174
Қызыл жебе
– Рыс-кул, – деп буынға бөліп созып айтты Бронников. –
Рысқұл. Ал мұнда қандай жағдаймен келіп қалдыңдар?
– Не дейді? – деді Рысқұл.
– Мұнда не үшін отырсыңдар дейді.
– Е, ол ұзақ хикая де, – деп Рысқұл қисая кетті.
– Е, ол
ұзақ әңгіме, – деді Тұрар Бронниковке.
– Түсінікті, – деп Александр баланың иығын сипалап тауып
алып, арқасынан қағып-қағып қойды. – Уақыт көп, құдайға
шүкір жата-жастанып асықпай тыңдап алармын. Ал енді мына
қандаланы қайттік? Мені буып бара жатыр. Сірә, жатырқағаны
ма? Сендерге тимейді-ау деймін өздері?
– Не дейді? – деді Рысқұл.
– Әшейін қандаланы айтады. Буып бара жатыр дейді.
– Сорлының қаны тәтті шығар, – деп Рысқұл мырс етті. –
Таланып көрмеген екен әлі. Айт оған таланғанның көкесі қандай
болатынын. Әй, тамыр...
Рысқұл Бронниковтың тізесіне қолын салды. «Өзінің аяғы да
бураның саныңдай екен-ау»,– деді ішінен.
– Әй, тамыр! Сен қандалаға өкпелеме. Қандала деген не ол!
Атжалманды айт. Атжалманға талатқан жоқ па сені?
– Что он говорит?
Тұрар орысшалап берді.
– Нет-нет! – деп тұла бойы тітіркенгендей болды
Б р о н н и ко вт ы ң .
– Ә, ендеше тыңда. Мына мені осы камераға әкеліп тыққаннан
кейін бір аптадан соң үш атжалман әкеліп қоя берді. Үшеуін де
әбден ашықтырып, жалаңдатып қойған екен, арамдар. Есінде
болсын, тамыр, дүниеде аш атжалманнан аш қасқыр әлдеқайда
артық. Талап жей бастаған кезде шыбын жаның шырылдап,
кірерге тесік таппай сорлайсың. Ұстайын десем ұстатпайды.
Ұрайын десем – таяқ жоқ. Екі қол, екі аяғыңды қашанға дейін
ербеңдетесің? Бірақ мен қулығымды асырдым, атасына нәлет.
Өтірік өлген болып, тырп етпей қалам. Сол кезде атжалман, атаңа
нәлет, аяғыңды қамсыз қарпи бастайды. Шап беріп ұстап аламын,
қолымды талап, қанын судай ағызады. Бір мыжып қалсам – жаны
шиқ деп шығад та кетеді. Әне, тамыр, сондай да болған. Құдай