Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет78/125
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#20913
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   125
Байланысты:
2 5364181919527341766

Қызыл жебе 
буын,  қатаймаған  сүйек  бұзық  балалар  иген  сәмбі  шыбықтай 
майысады.
Содан соң кеспек бөренелерді ұсақтап, отын жарады. Сөйтіп 
жүргенде  оқудан  балалар  қайтатын  уақыт  болады.  Тұрар  қос 
жиренді  пәуескеге  жегіп  жолға  шығады...
Рысқұл  Тұрардың  қалжырағанын  біледі.  Бірақ,  өткен  түнде 
өңі  сынық,  бір  түрлі  қажып  келді,  әрі  кеш  оралды.  Тұрар, 
надзирательден,  Аркашадан  көрген  қорлықтарын  әкесіне 
айтқан  жоқ.  Онсыз  да  ішінде  жалын  қайнап  жатқан  адамды 
күйдіре  бермейін  деді.  Басы  жерге  тиісімен  тұяқ  серіппей, 
сілейіп ұйықтап қалды. Әкесі ұйықтап жатқан баланы басынан 
сипап, маңдайынан иіскеледі. Тұрардың ояу кезінде бұл сезімді 
білдірмеуге тырысады. Бірақ бала бәрін де сезеді. Адамда, әсіресе 
көкірегі  ояу  адамда  сирек  кездесетін  «алтыншы  сезім»  дейтін 
қасиет осы қаршадай қара балада өте күшті жетілген тәрізді еді.
–  Оян, Тұрар! – деп иығынан тартқылады. Рысқұл баланы. – 
Оян! Таң атып келеді. Сен тыңда. Әлі әңгіме біткен жоқ қой.
Тұрар ұйқысынан оянған, бірақ көзі жұмулы. Жұдырығымен 
көзін уқалап ашып, басын көтереді:
–  Тыңдап отырмын, көке...
VIII
Сөйтіп, Бердіқұл соққыға жығылды. Әл үстіндегі ағасын жеті 
түнде айдалаға тастап кете алмай, Рысқұл:
–  Дауылбай!  Атаңа  нәлет  ішіңді  жарып,  ішегіңді  итке 
тастамасам, – деп айқайлады. Содан Бердіқұлдың бебеулегеніне 
қарамастан жерден балаша көтеріп, ай батқан тас қараңғы түнде 
ауылына  алып  келе  жатты.  Өз  күшіне  өзі  таң  қалды.  Ағасы 
шыдай алмай, шырқырап қиналғанда ғана бір түбіртек томарға 
түртінектеп келіп отырып, тыныс алды. Бірақ жаралыны жерге 
қоймастан қос қолдап, алдына алып отырды. Ауру адам бір сәтте 
әлсіз  қолымен  інісін  мойнынан  құшақтап,  ірі  басын  иіп  келіп 
өзінің бетіне тақады. Рысқұл сонда ағасынын бетіне бетін басып 
отырып,  жып-жылы  жастың  жылжып  аққанын  сезді.


157
–  Рысқұл-ау, өлтірді ғой мені иттер! – деді ағасы ыңырсып. – 
Енді күндерің не болады?
Сонда  Рысқұлдың  иген  садақтай  тырсылдаған  жүйкесі  суға 
салған  таспадай  жібіп,  көңілі  босап,  ағыл-тегіл  аңырап  бір 
жылады дейсің. Ағасының басын құшақтап, қаны қашқан бетіне 
бетін үйкеп, іші-бауыры мылжа-мылжа елжіреп, қарап отырып 
қалжырап,  қауқары  кетіп  қалды.
Дүние  селт  етпеген  бір  сілті  тыныштық  орнаған  кез  еді. 
Рысқұлдың дауысынан шошып оянып кеткендей-ақ, шілдеқоңыз 
шыр ете қалып, бірауықтан кейін шексіз, тоқтаусыз, ұзақ мұңды 
үнге  басты.  Тау  басынан  құмалақтай  тас  құласа  бірте-бірте 
бір  көшкін  қоса  құлайтыны  сияқты,  жалғыз  қоңыздың  үніне 
түн  дүниесі  жамырай  дыбыс  беріп  «Не  болды?  Не  болды?» 
десіп  жатқандай  екен.  Жылқышы  құстың  ысқырып  қалғаны, 
үкінің  үһілегені,  көлбақалардың  кенет  оянып  кетіп  байбалам 
салғаны, оқыстан ауылға ит-құс тигендей, бар ит атаулы жабыла 
шуылдағаны  адамның  төбе  шашын  тік  тұрғызғандай  еді.
–  Көке,  не  қылдық  біз?  Қай  пейілімізден  таптық?  –  деді 
Рысқұл  егіліп.
–  Жылама, – деді ағасы әлден уақыттан кейін әрең үн қатып, 
ерні ғана қыбырлап. – Жылама. Көздің жасы әлі керек болады. 
Су...
«Бұл  отырып  қалғаным  қалай?  Бір  адым  болса  да  жылжи 
бермей»,  –  деп  Рысқұл  орнынан  тұра  бермекші  еді,  екі  тізесі 
бүгіліп кетіп, қайта отырды. Тұла бойдан әл кетіп, аурудан тұрған 
адамдай  қалт-құлт  етіп  қалыпты.
–  Су... – деп сыбырлады Бердіқұл. – Су...
Жаңа бір әзірде бет-аузы өліктей сап-салқын еді, енді алаулап 
әкетіп барады екен. Рысқұл сілкініп қайта тұрды. Тәй-тәй басып, 
бір-екі аттады. Қайраңдап қалған қалпынан қатайып, өзіне-өзі ие 
болып, алдындағы үлкен адам емес, бала көтергендей жеңілейіп, 
тез-тез адымдап, ауылға асыға жөнелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет