Шерубай Құрманбайұлы мемлекеттік тілдегі терминология


ҰҒЫМДАР ЖҮЙЕСІН ТҮЗУ – БІРІЗДЕНДІРУДІҢ МАҢЫЗДЫ САТЫСЫ



бет18/34
Дата20.08.2023
өлшемі280,11 Kb.
#105419
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   34
Байланысты:
терминология книга

ҰҒЫМДАР ЖҮЙЕСІН ТҮЗУ – БІРІЗДЕНДІРУДІҢ МАҢЫЗДЫ САТЫСЫ


Әдетте терминтануда ұғым, ұғымның түрлері, ұғымдар ара- сындағы қарым-қатынас, ұғымның мазмұны мен көлемі жан-


жақты қарастырылады. Ұғымды анықтаудың түрлері мен тип- тері назардан тыс қалмайды. Ұғымдарды іштей бөлу мен оларды жіктеудің ережелері сипатталады. Әсіресе арнаулы ұғымдардың өзара байланысы, жүйесі терминжүйе түзуде негіз етіп алынады. Көптеген ұғымдардың анықтамалары болмайды, барлары ескір- ген, ғылыми ұғымның қазіргі мазмұнына сай болмай шығады. Сондықтан кейде ғылыми еңбектер, оқулықтар мен әдебиеттер- де сол ұғымға жақын, іргелес ұғым түсініктемелері беріліп жа- тады. Бұл салалық арнаулы ұғымдар анықтамаларының дұрыс берілмегендігінен, оларды топтау, жүйелеу жұмыстарының тиісті деңгейде жүргізілмеуінен болатын кемшіліктер. Термино- логияны реттеу, біріздендіру жұмысын алғаш қолға алып, бұл мәселені арнайы зерттеп, теориялық, практикалық-әдістемелік еңбектер жазған ғалым Д.С. Лотте ұғымдар жүйесін түзіп, соған сүйене отырып терминдерді біріздендірудің (реттеудің) 5 саты- сын атап көрсетеді. Олар:

    1. Тиісті ғылым мен техника саласының негізін анықтау.

    2. Ұғымдарды іріктеп, оларды жүйелеу және топтастыру.

    3. Ұғымдардың жіктемесін жасау.

    4. Ұғымдарға анықтама беру.

    5. Тілде бар синонимдер қатарынан терминдерді іріктеп алу, жаңа терминдер жасау.

Ғылым мен техниканың барлық саласында сол арнаулы сала- ны құрайтын ұғымдар жүйесінде әр ұғымның өз орны бар. Әр ұғым өз орнында тұруы арқылы ғана ұғымдар жүйесін түзеді. Ол ұғымдар өзара тіке және көлденең байланыста болады. Мы- салы, бастауыш = баяндауыш = анықтауыш = толықтауыш = пысықтауыш сияқты сөйлем мүшелерін білдіретін бір деңгейде тұрған арнаулы ұғымдар арасында көлденең байланыс бар. Ал сөз
төл сөз, кірме сөз; сөйлем → жай сөйлем, құрмалас сөйлем; дыбыс → дауысты дыбыс, дауыссыз дыбыс; қосымша → жұр- нақ, жалғау; тәрізді бір-бірінен туындайтын бағынысты немесе бағындырушы қатынастағы және бірі тар ұғымды, ал екіншісі оған қарағанда әлдеқайда кең ұғымды білдіретін ұғымдар өзара
тіке байланыста болады. Белгілі бір ғылым мен техника саласын- дағы ұғымдар жүйесін түзуде әр ұғымды өз орнына қойып, олар- дың өзара байланысы мен қатым-қатынасын, иерархиясын нақты көрсету өте маңызды.
Жалпы лингвистика ғылымында, терминтануда терминнің өзіндік табиғатын немесе тұтас бір саланың терминологиясын тануда да ғылыми ұғым, арнаулы ұғым басты орынды иеленді. Ұғымның мазмұнын толық ашып, оның ең негізгі белгілерін түгел қамтығанда ғана сол ұғымды дәл бейнелейтін сәтті термин жаса- лады. Дұрыс түзілген, әр ұғымы өз орында тұрған ұғымдар жүйе- сінің ішкі байланыстарын, олардың тіке және көлденең қатынас- тарын сол қалпында бейнелейтін ұғымдар жүйесіне негізделген терминдер жасау арқылы ғана мінсіз салалық терминжүйе жасауға болады. Міне, сондықтан да терминологияны біріздендіру үшін ұғымдар жүйесінің дұрыс түзілуі негізгі рөл атқарады. Нақты- рақ айтар болсақ, терминологияның бірізденуі, терминжүйенің сапалы түзілуі салалық ұғымдар жүйесінің қалай құрылғанына тікелей тәуелді. Сондықтан терминологиялық жұмысты жүргізу- ге құзыретті кәсіби маман терминші немесе терминтанушы ең алдымен сала ұғымдарының дұрыс түгенделуіне, іріктеліп алы- нуына, ескірген немесе өзектілігін жоғалтқан ұғымдардың шыға- рылып тасталуына, ұғымдардың іштей дұрыс топтастырылуына жете мән береді. Яғни, сала ұғымдарын түгендеу, одан кейін олар- ды іріктеу, іштей жіктеу немесе топтастыру (классификациялау), жүйелеу жұмыстарын рет-ретімен жүргізеді. Терминологияны ұғымдық деңгейде реттеу кезінде сала ұғымдарын іштей топтас- тыру мен жіктеудің маңызы айрықша. Сала ұғымдарын өз ішінде дұрыс топтастырып, жүйелеп, арнаулы ұғымдардың ішкі жүйесін жасау оларды лингвистикалық тұрғыдан талдап-саралап сыртқы жүйені (терминжүйе) де сапалы түзуге тікелей ықпал етеді.
Осы жұмыстар сапалы атқарылғаннан кейін барып термино- логияны лингвистикалық тұрғыдан талдау, саралау, терминдердің мағынасын ашып, анықтамаларын нақтылау, көпмағыналы, омо- ним терминдер арасынан қажеттісін таңдап алу, бірмағыналылық,
мағыналық дәлдік пен пішін үйлесімін, жағымды дыбысталуы мен олардың басқа да терминге қойылатын талаптарға жауап бе- руін, терминдердің тілдік тұрғыдан жүйелілігін тексереді. Тер- минологияны біріздендіру деп отырғанымыз осы жұмыстардың барлығының өз ретімен cатылай жүргізілуі. Енді осы терминоло- гияны біріздендірудің лингвистикалық тұрғыдан жүзеге асуына тоқталамыз.



Біріздендірілген терминжүйе қалыптастыруға лингвистиканың, тіл мамандарының қатысы қандай?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет