Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет83/125
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#20913
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   125
Байланысты:
2 5364181919527341766

Қызыл жебе 
су Дауылбайдікі, шабындық та Дауылбайдікі. Ал сонда аспандағы 
құдайдың жаңбыры да Дауылбайдікі ме? Жауын да жаумай қойды 
қасақана. Су сұрамай-ақ, жаңбырмен пісіп кетер еді бұл тарысы 
түскір.
–  Жеті күн жауған жаңбырдан желдіріп өткен су жақсы деген. 
– Ахат Рысқұлдың аптығын баса сөйледі. – Суармай болмайды. 
Сонда  астығың  –  астық,  әйтпесе  –  аштық.  Осы  екі-үш  күннен 
қалмай, қырғи келгенше су салу керек.
–  Суарсақ-суарамыз.  Көрмей  жүрген  құқайымыз  ба?  Азар 
болса,  тағы  да  жаға  жыртысармыз.  Өткен  жолғы  суда  да 
жұлқысқанбыз.  Әй,  осы  тары  деген  бәленің  қайдан  шыққанын 
қайдам. Құдай мал бермеген соң жер еміп қазақ жарыған емес. 
Жерге  телміру  Сайрамдағы  сарттарға  жарасады.  Бізге  не  жоқ 
осы. Қолыма білте мылтық алып, таудан киік ауласам, осы бір 
ауылды асырар едім. Су-су деп қырқысады да жатады. – Рысқұл 
шыдамай орнынан тұрып кеткенде мүлгіп тұрған майшам тағы 
да  шалқыды.
Рысқұлдың  алпамса  көлеңкесі  үйдің  жарты  қанатын  алып 
кетті.  Босаға  жақтан  керегенің  басына  ілген  үрген  қарын 
қалбаңдады. Қаракөбең арасынан ауылдас ағайынның жалаң бұт 
балаларының борбайлары көрінеді. Қуырған жүгеріні көйлегінің 
етегіне  салып  алып  қытырлатып  жеп  отыр.
–  Мына байғұстар қызыл көрмегелі қашан. Қап, ертең тауға 
кетіп  бір  киік  құлатып  келмесем...
–  Ертең тары суару керек, киігіңді қоя тұр, қарақ, – деді Ахат, 
–  әлді-әлді  жігіттер  жүрмесе,  әлгі  дойыр  неме  кесір  болады. 
Кіжініп кетті ғой. Жә, оның бір жөні болар. Кәне, домбыра қайда?
Қатшагүл  ұшып  барып  ескі  кебеженің  артында  тұрған 
қалақша  қара  домбыраны  алып  берді.  Домбыра  әуелі  ұшатын 
дуадақтай  ебедейсіз  армандап  алды  да,  бір  сыдырғы  шертпе 
жортаққа көшті. Ахат тамағын кенеп, бірер рет жөткірініп қойды. 
Шапанын  иығына  тартыңқырап  жапты.  Жүгері  қытырлатып 
отырған  балалар  да  тына  қалды.
–  Дүние бір қисық жол бұраңдаған,
Бақ тайса ерге дәулет құралмаған.
Күніне тоқсан тоғыз бәле көрсең, әлу-ай!


