БІРІЗДЕНДІРУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ТІЛІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚТАНДЫРУ ҮРДІСІ
Әр ұлттың өз тілінде термин жасап, оларды қолданысқа енгізуі арқылы терминқорының ұлттық сипатын арттыруға ұмтылуымен
қатар, керісінше, терминологияның халықаралық сипатын арт- тырып, баршаға ортақ терминдер қорын көбейтуді көздейтін де үрдіс бар. Осы үрдіс арнаулы мақсаттар тілінің (LSP) өзегі бо- лып саналатын терминологияны қалыптастырумен тығыз байла- нысты. Терминологияны халықаралықтандыру мақсатын көздеу- шілер екі бағытта жұмыс жүргізу қажеттігін айтады: 1. Әртүрлі ұлт тілдерінде бірдей қолданылатын ғылыми терминдерді, атау- ларды көбейту арқылы жалпы адамзатқа ортақ терминқорды қалыптастыру; 2. Жасанды тіл жасау арқылы халықаралық дең- гейдегі кәсіби қарым-қатынас мәселесін шешуді көздейтін интер- лингвистикалық бағыт.
Бірінші бағытты қолдаушылардың бірі З.Стоберский бүкіл адамзатқа ортақ терминқорды ғылыми жаңалық ашқан немесе техника саласында жаңа нәрсе ойлап тапқан елдің тілінде атауды ұсынды. Ол әсіресе халқының саны аз ұлттар тілінде термин жа- сау арқылы өз ұлттық терминқорын қалыптастыруға ұмтылуды жалпыадамзаттық мүдде мен ғылыми-техникалық дамуға кедергі келтіру деп санайды.
Әрине, бұл ұстанымды қолдайтын ғалымдармен бірге, оған мүлде келіспейтін, қарсы пікірдегі ғалымдар да өте көп. Бірақ ұлттық әдеби тілдерді сақтай отырып, әлем халықтарына ортақ терминдер қорын құру қажет деп санайтындар өз ұстанымда- рынан айнып отырған жоқ. Осы екі бағытты жақтаушылар бүкіл әлемде де, біздің ел ішінде де бар. Терминологияны дамытудың жалпы бағытын айқындаудың, ғылыми қағидаттарды белгілеудің қиындық туғызып отырғаны да сондықтан.
Әлем халықтарына ортақ терминқорды молайту арқылы тер- минологияны халықаралықтандырып, әлемдік деңгейдегі ғылы- ми-техникалық қарым-қатынасты қамтамасыз ету бағытын ұстанушылардың негізгі дәлелі эсперанто, интерлингва сияқты қосалқы тілдерді жасау.
Ғылыми қарым-қатынасты жеңілдету мен ұлттық және әлемдік терминқорды қалыптастыруға байланысты осындай бір-біріне қа- рама-қайшы екі бағыттың болуына байланысты халықаралық тер-
мин мәртебесі де айқын емес. Ғалымдардың бір тобы «мұндай тер- миндер бар, олардың қорын молайту маңызды» десе, екінші тобы
«халықаралық термин деген ерекше мәртебелі термин жоқ, тер- миндердің басым көпшілігі ұлт тілдерінде жасалуы қажет» дейді.
Терминологияны біріздендіруде қай бағытты ұстану керек екендігін айқындап алудың маңызы айрықша. Әзірге терминқор- ды дамытудың белгіленген қағидаттардың болмай отыруына байланысты біріздендірумен айналысушы, терминологиялық жұ- мыстарды ұйымдастырушы мамандардың бұл мәселеге қатысты ғалымдар пікірі мен дәлелдерін білгені жөн.
Сонымен қазіргі қазақ терминологиясында арнайы назар ауда- руды қажет ететін мәселенің бірі – тілімізге өзге тілдерден орыс тілі арқылы еніп, «халықаралық терминдер» деген атқа ие болып жүрген жүздеген атаулар. Мұндай атаулар көбінесе Еуропа мен ТМД елдерінің бірқатарында қолданылады. Бұл санатқа жата- тын атауларды аудару-аудармау, қабылдау, жазу туралы тілші-ға- лымдар мен салалық мамандардың пікірлері сан қилы. Бізде бұл мәселе соңғы жылдары мамандар назарына жиірек іліге баста- ды. Дегенмен, жан-жақты зерттелген, ғылыми тұрғыдан толық шешімін тапқан мәселелердің қатарына қосуға әлі ертерек. Нақты- лайтын тұстары баршылық. Жалпы шет тілдерінен қабылданған терминдерге деген көзқарастың терминология дамуының әр ке- зеңінде әртүрлі болғандығы байқалады. Оны терминология да- муының әр кезеңінде осы терминдердің қалай аталғандығынан да көруге болады. Жиырмасыншы жылдың бас кезіндегі Ахмет Бай- тұрсынұлы бастаған қазақ оқығандары өзге тілден қабылданған сөздерді «жатсөздер»,«кірмесөздер»,«бұратанасөздер», «бөгде сөздер», «қотыр сөздер», «бұралқы сөздер» деп атап, бұл сөздердің тілімізге көптеп кіруін тілімізді шұбарлау ретінде қа- былдаса, 30-жылдардан кейін бұл атауларға «интернационалдық терминдер», «халықаралық терминдер» деген ат беріп, мұндай атаулардың көптеген халықтардың тілдеріне ортақтығы, ғылым- білім саласындағы қарым-қатынасты жеңілдететіндігі баса айты- ла бастады. Өзге тілдерден енген сөздерді төл сөздеріміздей көр-
мей, оларды жат,кірме,бөгде,қотыр,бұралқы,бұратанадеген анықтауыштармен беру тіл тұтынушыларының, зиялылардың бұл сөздерге деген сол кезеңдегі көзқарасын білдіреді. Бертінде ондай сөздерді белгілі бір халық тілінің шеңберімен ғана шектелмей- тін, бірнеше тілге қызмет ететін әмбебап сөздер ретінде оларға
«халықаралық» деген айрықша статус беріп тілімізге көптеп қа- былдаудың прогрессивтік жағы атап айтылды. Қоғам дамуының, терминология қалыптасуының әр кезеңіндегі шет тілдерінен ен- ген сөздердің түрліше аталуы бір қарағанда соншалықты назар аудара қоятындай мәселе сияқты көрінбеуі де мүмкін. Ал шын мәнінде бұған елеусіз қалдыра салатын ұсақ-түйек нәрсе деп қа- рауға да болмайды. Өйткені дәл сол атаулар арқылы ұлт зиялы- ларының, ғылыми жұртшылықтың, көпшілік қауымның кірме сөздерге берген бағасын көруге болады. Өзге тілден енген тер- миндердің мұндай атаулары тек атауыштық қана емес, сонымен бірге бағалауыштық қызмет те атқарып тұр. Бұл тек лингвисти- калық тұрғыдан ғана емес, әлеуметтік, психолингвистикалық тұрғыдан да қарастыруды, арнайы мән беруді қажет ететін, тіл үшін маңызды мәселе. Мұндай нәрсеге қоғамдық сананың экс- тралингвистикалық факторлардың ықпалымен немесе табиғи жолмен өзгергендігін, болмаса мәжбүрлеу жолымен өзгертілген- дігін анықтауға негіз болатын тілдік-тарихи дерек ретінде қарауға да болады. А.Байтұрсынұлы, Н.Төреқұлұлы, Х.Досмұхамедұлы сияқты ұлт зиялылары бастаған қазақ қауымы өзге тілден енген термин сөздерді «жат сөздер» десе, неліктен олар кейін «интерна- ционализмдер», «халықаралық терминдер» деп аталды?
