Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет88/125
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#20913
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   125
Байланысты:
2 5364181919527341766

Қызыл жебе
–  Шыда! Жігіт те осыны сөз дей ме екен? Баяғыда біз бала 
кезімізде шашымызды шалдар қойдың қабырғасымен қыратын. 
Соған  да  шыдаушы  едік,  –  деп  қайрайды.  Тұрардың  көзінен 
ытқып-ытқып  жас  шығады.  Бірақ  дымын  шығармайды.  Төзіп 
бағады.
–  Әлімбек атасындай батыр ғой, – деп Рысқұл мақтап қояды. 
Бала соған мәз.
Әлімбектей  болу  –  баланың  ежелгі  арманы.  Еркелетуге, 
мақтауға  сараң  Рысқұл  өзін  Әлімбек  сынды  батыр  бабасына 
балағанға Тұрардың төбесі көкке жеткендей боп едәуір марқайып 
қалды.
Шашының өсіп кеткені де рас еді. Тиын жинап, шөп базардағы 
шаштаразға барып алдырайын десе Приходько мырза:
–  Алдырма!–деп  тыйып  тастады.  Оның  бұл  қылығына 
Тұрар  түсінбеп  еді.  Ал  әкесі  қиналып  отыр.  Баланың 
қасарысқан қайратты, киіздей қалың шашын тобылғыдай қатты 
саусақтарымен  сипалап  отыр.
Бронниковты  қандала  буа  түседі.  Рысқұл  мен  Тұрарды  да 
шағады. Әйткенмен, жаңа келген кісінің қанын таңсық көргендей 
талайды.  Бронников:
–  Тұп-тұтас тас камераның бұл қандала қай жерінен шығады, 
– деп таң қалады. Екі қолы тыным таппай үсті-басын қасиды.
–  Қансорғыш хайуанды қайдан шығады дерің бар ма, – дейді 
Рысқұл  Тұрардың  аудармасынан  кейін.  –  Әлі  үйренесің.  Адам 
үйренбейтін  нәрсе  жоқ.  Шыда!  Сен  өзің  Петербордан  келсең 
ақсүйектің  тұқымы  шығарсың,  қандала  көрмеген.  Ал  мына  біз 
қандала  деген  тамырмен  жөргегімізден  таныспыз.
Бронников күлді.
–  Менің кім екенімді айту үшін көп уақыт керек. Үлгірерміз 
әлі. Мезгіл мол. Не бітіреміз ақыры. Ал қазір ұйықтайық. Балақай 
да таңертең тұрады екен.
Бірақ  Бронниковтың  көпке  дейін  көзі  ілінбеді.  Қандала 
үсті-басын  ісіндіріп  жіберген.  Денесі  дуылдап,  тұлып  болып 
кеткендей.  Бірақ  ұйқы  да  арсыз,  кірпігі  айқасып,  ұйқы  шіркін 
оны  алыстағы  Петербургке  әлдилеп  алып  бара  жатады.


178
Қызыл жебе 
Көз  шырымын  алар-алмас,  Рысқұл  баласын  иығынан 
жұлмалап:
–  Оян, Тұрар! Надзиратель келгенше тағы тыңдап ал! – деді.
X
Мизам ұшқан жылы күздің күні еді. Төніп тұрған тажал жоқ. 
Аспан ашық, аспан жәудіреген жас баланың көзіндей әдемі-ақ. 
Төңірек бәле-жаладан жырақ сияқты. Тек әуеде бөдене аңдыған 
қырғилар ғана қанжар қанаттарын кейде жайып, кейде жасырып, 
жем іздеп жүр.
Осындай бейбіт күннің бірінде Алсай-Сәлікті түлен түрткендей 
түгел үдере көтеріліп, Дауылбай ауылына аттанған.
Әлгі  аттылы-жаяулы  дүрмек  ауылдың  үстінде.  Шәңке 
бұлақтың басындағы зираттың тұсынан өтіп бара жатты. Топырақ 
дымы  әлі  кеппеген  жас  төмпешіктің  жанына  жеткенде  бәрі  де 
ошарыла берді. Кеше ғана тірі жүрген жан. Үп еткен тіршілігін 
үмітпен алдандырып, ақ тілек қана айтып жүрген адам еді. Бұл 
итше ырылдасқан сұм дүниеде Бердіқұл деген адам ешуақытта 
болмағандай,  төбешік  моп-момақан.  Тіршілікте  иесі  қандай 
момын  болса,  моласы  да  жұп-жуас.
Рысқұл  аттан  құлай  түсіп,  ағасының  қабірі  алдында  тізесін 
бүгіп,  шөкелеп  жығыла  кетті.  Құран  білмеуші  еді,  дұға  оқи 
алмады.  Отырды,  отырды,  ақыры:
–  Көке-ау! Не жаздық, не болдық? Енді не істейміз, айтсаңшы! 
–  деп  төмпешікті  құшақтай  құлады.  Топырақ  жып-жылы  екен, 
бетінен  Бердіқұл  сүйгендей  тұла  бойы  дір  етті.  Тек  топырақ 
бейнесіне еніп кеткені болмаса, ағасы тірі сияқты. Өз қолымен 
көмсе  де,  көңілі  суымаған  көкірегі  құрғыр  әлденеден  үміткер.
Біреу келіп, қолтығынан көтерді.
–  Сен бордай тозсаң, басқамыз не боламыз! Тұр былай! Аз 
атаның баласы жалғыз қыран өзің бе деп жүргенде, не мынауың?
Бұл Ахат еді. Жасы ұлғайған, бірақ жүзінен шырай, көзінен 
нұр  таймаған,  бурыл  сақал  Ахат  Рысқұлды  тізесінен  басып  өз 
жанына  отырғызды.  Көнетоз  қара  барқыт  тақиясын  баса  киіп 
алды.  Сонан  соң  дұға  оқыды.
Бәрі бата қылды. Әлдекім дауыстап еді, Ахат ақырын ғана:


179


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет