындай жерді айнала береді, айнала береді. Қастарында қит
етіп басса мылтықпен жасқап, қақпайлап ірің көз надзиратель
тұр.
Кісендер сылдырлайды. Бір топ адам бірдей аяқ басқанда,
шынжыр сылдыры да ырғаққа бағынып, қаһарлы гүрсілге
ұласады. Қарғыс пен қасіреттің гимніндей сұрапыл сарын.
Тұрар қақпаға беттеп бара жатып, жүрісін баяулатты. Бет-
алысы қақпа, екі көзі тұтқындарда. Кісендеулі адамдар да түрме
ауласынан мына бір қағылез қараторы баланы түңғыш рет көріп,
таңданғандай пішін танытып, бәрі де бұрылып Тұрар жаққа
қарады. Біркелкі аяқ алыстары шатысып, бір тұтқын алдыңғы
тұтқынның өкшесін басып қалып, сүрініп кетті. Кісен сылдыры
өзгеше шыққанда надзиратель селт етіп:
– Көзіңе қара! Немене ит көрген ешкідей ежірейе қалдыңдар?!
– деп ақырып жіберді.
Әлгі бір сәтте Тұрар да бұлардан көз алмай, әлдеқалай екенін
өзі де байқамай, қол арбаның оқтығын жерге қоя салып еді
үстіндегі үйме тезек арба қисайғанда ауып кетіп, жерге төгіліп
қалды.
Мұны көрген ірің көздің aшy қабының аузы ашылып кеткендей,
әй бір, барқылдады дейсің:
– Әй, бандиттің баласы! Осы көрген күніңді көпсініп жүрсің
бе-ей?! Бала деп сені мырзалар бекер есіркейді. Аяғыңды кісендеп
қояр ма еді сенің де! Қобырап қолыңдағы арбаны аударып
153
Қызыл жебе
алғаның нең?! Ана тезекті бір түйірін қалдырмай қолыңмен
салып, тіліңмен жалап, тез ауланы тазарт! У-уу, бандит!
– Баланы сонша жәбірлегеніңіз өз дәрежеңізге жарасар
ма екен, мырза, – деп қалды ұзын бойлы, кең иықты, жарқын
сары шашын жел дудыратқан жирен сақалды ақжарқын адам
күлімсіреп.
– Қысқарт, Бронников, – деп арс етті надзиратель. – Сөйлеуге
рұқсат жоқ. Осы сен бүлік шығарғанды қашан қоясың. Әлде
өзіңдей бүлікшінің баласына бүйрегің бұрып тұр ма? Сен өйтіп
жанашыр бола қалсаң, мен ол бөлтірікке анау төгілген боқты
тұмсығымен тазартқызам, бәлем!
Домбыққан ауру көзінің алды ұдайы іріңдеп тұратын, не
дүнген, не қазақ, не орыс екенін айырып болмайтын, жалпақ
мұрын, жайын ауыз еңгезердей дәу неме балаға таман адымдады.
Әлгі жирен сақал тұтқынға таңырқай қарап, сүйсініп қалған бала
кенет өзіне төніп келе жатқан қара дәудің жақындап келгенін
көріп, әпжыланның алдында жападан-жалғыз қалған көжектей
қалтырады.
Бала өте сезімтал-тын. Бір ауыз жылы сөзден іші-бауыры езіле
елжіреп, әлдеқандай аяныштан көмейіне түйіліп жас тығылып
қалушы еді. Кімді аяйды? Өзін-өзі аяй ма? Әлде аяушылық
атаулы сезімді аңсағаны ма – белгісіз. Жирен сақал тұтқынның
сәл жанашырлығын таныған сәтте-ақ дүн-дүние төбенің тар
дуалдарынан аттап өтіп, кеңейтіп сала бергендей, кішкентай
жүрегі сол жазира кеңістікке ұшып шығар қапастағы пейіш
құсындай үнсіз шырылдап, демі жиілеп, танауы қусырылып,
қуаныштан яки аяныштан, жылағысы келген нұрлы шақты
лезде қара бұлт қаптағандай болды. Адамның көкірегінде нұр
ойнап, сәуле шашыраған сәт – әлемді жаратушы құдірет-күшпен
кездескендей бақыт дариясында жүзіп жүрген рақым сәті. Соны
демде қара дауыл соққаны обал-ақ. Аяныштан елжіреген жан-
жүйең қорқыныштан күзгі жапырақтай қалтырап кеткенде
кеудедегі періштені дию-пері қылқындырып жатқандай болмақ.
Надзиратель құзғын құстай қалбайып төніп келгенде,
таптап өтетін тажал келе жатқандай көрінді де бала жасқанып
шегіншектей берді. Шегіне-шегіне жонарқасы дуалға барып
154
Достарыңызбен бөлісу: |