167
Қызыл жебе
Сонда да күдер үзбе бір Алладан.
Дүние дастан
Әуелі-ақ бастан
Ақылды дұшпан жақсы
Ақымақ достан, әлу-ай!
–  Ой, сорлы-ай, рас қой, –деді Рысқұл орнына қайтадан келіп 
отырып.
Жапалақ жалпылдайды жар басында,
Немене жоқтың күні бар қасында.
Дос болып қас болғаннан сақта, құдай
Қасқыр да қастық қылмас жолдасына, әлу-ай!
Қоңыр қаз, үйрек,
Қанатын сүйреп,
Бұл жалған өтер-кетер
Өй-деп, бүй-деп, әлу-ай!..
–  Әй,  айналайын,  көкем-ай,  мынауың  әлгі  иттің  өзі  ғой! 
Дауылбайдың  қолшоқпары.  –  Рысқұл  айызы  қанып,  әнді 
рахаттана тыңдады. – Мынауың бұрынғы айтқандарыңнан басқа 
ғой.
Ахат асықпай қоңыр дауыспен, баппен айтып отыр. Шертпектің 
үні оған қосылып о да адамша аңырайды.
Жабыны жауға мінбе жалды екен деп
Жаманмен жолдас болма малды екен деп, әлу-ай.
Баласын Қазанаттың бақпай қойма
Жем түсіп аяғынан қалды екен деп, әлу-ай!
Әшіркүл, Зейнеп.
Отырмын сөйлеп.
Бұл дәурен өтер-кетер
Өй-деп, бүй-деп, әлу-ай!..
Бұл  әнге  Дәу-Бабадан  аса  соққан  Алатаудың  кешкі  самалы 
қосылды.  Әркім-ақ  Қазанаттың  кім  екенін  жобалап  отыр.  Ол 
кешегі  өткен  Әлімбек  батыр.  Жағасын  жауға  жырттырмаған, 
қанша сұрапыл соқса да басы жерге иілмеген зау бәйтерек. Бірақ 
сонда аяғына жем түскен кім? Не деп отыр мына Ахат?
–  Жем түскенді көрсетермін әлі мен оларға! – деп Рысқұл есік 
жаққа  қарады.  –  Құдай  Дауылбайға  алақанымды  жайдырмай-


168
Қызыл жебе 
ақ  қойсын.  Қазанаттың  баласын  Дауылбай  бақпай-ақ  қойсын. 
Дауылбайды  қойшы,  ол  Алсай  емес  қой.  Құдай  ұрғанда  өз 
жақынымызды ұрды ғой. Сақанды айтам. Қасқыр да өз ұяласына 
қастық  қылмайды  екен.  Ал  мұныкы  не?  Сыртта  Қатшагүл 
қазанның түбін қырып, жуындысын итке құйып жүр. Төбеден, 
аспан түндігіне тағып тастаған асыл тастай жылтырап жұлдыздар 
көріне бастаған. Дәу-Бабаның төбесінен бір жұлдыз аққан бойда 
ағып  отырып  күншығыс-терістіктегі  Құланның  үстіне  барып 
құлады.  Қатшагүл:
–  Бісміллә, бісміллә, – деді.
Көрші үйден көк төбет ұлыды, жұлдыз аққанда ит ұлитыны 
несі  екен?
IX
Камераның  құлпы  әдеттегіден  ерте  салдырлады.  Тұрар 
кешірек  келуші  еді.  Рысқұл  әлденеден  секем  алғандай  екі  көзі 
есікке қадалды. Надзиратель Тұрардың орнына еңгезердей, ұзын 
бойлы  біреуді  мылтықтың  дүмімен  итеріп  кіргізді.
–  Сенің тілегенің осы болса – жеттің мұратыңа. Жат жабысып 
тас  еденде!  –  Надзиратель  темір  есікті  сақырлата  құлыптап 
болып,  көздей  тесіктен  сығалап  бірауық  қарап  тұрды  да  кетіп 
қалды.
Рысқұл аң-таң. Оның түкке түсінбей тұрғанын сезген қонақ:
–  Здравствуйте! – деп қолын ұсынды. Рысқұл палуандықпен 
аты шыққан-ақ азамат еді, мынаның күректей қолы Рысқұлдың 
қолын көміп кетті.
«Бұл әдейі сыр тартпақ үшін жіберіп отырған жансызы болды 
ғой, сірә».
Рысқұлды  тергеуге  жиі  алып  баратын.  Сұрақты  көзілдірік 
киген  бір  арық  орыс  алушы  еді.  Жіңішке  ауруға  ұшыраған 
адамдай ілмиген біреу. Сірә, көп өмір сүрмесіне көзі жеткен соң 
ашынып, ашуын тұтқындардан алғысы келе ме, сорлы, әйтеуір 
азапқа  салатын.  Сонда  Рысқұлдан:
–  Сенің серіктерің кім?
–  Болысты өлтіруді саған кім тапсырды?
–  Патшаға тіл тигізгенің рас па? – Тағысын тағылар. Ұдайы 
сұрайтыны сол. Рысқұлдың айтатыны ұдайы бір жауап. Ақыры 


169


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет