Қызыл жебе
тұра қара домалақ қазақ балалары да кездесіп қалады. Демек,
қазақтың да оқуына болады екен ғой.
Осыдан небары бір жыл бұрын, 1904 жылы осы ерлер
гимназиясын Михаил Васильевич Фрунзе бітіріп кеткенін Тұрар
әзір білмейді. Ол әрине өзінің талай жыл өткеннен кейін Түркістан
Советтік Республикасының басшысы болатынын, сонда Фрунзе
сынды қаһарман қайраткермен қоян-қолтық қызмет істесетінін
де әзір сезбейді.
Иә, Тұрардың Фрунземен кездесетін сәтіне дейін әлі он бес
жылдай уақыт керек. Бұл уақыт ішінде екеуі де талай-талай
от пен судан өтеді. Қазір Михаил Васильевич Фрунзе нағыз
революционер. Ал Тұрар болса... Приходько мырзаның ат
айдаушысы, қора сыпырып, отын жарып, су тасиды. Тұрағы –
түрме, қожасы – гимназист Аркаша.
Кеткісі келмейді, бәлкім бұған бір қайырымды жан: «Әй, бала,
сен неге оқуға бармай отырсың айда тез класқа бар, әне қоңырау
соғылды», – деп айтатындай қиялға кетіп пәуеске тепкішегінде
тұрып қалады. Жарау жирендер баланың қиялын қостағандай
құлақтары жығылып, бастары салбырап, көздерін жұмып, мүлгіп
тұрады.
Гимназияның жапсарлы есіктері айқара ашылған, екі босағада
екі діңгек салтанатпен сән беріп тұр. Сен кімсің деп тексеріп
жатқан ешкім жоқ. Ішіне кіріп көрмекші де болды. Бірақ аттар
әлденеден үркіп қашар деп сескенді. Сақалы беліне түскен,
басында жез оқалы фуражкасы бар қарт кісі баланың басындай
жез қоңырауды қағып есіктің алдына дейін шықты. Бірлі-жарым
кешіккен шәкірттер жүгіре басып, ішке енді.
«Е, бұлардың ішінде пәуескемен келмей, жаяу жүріп
кешігетіндері де бар екен ғой. Сонда біздің Приходько мырзаның
балалары ең құрметті шәкірттер болғаны ғой. Осы әлгі Аркашаны
ашуландырып алмадым ба? Ол қастасса тағы бәле».
Аркаша сабақты ала-құла, жүрдім-бардым оқиды. Кейде тәп-
тәуір болып қалады, кейде жаман баға алғаны үшін әкесінен таяқ
та жеп жүреді.
«Әттең Аркашаның орнында мен оқыр ма едім, – деп
армандайды Тұрар. – Кітаптан бас алмас едім».
151
Қызыл жебе
Бала қиял, балапан қиял гимназияның ішін ойша шарлады.
Бірақ сырты салтанатты ғимараттың іші қандай екенін көз
алдына елестете алмады. Көңіліне Бесағаштағы Ахат атаның бала
оқытқаны орала береді. Жыртық үйдің киізсіз еденінде шөкелеп
отырған балақайлар. Ахат ата өзгелер құсап балаларды ұрып-
соқпас еді. Тұрар содан мұсылманша әліп-би танып қалған. Бір
сот мына зәулім үйдің төрінде Ахат ата тұрғандай, оның алдында
жаңағы жез түймелі пешпет киген балалар шөкелеп отырғандай
көрінер. «Ау, олардың арасында мен неге жоқпын», – деп көңілі
елегізер.
«Осында қазір кіріп барсам:
– Сен кімнің баласысың? – деп сұрар.
– Рысқұлдың баласымын, – деймін.
– А-а, Рысқұлдың баласымысың? Бір болысты өлтіріп,
қалғандарын тағы жоймақ болған Рысқұл ма? Онда жарамады.
Сені оқыта алмаймыз. Түрмеңе қайта ғой», – дейді мұғалім Ахат
бейнесінде.
Ахаттан басқа мұғалімді көрмегендіктен өзгені қиялына келтіре
алмайды. Осылай отыра берер ме еді, қайтер еді, әлгі жез қоңырау
қаққан, жез фуражкалы шал шіңкілдеп ұрсып баспалдақпен төмен
түсіп келе жатыр екен. Сөйтсе, жарау жирендер қарап тұрмай,
әдеп сақтамай, тезек тастап тұр екен. Шіңкілдек шал жеткенше
делбені қағып, қалғып-мүлгіген аттарды лезде қосаяқ қақтырып,
Тұрар пәуескені бұрып ала жөнелді.
* * *
Екі жирен түрме үйіне жақындағанда жүрістерін жылдамдатты.
Жылқы-айуан түрменің қапас екенін қайдан білсін. Олардың
білетіні: қазір атқораға жеткен соң, мына қаршадай бала Тұрар
ақырға балауса жоңышқа салып, бұлардың ауыздығын алады.
Бастарына дорба іліп, сұлы береді. Біле-білгенге жылқының орны
түрменің атқорасы емес, сонау мың бұлақты, балауса құрақты кең
дала... Бірақ екі жирен қарны тойса қайғырмайды. Кеуілжірлері
жуа мен жусан исін сезінуден қалып, кершеу болған, балғын
байталдар мен мама биелерді аңсамайтын ақта сорлылар... Нағыз
түрме аттары.
152
Достарыңызбен бөлісу: |