Бізде сонау отызыншы жылдардан бастап күні кешеге дейін терминдерді өзге тілдерден өзгеріссіз қабылдауды прогресшіл- діктің, интернационалист болудың белгісі ретінде қабылдау, со- лай насихаттау орын алып келді. Тек 90-жылдардан бермен қарай ғана Ә.Қайдар, Б.Қалиұлы, Ә.Жүнісбек сынды тілші-ғалымдар мен салалық мамандар, жалпы зиялы қауымның жекелеген өкіл- дері өзгеше пікірлер айта бастады. Мұны да ел өмірінде болған өзгерістердің қоғамдық санаға әсері, санадағы сілкіністердің
көрінісі деп тануға болады. Дегенмен, кешегі кеңестік білім беру жүйесі миллиондардың санасына халықаралық терминдер туралы біржақты түсінік қалыптастырғаны анық. Сондықтан да бүгінгі таңда ондай атауларды орынды-орынсыз қорғаштап, бұрынғыша өзге тілдерден дайын терминдерді лек-легімен қабылдай беруге бейілділердің аз болмауы да табиғи нәрсе. Оған таңданудың қа- жеті жоқ. Біздің қазіргі міндетіміз – кешегіміздің кемшілігі мен жетістіктерін сараптай отырып, бұл мәселеде алдағы уақытта ұстанатын ғылыми негізделген байыпты бағытымызды белгілеу. Әрине, бұл тұста бізге кешегідей терминологиямызды шектен тыс халықаралықтандырамыз, советтік терминқор жасаймыз деп, біржақтылыққа ұрынғанымыз сияқты, тап-таза ұлттық тер- минология қалыптастырамыз, тілімізді тазалаймыз деп, шет тіл- дері сөздерінің бәрін жау көретін екінші бір шеткерілікке, бір- жақтылыққа бой алдырып алмау жағын да ұмытпауымыз керек. Өзге тілдерден сөз қабылдамай, сөз алмасу, термин алмасу про- цесіне мүлде тосқауыл қойып тастау мүмкін де, қажет те емес. Тілдер арасындағы өзара сөз алмасу қашан да болған, бола да бе- реді. Шет тілдері терминқор қалыптастырудың сыртқы көзі ретін- де орнымен пайдаланылса дұрыс, ал ұлт тіліндегі термин шығар- машылығын шектеп, өзге тілдерден термин қабылдауға жаппай жол беріп қарап отыру – шарасыздық. Тілдің бағын байлайтын, мүмкіндігін шектейтін ондай әрекетсіздіктің жалғаса беруіне немқұрайды қарауға болмайды. Кеңестік кезеңде терминология- ны халықаралықтандыруға баса назар аударылғанына қарамастан, сол 70-80-жылдарда да идеология мен жалпы ағымның ыңға- йында кете бермей, өзіндік пікірлерін айта білген, құнды тұжы- рымдар жасаған ғалымдардың да болғанын айту керек. Мәселен, В.А.Гречконың терминнің қандай болуы қажеттігі жөніндегі мақаласындағы мына тұжырымына назар аударып көрелік. Ға- лым: «Геология и минералогия, например, располагают многими тысячами заимствованных терминов. И что же? Безоглядное за- имствование иноязычных слов обрекло все грядущие поколения на изучение геологии как науки и как какого-то малознакомого
языка. Это, конечно, создает дополнительные трудности в освое- нии науки. Выдержанные на национальной русской основе понятия и концепции этих наук усваивались бы легче.» [Гречко В.А. Каким должен быть термин?// Актуальные проблемы лексикологии и словообразования. –Новосибирск, 1976. С.102.], – деп жазды.
Ғалымның бұл пікірі өте орынды айтылған. Бізде ғылымды игеру сол ғылым тілінің негізгі кілті (терминдерді) жұмбақ атау- ларды жаттаудан, жадыңа тоқудан, алдымен сол атаулардың мәнін ашып, не мағына беретіндігін біліп алудан басталатыны белгілі.
«Бастауыш» деген терминнің сөйлемнің басында тұратын бас мүше екендігін, ал анықтауыштың анықтайтын сөздің алдынан келетін сөйлем мүшесі екенін, ана тілінде тілі шыққан кез келген оқушының алғаш естігенде-ақ тұлғасына қарап тұспалдайтынын, ал кейін оның сөйлемдегі қызметі мен анықтамасын білген соң ешқашан ұмытпайтынын дәлелдеп жату артық. Себебі «бастау»,
«анықтау» сөздерінің мағынасын тіл ғылымын әлі оқымағанына қарамастан, қазақша тілі шыққан әр бала біледі. Термин мағына- сының ұғынықтылығы (прозрачность термина) мен тұлғасының таныстығы ғылым-білімді игеру кезінде ғана емес, оның ұзақ уақыт есте сақталуына, оңайлықпен ұмытылмауына да себеп бо- лады. Сонымен қатар шет тілдерінің терминдерін ұзақ жылдар бойы біз өз тілімізге орыс тіліндегі қалпында өзгертпей қабылдап келеміз. Ондай терминдердің әдеби тілдің жалпы лексикасынан айрықша оқшауланып, тілге кірікпей, тұлғалық, дыбыстық өз- гешелігін көрсетіп, бөлектеніп тұратындығы байқалады. Алаш зиялылары олардың осындай жаттығын жасырмай, өзгешеленіп тұратын қасиетін байқағандықтан да кезінде «жат сөздер» деп атаған болар. Бұл тұрғыда сол 80-жылдарда-ақ латыштардың кір- ме атауларды өз тіліне қабылдау қағидаттарын дұрыс белгілегені назар аудартады. Кезінде А.А. Реформатский де «өз тіліміздің сөздерінің арасында халықаралық терминдер жатжұрттық болып тұрмауы үшін, кірген тілінің тиісті қосымшаларын қабылдап, септеліп т.б. өзгерістерге ұшырауы керектігін» [А.А.Реформат- ский. Мысли о терминологии//Современные проблемы русской
терминологии. М.,1986. С.172.] атап көрсетсе, В.П.Скуиня да өз мақаласында былай деп жазады: «Чтобы заимствования лучше включились в общую систему заимствующего языка, при заим- ствовании иноязычных терминов следует соблюдать требования фонетико-морфологического принципа. Фонетический аспект этого принципа предусматривает благозвучность заимствования и соответствие его фонетическим нормам заимствующего (сис- тема звуков и букв, законы звуко- и буквосочетаемости и т.д.) морфологический аспект предусматривает соблюдение правил морфологической структуры и грамматикализации слов в заим- ствущем языке» [Скуиня В.П. Принципы заимствования иноя- зычных терминов в латышской научной терминологии//Пробле- мы разработки и упорядочения терминологии в академиях наук союзных республик. М.,1983. с.253.].
Сонау ХХ ғасырдың басында-ақ алаш зиялылары жасап, ресми бекіткен терминология қағидаттары бойынша кірме сөздер біздің тілдің заңдылықтарына бағынып, бейімделіп алынуға тиіс бола- тын. 30-жылдарда мұндай қағидаттар қатты сынға алып, «кірме сөздерді қорламай дәл орыс тіліндегі қалпында жазу керек» деген тұжырым жасалды. Содан кейін өзге тілдерден термин қабылдау- да сол тұжырымы басшылыққа алынды. Соңғы жылдары бірқа- тар тілші-ғалымдар тарапынан бұл мәселе қайта көтеріліп, ор- фографиялық ережелерге тиісті өзгерістер енгізу жөнінде нақты ұсыныстар айтылғанмен, дәстүрге айнала бастаған қағидаттар әлі басшылыққа алынып келеді. Жекелеген атаулар мен термин сөздерді (Мәскеу, бәнкі, зауыт, станса, кәбіл, нөмір, пәлте, пәл-сапа, пойыз, режім, рөл, тауар т.б.) бұрынғы орфографиялық ережелерді бұзып жазып жүргенімізбен, аталған ереже, қағидат- тарға өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, жаңалары әлі ресми түрде заңдастырылған жоқ. Ұлттық терминқор қалыптастыруда термин сөздердің этно-мәдени, ұлттық мағынасын ескеруге де біз жеткілікті көңіл бөліп келдік деп айта алмаймыз. Бұл жөнінде ре- сейлік тілші-ғалым М.Н. Володинаның кеңестік кезеңде айтқан төмендегі пікірі де назар аудартады. Ғалым: «Внутренняя фор-
ма» термина нередко несет в себе дополнительное, специфически национальное значение, так называемый «семантический фон», обусловленный лингвистическими моментами, сопровождаю- щими образование соответствующего термина.» – деп жазады. [Володина М.Н. Соотношение национальных и интернациональ- ных элементов в терминологической лексике// Филологические науки. 1984. №3. С. 77-81.]
Ұлттық терминқор қалыптастыру, терминқорымыздың ұлт- тық сипатын арттыру туралы сөз қозғалғанда мәселенің осы қырын ескерусіз қалдыруға болмайды. Жоғарыда келтірілген В.А.Гречконың пікірімен үндесіп, В.Н.Володина айтқан тер- миннің «ішкі пішінінің» кірме терминдерге қатысты қырын аша түсетін Т.Р.Кияктың тұжырымы да ескеруді қажет етеді. «Следует учитывать тот факт, что внутренняя форма терминов интернацио- нализмов часто «затемнена» употреблением международных словообразовательных морфем, чрезмерное увеличение которы- ми может существенно затруднить взаимопонимание» [Кияк Т.Р. Мотивированность как возможный критерий отбора и упорядоче- ния терминов-интернационализмов//Научно-техническая инфор- мация. Сер. 1. 1985. №10. С. 15-19.].
Көріп отырғанымыздай, терминологияны халықаралықтан- дыру бағытын ұстанған кездің өзінде ғалымдар, ондай термин- дерді шектен тыс көп қабылдай берудің, қабылдаушы тілдің заңдылықтарына икемдемеудің ұлт тіліне зиянын тигізетінін дәлелдейтін тұжырымдар жасаған. Өкінішке қарай бізде жетпіс жыл көлемінде халықаралық атауларды асыра дәріптеу, оларды прогрестің жаршысы, әлемдік ғылымды игерудің кілті, халықтар достығы мен ғылыми ынтымақтастықтың көрсеткіші ретінде түсіндіру орын алып келді. Соның салдарынан шет тілдерінің терминдері шектен тыс көп қабылданып, терминқорымыздың ұлттық сипаты әлсіреді. Ұлт тіліндегі термин шығармашылығы тежелді.
Кейде «ұлы тіл» деген тіркесті орынсыз қолданып, немесе кең тараған ұлттардың тілін үлгі ретінде ұсынып, терминологияны
дамытуда «соларды үлгі етуіміз керек» дейтін де ойлар айтылып жатады. Жалпы алғанда тіл білімі терминологиясында ресми тұрақтаған «ұлы тіл» деген термин қолданылмайды. «Әлем тіл- дері» (мировые языки), «халықаралық тілдер» (международные языки) деген атаулар, нақты ұғымдар бар. Негізінен тілдердің кең тарағандығына байланысты артықшылықтарын айтқанда осы терминдер қолданылып жатады. Құқықтық тұрғыдан заңдас- тырылған БҰҰның ресми және жұмыс тілдері саналатын алты тілді (ағылшын, араб, испан, қытай, француз, орыс) «халық- аралық тілдер» дейтініміз белгілі. Бірақ бұл тілдердің мұндай мәртебені иеленуі олардың өзге тілдерден құрылымдық, сөздік құрам немесе стилдік тармақтарының жақсы дамығандығымен ғана байланысты екен деген біржақты түсінік туындамауы ке- рек. Бұл жерде осы тілдердің иесі, тұтынушысы болып табыла- тын халықтар тұратын мемлекеттерінің саяси, экономикалық т.б. тұрғыдан дамуымен, тілдердің кең таралуымен, яғни тілден тыс факторлар ықпалының да зор екенін естен шығаруға бол- майды. Кеңестік дәуірде жазылған әдебиеттерде, басылымдарда
«ұлы орыс халқы», «ұлы орыс мәдениеті», «ұлы орыс тілі» де- ген тіркестер көп жағдайда өзге халықтармен салыстыра алған- да орынсыз әрі жиі қолданылатын. Кезінде кеңестік идеология арқылы осы ұғымдар қоғам санасына сіңіріліп жататындықтан солай қабылданып, солай болуға тиіс сияқты болып та көрінетін. Кейін келе оның астарында бір тілдің үстемдігін орнату пиғылы жатқандығы баршаға мәлім болды. Бодандықтан арылып, ұлттық сана ояна бастағанда, өз тіліміздің қадір-қасиеті мен мәртебесі жайлы жиі сөз болып, оның да ұлы тіл екендігі айтыла баста- ды. Әділетсіздік қашанда қарсылық туғызады. Кейінгі жылдары орыс тіліне қатысты қолданылғанда «ұлы халық», «ұлы тіл» де- ген тіркестердің тырнақшаның ішіндегі ұғымдар ретінде «өктем халық», «өктем тіл» мағынасында ұғынылады. Шындығында ға- сырлар бойы өркендеп, «халық тілі», «ұлт тілі», «әдеби тіл» дәре- жесіне дейін дами алған тілдердің барлығы да – ұлы тілдер. Саны жағынан салыстыруға келмейтін шағын ғана ұлттың тілінен он-
даған, жүздеген миллиондар мен миллиардтар тұтынатын кең та- раған тілдерден табыла бермейтін ұғым атаулары мен оралымдар, мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестер табуға болады. Сондықтан да әр тіл өзінше бірегей, әр тіл өзінше ұлы. Әртүрлі мәлімет көз- дерінен алған деректерге қарағанда қазір әлемде 5000-нан 7000 мыңға дейін тіл бар деп саналады. Осы тілдердің мұншасы «ұлы тілдер» ал мұншасы «қатардағы тілдер» деп әлемнің ешбір ғұла- масы, бірде-бір көрнекті тілші-ғалымы жіктеп-жіліктеп, бөліп бере алмаса керек. Сондықтан «ұлы тіл» деген тіркесті тілдерді салыстыра айтқанда қолданудың реті жоқ. Оларды жеке бір ұлт тілінің ерекшелігін, бірегей қасиетін, сөздік қорының байлығын, қолданылу аймағын айрықша атап айту керек болғанда қолда- нуға әбден болады. Әр халықтың ата-бабаларынан мұра болып қалған өз ұлтының тілін қымбат та ұлы санауы да табиғи нәрсе әрі солай айтуға қақысы да бар. Ұлт тілдерін халықаралық тер- минологияда орныққан сөздерінің үлес салмағына қарай бағалап, терминалмасым кезінде сол тілдерге басымдық беру қажет деп санайтындар да бар. Шығыс Еуропа мен ТМД елдерінің тілдерін- де ағылшын, француз, неміс сияқты еуропа халықтары тілдерінің сөздері көбірек кездесетіні белгілі. Оны өзіміздің терминқоры- мыздан да көруге болады. Бірақ оны сол тілдердің ұлылығынан деп ұғынуға болмайды. Ғылым-білімнің, экономиканың өркендеу деңгейіне, халықтардың ғылыми-мәдени қарым-қатынасына бай- ланысты белгілі бір халықтың сөздері, терминдері өзге тілдер- ге көбірек қабылдануы мүмкін. Бодан елдер мен дамушы елдер тілдеріне үстемдік етуші елдер тілдерінің жекелеген терминдері ғана емес қоғам өмірінің көптеген салаларында солардың тілі тұтастай үстемдік құруы да мүмкін екендігі белгілі. Cондай-ақ жазба ескерткіштерде сақталған қазіргі қолданыста жоқ өлі тіл- дердің де халықаралық терминологияда үлесі едәуір болуы мүм- кін. Мысалы, латын тілі сөздерінің халықаралық қолданыстағы терминдер қатарындағы үлесі едәуір. Кейде қолданыстағы ұлт тілдерінің қатарында болмағандықтан да өлі тіл болса да, латын тілінің сөздері терминдік элемент ретінде дайын күйінде пайда-
ланылып та жатады. Екінші жағынан алып қарасақ, бір жарым миллиардтан астам адам сөйлейтін БҰҰ-ның ресми тілдерінің бірі қытай тілінің халықаралық терминологиядағы үлесі жоқтың қасы. Ал бұл тілді дамымаған тіл, ұлы тілдердің қатарына жат- пайды деп ешкім де айта алмайды. Керісінше, терминқорын өз тілінің негізінде қалыптастырып отырған сол қытай тілі үшін «ха- лықаралық терминдер» деген ұғым мойындалмайды. Сол сияқты бірнеше араб елдерінің мемлекеттік тілі әрі халықаралық тіл бо- лып табылатын араб пен Үндістандай миллиардтан астам халқы бар елдің тілі хинди тілдерін де халықаралық терминологиядағы үлесіне қарап ұлы тілдер қатарынан алып тастаудың қандай не- гізі бар? Ендеше, тілдердің ұлылығын олардың халықаралық тер- минқорға қосқан үлесіне қарай анықтауға болмайды деген сөз. Соңғы ширек ғасырдан астам уақытта халықаралық терминдер туралы бұрынғыша біржақты айтылмай, олардың табиғатына те- реңірек үңілу нәтижесінде ескеруге тұрарлық тың пікірлер айты- ла бастады. Сондай пікірлердің бірін академик Ә.Қайдаровтың еңбегінен кездестіреміз. Ғалым халықаралық терминдер тура- лы былай дейді: «Тіл-тілдердің арасында ортақ интернациона- лизмдер болмаса, немесе аз болса, ғылым дамымайды, ғылыми қарым-қатынас үзіледі» деп байбалам салудың бәрі бекер. Жер жүзіндегі терминдік ұғымдардың бәрін шет тіл сөздері арқылы емес, өз тілінің негізінде меңгеріп, ғылым мен техниканы дамы- тып отырған қытай, жапон т.б. халықтарды біз жақсы білеміз. Де- мек, ортақ интернационализмдердің қажеттігі ең алдымен елдің саяси-әлеуметтік жағдайына, даму дәрежесіне, оларға деген сұра- ным мен қажеттілікке, әр тілдің өз мүмкіншілігіне байланысты екен» [Қайдаров Ә.Т. Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас.
–Алматы, 1993. 22-б.].
Шындығында да, халықаралық терминдерсіз ғылым дамымай, ғылыми қарым-қатынас әлсірейді деудің негізі жоқ. Біздің халықаралық терминдерге көп жүгінуіміздің ең басты себебі ғылыми ұғымдар жүйесін тілдік тұрғыдан жүйелеп берудің қиындығынан туын- дайды. Терминология мәселесін арнайы зерттеп жүрген ғалымдар
«Егер қандай да бір елдегі ұлттық тілдің ғылыми терминологиясы болмаса және ол жасалып жатпаса, онда ғалымдар терминология- сы қалыптасқан өзге тілге жүгінуге мәжбүр» [Суперанская А.В., Подольская Н.В., Васильева Н.В. Общая терминология: Вопросы теории. –М., 1989. -С.4.] – деп көрсетеді.
Әрине, солай болып жататыны pac. Бірақ мәселеге екінші қы- рынан қарайтын болсақ, біздің тілімізде ғылыми терминология жасалмаған деп үнемі өзге тілдерге жүгіне беруді еш ақтауға бол- майды. Өйткені сол ғылыми терминологиясы жақсы дамыған, қалыптасқан тілдің терминдерін ұлт тілінде жасаған сол елдің ғалымдары мен салалық мамандары. Біз де солай етуімізге бола- ды. Ешбір ұлттың тілін термин жасауға мүмкіндігі жетпейтін тіл деуге болмайды. Мәселе ұлт тілін термин шығармашылығында пайдалануға байланысты. Терминжасам процесінде өз тілімізді пайдаланбай, өзге тілдерден дайын терминдерді өзгеріссіз қа- былдай берсек, терминологиямыз ұлт тілінде жасалып, оның ұлт- тық сипаты артпайды. Сондықтан ғылыми терминологияны ұлт тілінде қалыптастыру – сол тілді тұтынушылардың, ұлттық кадр- лардың қолындағы іс. Халықаралық терминдер жөнінде арнайы сөз қозғаған отандық ғалымдардың бірі – Б.Қалиұлы. Ғалым ха- лықаралық терминдер мәселесіне арнайы тоқтала келіп, оларды таралуына байланысты 5 аймаққа бөледі. Ол «Егер халықаралық терминдер бүкіл дүниежүзі тілдеріне ортақ екендігі pac болса, ол сөздердің Еуропа тілдеріне ғана емес, басқа да Азия, Африка, араб, қытай, жапон, үнді, Индонезия тілдеріне де ортақ болулары керек еді ғой. Жоқ, олай емес. Халықаралық терминдер делініп жүрген атом, газ, йод, цемент, цех сияқты сөздерді Шығыс Азия (қытай, жапон, корей, вьетнам), араб, үнді, Индонезия халықта- рының тілдерінен кездестіре алмайсың. Бұл тұрғыдан алып қа- рағанда халықаралық терминдер дегеніміз, сайып келгенде, бел- гілі бір аймаққа тән ортақ сөздер болып шығады» [Қалиұлы Б. Жат сөздер жағадан ала бермесін//Қазақ тілінің көкейтесті мәсе- лелері. –Алматы, 1997. 108-б.], – дейді.
Жалпы мұндай аймақ құру және ғылыми терминологияны ұлт
тілінде қалыптастыру қытай, жапон тілдерін былай қойғанда, Еуро- па елдерінің тілдерінде де анық байқалып отырған құбылыс. Өткен ғасырдың 70-жылдарында Еуропаның герман тілді елдерінде «ар- наулы мақсаттар тілі» (язык для специальных целей LSP) деген тер- мин пайда болады. Оның туындау себебі – Австрия, Бельгия, ГДР, ФРГ (қазіргі біртұтас Германия), Швейцария елдерінің аумағында арнаулы салалардың тілі ретінде неміс тілін сақтау, фонетикалық, орфографиялық, лексикалық сәйкессіздікті жою. Сөйтіп, терми- нология саласында жұмыс істейтін мамандар ғылым мен техника саласындағы қатынастар неміс тілінде болуы қажет деп тапты. Біздегі халықаралық терминдер оларды өзгертуге болмайды деп жүрген, сондай-ақ Еуропа халықтары тілдерінің де көпшілігін- де біркелкі (орфографиялық және орфоэпиялық өзгешеліктерді есептемегенде) қолданылатын радио, телевидение терминдерінің неміс тілінде Funk-, Rundfunk және Fernsehen түрінде ұлт тілінің негізінде жасалуы мен осы терминдерден көптеген туынды тер- миндердің (Funkanlage – «радиоустановка», Funkspruch – «ра-диограмма»,Fernsehsendung–«телепередача»,Fernsehapparat – «телевизор»)өрбуі терминнің халықаралықтығының шарт- тылығын көрсетсе керек. Чехословакияда 30- жылдардан бастап неміс және латын-грек терминдерінің орнын алмастыратын тер- миндер жасап, терминологияны ұлт тілі негізінде қалыптастыруға берілді. Ал Франция мен Канаданың французтілді аймақтарында ғылым мен техниканың барлық саласындағы ағылшын тілінен алынған терминдерді француз сөздерімен алмастырып, ғылыми терминологияны француз тілі негізінде қалыптастыру бағытын ұстанып отыр. Бұл жұмыс оларда мемлекеттік маңызы бар іс деп саналады. Соңғы жылдары Францияда да ұлт тілінің тазалығын сақтау мәселесіне айрықша мән беріліп, әсіресе, ағылшын тілінің әсерінен арылу жолында белсенді жұмыстар жүргізілуде. Түркі тілдес халықтардың арасында мұндай жұмыс тек түрік тілінде жүргізілді деуге болады. 1932 жылы Ататүріктің тікелей арала- суымен «Түрік тілі» қоғамының өткізген бірінші құрылтайында бірнеше қаулылар қабылданды. Онда халық тілінің байлығын жи-
настыру туралы шешім қабылданды: 1) Халық тіліндегі және ескі кітаптардағы түрік тілінің байлықтарын жинастырып оны жа- рыққа шығару; 2) Түрікше жаңа сөз жасау жолдарын іздестіріп, түрік түбірлері негізінде сөз тудыру; 3) Түріктің жазу тілінде өте көп қолданылып жүрген шет тілдерінен кірген сөздердің орны- на таза түрік сөздерін алып, оларды жарыққа шығару және қа- лыптастыру. Жалпы түркі халықтарының ортақ терминология- лық қор құра алмауына, терминжасам тәжірибелерін бөлісуге мүмкіндіктің берілмеуіне қоғамның саяси жүйесі кедергі болып келді. Тәуелсіз түркітілді мемлекеттердің құрылуына байланыс- ты бұл мәселе көтеріліп жатқанымен түрлі себептерге байла- нысты әзірше нақты жұмыстар қолға алына қойған жоқ. Біздің
«аударуға болмайды» деп жүрген халықаралық терминдерімізді моңғол тілінің игеруі де айрықша назар аудартады. Олар: микро-,авиа, аэро-, анти-, контр-, транс-, моно-, гидро-, нео-, граф-,грамма-, гипер-, супер-, ультра-, архи- сияқты грек, латын тер- миноэлементтерімен келетін халықаралық терминдерді ұлт тілі негізінде игеріп отыр. Мәселен, хэт даралат «гипертония», хэтихэсгэл«гипербола»;бичилхаруур«микроскоп»,бичилгадаргуу