Шерубай Құрманбайұлы мемлекеттік тілдегі терминология



бет21/34
Дата20.08.2023
өлшемі280,11 Kb.
#105419
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   34
Байланысты:
терминология книга

Терминдердің омонимдерін болдырмау да терминологияны біріздендіру барысында орындалуға тиісті талаптың бірі. Терми- нологиядағы омонимділік туралы аз жазылған жоқ. Дегенмен бұл мәселеде белгілі терминтанушы ғалым В.А. Татариновтың «... Бірдей дыбысталатын терминдер бір арнаулы салада іс жүзінде кездеспейді десе де болады. Пәнаралық омонимділік бұл тер- минтанудың мәселесі емес, ол – филологияның мәселесі» деген тұжырымын ескерген өте маңызды. Сонда пәнаралық, салаара- лық омонимдер жайы терминтанушылық тұрғыдан соншалықты өзекті мәселе болмай шығады. Осыдан келіп терминологияны біріздендіру кезінде омоним терминдердің бір арнаулы сала ішін- де болмауын қамтамасыз ету негізгі міндет екендігі анықталады. Ендеше терминологияны біріздендіру, стандарттау кезінде осыны ескерген абзал.
Терминнің көпмағыналылығы (многозначность термина)

  • бір терминнің бірнеше мағынаны білдіруі. Терминологияны біріздендіруде мамандарды, көпшілікті шатастыратындықтан, терминнің көпмағыналылығын жою мақсат етіледі. Терминоло- гияда термин бір ғана мағынаны білдіріп, «бір сөз – бір ұғым- ды білдіруі керек» деген талап болғанымен, көпмағыналылық – кездесіп тұратын құбылыс. Соған сәйкес жалпы тілдегі сияқты терминологияға да көпмағыналылық тән деген пікірді ұстанатын ғалымдар да бар. Сондай-ақ көпмағыналы терминдердің кейбір түрлеріне қатысты «Терминдердің жүйелік қатынасы ғылым- білімнің тек бір ғана саласы шеңберінде болады. Түрлі термино- логиялық жүйелерде кездесетін тілдік таңбаны (терминді – Ш.Қ.) көпмағыналы деп есептеуге болмайды» (Толикина) деген пікірді деп ескерген жөн.

Терминологияны біріздендірудің түпкі нәтижесі. «Терми- нологияны біріздендірудің нәтижесі қандай болуы керек?» деген сұраққа келсек, лингвистикалық тұрғыдан қарағанда бірізденген терминжүйе түзіліп, оны құрайтын терминдер кәдімгі терминге қойылатын негізгі талаптарға сай болуы қажет. Сонымен термино- логияны біріздендіру нәтижесінде сала терминдері: 1. бірмағына- лық; 2. синонимдердің болмауы; 3. жүйелілік; 4. ықшамдылық;

  1. мағына дәлдігі; 6. тілдік нормаға сай болуы; 7. экспрессиялық бейтараптық (коннотацияның болмауы) сияқты негізі талаптарға сай болуға тиіс.

Мұнан өзге терминдердің тұрақты қолданысы, қысқарған сөз- дердің көп болмауы, дефиниция анықтығы, терминнің жағымды дыбысталуы, шет тілдерінен енген терминдерді шектен тыс көп болмауы, жалпыға бірдейлік, заманауилық, туынды сөз жасауға қолайлылығы, инварианттылық, уәжділік сияқты талаптар да қанағаттандырылуы тиіс деп саналады. Әрине, мұндай көп та- лаптар қойылғанымен, іс жүзінде осының бәрі орындалатын тер- минжүйе қалыптастыру өте қиын. Мұны мінсіз жасалған термин- жүйеге қойылатын ең жоғарғы және жалпы талаптар деп түсінген дұрыс. Терминологиялық жұмыстарды ұйымдастыру кезінде осы талаптарды орындауға ұмтылу мақсат етіледі. Терминологиялық
жұмыстарды жүргізуші, оны ұйымдастыруға жауапты маман, со- ның ішінде терминологияны біріздендіру ісіне атсалысушылар да аталған талаптардың мән-мағынасын, олардың бір-бірінен айыр- масын білуге тиіс. Сондықтан төменде терминге қойылатын та- лап түрлері атауларының қысқаша анықтамасы беріліп отыр.



Терминге тілдік тұрғыдан қойылатын талаптар, айрықша норма бар ма?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет