Шерубай Құрманбайұлы мемлекеттік тілдегі терминология



бет2/34
Дата20.08.2023
өлшемі280,11 Kb.
#105419
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34

КІРІСПЕ


Терминологияны біріздендіру – терминдер қорын бір ізге түсі- ріп, жүйелеу, нормалау, стандарттау арқылы жүзеге асырылатын маңызды терминологиялық жұмыстардың бірі.


Терминологияны біріздендіру, стандарттау мәселесін өткен ХХ ғасырдың 30-жылдарында Э.К. Дрезен, Д.С. Лотте сияқты ғалымдар бастап көтерген еді. Содан бері бұл мәселе күн тәртібі- нен түскен емес. Әрине, ғылым мен техника тілін жүйелеу, тер- минологияны біріздендіру бағытында жазылған ғылыми еңбек- тер де, атқарылған нақты істер, қол жеткен жетістіктер де бар. Соған қарамастан, әлемнің көптеген ұлт тілдерінің өз ішіндегі және бірнеше тілдің арасындағы терминологияны халықаралық біріздендіру ісі әлі жолға қойылып, толық шешімін таппай келеді. Бұл – біздің тілімізге, қазақ тілінің терминологиялық қорына да қатысты мәселе.
ХХ ғ. басында оқулықтар жазу, ғылым тілін қалыптастыру, ұлт- тық терминдер қорын жасау ісімен Ахмет Байтұрсынұлы бастаған алаш оқығандары айналысты. Алаш зиялылары терминологияны дамытудың стихиялық сипат алып кетпеуі үшін терминдер қорын қалыптастырудың ғылыми қағидаттарын белгіледі. Осы кезеңде қазақша пән оқулықтары жазылды. Тіл, әдебиет, геометрия, ма- тематика, химия, психология, педагогика, астрономия, биология, өсімдіктану сияқты ғылым салаларының негізгі тірек терминдері олардың өздері негіздеп, 1924 жылғы білімпаздар съезінің қаулы- сымен бекіткен ғылыми қағидаттарға сәйкес ұлт тілінде жасал- ды. Алғашқы терминологиялық сөздіктер жарық көрді. Бас-аяғы 15-20 жылға созылған бұл кезең қазақ тілінің терминдер қорын ұлт тілінің өз сөздік қоры мен сөзжасам тәсілдерін іске қоса оты- рып қалыптастыру бағытын берік ұстануымен ерекшеленді.
КСРО құрамына кірген елдердегі білім беру, ғылым мен тех- никаны дамыту саласындағы орыс тілінің үстемдігін орнатып, терминдер қорынының ортақтық сипатын арттыру мақсатында 30-жылдардан бастап, ұлт тілдерінің терминдер қорын өз қала-
уымен жасауына тосқауыл қойылды. Соған сәйкес алаш зиялы- ларының ұстанымы, жасаған қағидаттары ұлтшылдыққа негіз- делген, пуристік бағыт ретінде қатаң сынға алынды. Сөйтіп, терминологияны қалыптастырудың бағыты түбірімен өзгертілді. Орыс тілін үлгі тіл, донор тіл ретінде көрсете отырып, одақ құра- мындағы ұлттық республикалар орыс тіліне негізделген «жал- пысоветтік терминдер қорын қалыптастыруы керек» деген тер- минологияны дамытудың кеңестік жаңа қағидаттары белгіленді. Бұл терминологияны халықаралықтандыру, дәлірек айтқанда оның орыс тілімен ортақтығын арттыруды, ұлттық сипатынан айыруды көздеген ұлт тілдерінің ғылым саласындағы қолданы- сын шектеуді мақсат еткен, ғылыми негізінен гөрі саяси сипаты басым шешім еді. Ұлт ғалымдарының қарсылығына қарамастан, әкімшілік жолмен, мәжбүрлі түрде жасалған бетбұрыс қазақ терминологиясын ұлттық сипатынан айырды. 30-жылдардан бастап, тәуелсіздігімізді жариялаған 90-жылдардың басына дейін кеңестік терминқор қалыптастыру қағидаттары 60 жылға жуық басшылыққа алынды, үстемдік етті. Қазақ терминологиясын рет- теу, біріздендіру, стандарттау, жүйелеу, жетілдіру мен үйлестіру жұмыстарының барлығы орыс тілінің мүддесіне сай Мәскеуде белгіленген терминологияны дамытудың кеңестік қағидаттарына сәйкес жүргізілді. Соның нәтижесінде аты ұлттық, заты кеңестік, орыс тілімен ортақтығы мол терминқор қалыптасты.
Өкінішке қарай, тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін де қазақ тілін ғылым мен жаңа технология, заң шығару мен қаржы-эконо- мика тіліне айналдыруға бағытталған батыл қадам, түбегейлі бет- бұрыс жасалмады. Оны қазақ тілінің осы салалардағы қолданысы мен қазақ тілінде диссертация қорғаған ұлттық ғылыми мамандар даярлаудағы үлес-салмағынан айқын көруге болады.
Айналып келгенде, ұлт тілінің ғылым саласындағы қолданы- сы, ұлт тіліндегі терминдер қорының мол жасалу мен қалыпта- суы, жүйеленуі осы мамандарға тәуелді. Қазақ тілін ғылым мен қазіргі озық технологияның тіліне айналдырғысы келетін ғылы- ми қауым, ұлт зиялылары ғана ұлттық терминқорды қалыптасты-
руға, оны біріздендіруге, жетілдіруге жұмылып қызмет етеді. ХХ ғасыр басындағы алаш зиялыларының жанкешті еңбегі соның жарқын мысалы бола алады. Олар ұлттық терминқорды жасау қа- зақ тілінің ғылым тілі ретінде қызмет етуінің негізгі шарты екенін терең түсінді де, сол жолда жұмылып еңбек етті. Қысқа мерзім ішінде аз ғана оқығандар жүздеген терминдер жасап, қолданысқа енгізді. Қазақ тілін білім беру мен ғылым саласында іс жүзінде қолданды. Бүгінгі ұлттық зиялы қауымның, сала мамандары мен түрлі ғылым саласында еңбек етіп жүрген ғалымдардың алдын- да да осы міндет тұр. Біз өмір сүріп жатқан уақыт – ғылым мен технология ғасыры. Қазақ тілі осы ғылым мен технология тіліне айналмайынша оның бағы ашылып, қолданысы кеңеймейді. Ал ұлттық ғылым тілінің өзегі – біріздендірілген, жүйеленген ұлт- тық терминқор. Онсыз қазақ тілінің ғылым мен сан алуан арнау- лы салалардағы қолданысын қамтамасыз ету мүмкін болмайды. Оған сала мамандарының ғана құзырындағы практикалық жұмыс деп қарау осы істің мәнін түсініп маңызын білмеуден туындай- ды. Терминологияны ұлт тілі негізінде жасау мен біріздендірудің мемлекеттік, ұлттық деңгейде мән берілуге тиіс аса маңызды мін- дет болатындығы да сондықтан. Сол себепті ұлттық терминқорды қалыптастыру мен оны біріздендіруге аса қажетті, қазақ тілінің ғылым саласындағы қолданысын, заманауи ғылым тілі ретінде қызмет етуін қамтамасыз етуіне негіз қалайтын маңызы зор іс деп қарау керек.
Қазір латын қарпіне негізделген жаңа әліпбиге көшуге дайын- дық жұмыстары жүргізіліп жатуына байланысты жаңа емле ере- желерін жасау, оны ғылыми қауым талқысынан өткізу кезеңінде тұрмыз. Мамандар тарапынан осы бағыттағы жұмыстар атқа- рылып жатыр. Дәл осы кезеңде ұлттық терминқорымыздағы кір- ме терминдерді латын қарпімен таңбалаудың қызу талқыланып жатқандығы әліпби алмастыруда термин мәселесінің өте өзекті болып отырғанын көрсетеді. Жаңа әліпби мен оны пайдалана отырып жазуға арналған емле ережелері жасалғаннан кейін кір- ме терминдерімізді соған сәйкес таңбалау міндеті туындайды.
Міне, осы жұмыс терминологияны біріздендірумен тығыз бай- ланыста атқарылуға тиіс. Латын әліпбиіне көшу кезінде көпте- ген терминдер жаңаша жазылып, олардың түр-тұлғасы өзгеріске ұшырайтындықтан алдағы уақытта терминдерді біріздендірудің мән-маңызы бұрынғыдан да арта түседі. Сондықтан осы әдісте- мелік құрал біріздендіру жұмысының салалық, тілішілік, тіла- ралық және халықаралық деңгейлерінде кәсіби тұрғыдан жүр- гізілуін қамтамасыз ету мақсатында дайындалып отыр.
Әдістемелік құрал – терминологияны біріздендіру жұмысы- ның мақсат-міндеттерін, саты-саты бойынша қалай жүзеге аса- тынын ғылыми-әдістемелік тұрғыдан негіздеп көрсететін құрал. Ғылыми-әдістемелік құралда терминологияны біріздендіру жұ- мысының қалай жүргізілетіндігі, басқа терминологиялық жұ- мыстармен байланысы мен олардан айырмашылығы көрсетілді. Бұл еңбек терминологиялық жұмыстарды үйлестіруші мемлекет- тік органдар мен ғылыми мекемелер қызметкерлері терминоло- гияны біріздендіру жұмысын ұйымдастыру, жүргізу барысында басшылыққа алуына арналған. Егер құрал осы міндетін атқарса, мақсатымыздың орындалғаны деп білеміз.
Осы ғылыми-әдістемелік құралды оқып, талқылауға қатысқан, ұсыныс-пікірлерін білдірген әріптестер филология ғылымының докторлары С.Әлісжан, С.Исақова, Қ.Айдарбек, О.Жұбаева, фи- лология ғылымының кандидаттары С.Құлманов пен Б.Жонке- шевке және терминологиялық жұмыс тобының мүшелеріне алғы- сымызды білдіреміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет